ОҚу курсының каталогы мамандығы 050102 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»



бет12/15
Дата14.06.2016
өлшемі2.03 Mb.
#135156
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15



Пәннің аталуы

3. Қазақ тілінен дидактикалық материалдарды қолдану жолдары

Қысқартылған атауы

KTDMKJ 3206

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)




Семестр




Оқытушының Т.А.Ә.

Абжанова С.

Доцент/оқытушы

оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

БП таңдамалы компоненті

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Практикалық-30; ОСӨЖ -30; СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -90

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизит: Қазақ тілі, Балалар әдеби процесі

Білім беру мақсаттары/ құзіреттіліг

Дидактикалық материалдарды қолданудың жолдарын үйрету әрі саплы жасау және оны қолдана білу мұғалім шеберлігі мен біліміне байланысты.

Мазмұны

Практикалық: Дидактикалық материалды қолданудың жолдары туралы жалпы түсінік. Дидактикалық материалды қолданудың жолдары туралы ғалымдар мен педагогтардың ой-пікірлері. Ана тілінде қолданылтаны дидактикалық материалды қолданудың жолдарының тиімділігі. «Әліппе» мен «Ана тілі» оқулығы бойынша жасалатын дидактикалцық материалдар. Бастауыш мектепте ана тіліне арналған көрнекіліктің өзіндік ерекшеліктері, оларды қолдану жолдары. Жазуға үйретуге байланысты дидактикалық материалдар. Грамматика емлеге қатысты дидактикалық материалдар. Дидактикалық материалды сабақта қолданудың жолдары мен оны сабақтың әр кезеңінде пайдаланудың жолдары. Дидактикалық материалды қолдануды жасау және оны пайдаланудың әдіс-тиәсілдері. Дидактикалық материалды сабақта пайдалану тәсілдерін меңгеру. Дидактикалық материалдарды қолдану жолдарын жасауды және сабақта қолдану әдісі. Қиын тақырыпты меңгертудегі көрнекіліктің мәні мен ерекшелігі. Сауат ашу барысында пайдаланатын дидактикалық материал. Қазақ тілі материалдарын меңгертудің ерекшеліктері. Тілдік және графикалық көрнекіліктердің ана тілі сабақтарында өзара байланысы. Ертегілерді оқытуға байланысты қолдануға байланысты дайындалатын дидактикалық материалдар. Антоним сөздерді меңгертуге байланысты көрнекі құралдар дайындау. Баланың ойын дамыту мақсатында сурет сала отырып, ребус құрастыру. Баланың бойына патриоттық тәрбиені қалыптастыруға байланысты дайындалатын дидактикалық материалдар. Ақын өлеңдерін оқытуға байланысты көрнекі құралдар,сөздік қорды дамытуға байланысты дидактикалық материалдар қолдану.

Оқу жұмысының нәтижелері

Қазақ тілінен дидактикалық материалдарды қолданудың жолдарын дайындау әдістемесі курсын толық аяқтаған студент сабақты сапалы өткізуді, әдәс-тәсілдерді тиімді пайдалануды, түрлі көрнекіліктер мен дидактикалық материалдарды дұрыс таңдауды біліп шығады.
































































































Пәннің аталуы

Бастауыш мектепте бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің теориясы, тарихы және практикумы

Қысқартылған атауы

BМBOOТТP 3304

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс , ОСӨЖ ,СӨЖ, Лаб. сабақ

Семестр:

6 семестр

Оқытушының Т.А.Ж.:

Джартыбаева Ж.

Доцент/ оқытушы:

Оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

КП міндетті компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Дәріс -15, Лаб. сабақ -15,СӨЖ -30сағат, ОСӨЖ -30сағат

Еңбек сыйымдылығы

90 -сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2-кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан қоғамның көркемдік өмірі мен қазіргі кезең өнер тарихымен таныстыру. Бейнелеу өнері түрлері мен жанрлары, әр дәуірдің көркемдік стилдерін анықтау. Сұңғат мектептерінің шығармасын айыра білуге, суретшінің жазба мәнері мен өзіндік көркемдік мектептерді тани білуге үйрету.

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

«Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқыту теориясы мен технологиясы және практикумы» пәнінің мақсаты - болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін эстетикалық және кәсіби жағынан дайындау.

Мазмұны

«Бастауыш мектепте бейнелеу өнерін оқыту теориясы мен технологиясы және практикумы» пәні «050102-Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығындағы оқу жүйесінің негізгі пәндерінің бір болып табылады.

Қазіргі заман талабы болашақ ұрпақтың эстетикалық тәрбиесі мен көркемдік білімін жетілдіру кажеттілігін тудырып отыр. Сұлулық. қоғамдық тәжірибеде, адамдар қарым-қатынасында, олардың қажеттіліктерінде, эстетикалық көзқарастар мен коркемдік талғамдарына бірте-бірте еніп келеді. Осыған байланысты мектепалды жасындағы балаларға эстетикалық. тәрбие беру талабы өсіп отыр. Бейнелеу енері балаларға эстетикалық тәрбие беруді, шығармашылық тәжірибе мен балалардың эстетикалык козқарастарын қалыптастыруды, көркемдік шығармашылықтарын дамытуды көздейді.



Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Өнердің негізінде көркемдік шындық көрсетілген, сондықтан да болашақтағы «050102-Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» пәнінің мамандары адамдардың көркемдік бейнесін, олардың сезімін, ойын, көзқарастарын қалыптастыратын, оларды тәрбиелейтін, ой-өрістерін дамытатын, пәнді терең біліп бағалайтын маман болуы қажет.



Пәннің аталуы

Бастауыш мектепте еңбекті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Қысқартылған атауы

БMЕОТТP3305

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, Лабароториялық, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 6

Оқытушының Т.А.Ә.

Райымқұлова Айнаш Дастановна

Доцент / оқытушы:

П.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

Казақ, орыс

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, Лабароториялық -15, ОБСӨЖ-30 (15 ауд.) СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 90

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға

Пререквезиттері: «Сызба геометриясы», «Бастауыш мектепте бейнелеу өнерін оқыту теориясы мен технологиясы», «Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту әдістемесінің тарихы», Педагогика, Психология, Этнопедагогика, пәндерімен байланысты.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіптік деңгейде дайындауда бұл пәннің рөлі мен маңызы өте зор. Ол студенттердің пән бойынша теориялық білімді, практикалық білігі мен дағдысын меңгеруін, оны кәсіби іс-әрекетінде пайдалануды карастырады.

- болашақ бастауыш мұғалімдеріне «Еңбекке баулуды» оқытудың теориясы мен технологиясынан жүйелі білім беру, сабақ жүргізуге кәсіби даярлау.

- еңбекке баулудың бала тұлғасын жан-жақты дамысудың құрамды бөлігі ретінде мәнін ашу.

- «Еңбекке баулуды» оқытудың негізгі әдістемелік ұстанымдарын таныстыру.

- бастауыш сыныпта оқылатын білім мазмұнын және оқыту жүйесін білдіру.

- техникалық тұрмыстық, қоғамға пайдалы еңбекке баулудың технологиялық негіздерін және әр түрлі материалдарды көркемдік өңдеудің технологиялары мен практикалық қолданылуын үйрету.




Мазмұны

Дәріс сабағында: еңбекке баулуды оқыту мазмұны мен жүйесін, «Еңбекке баулу» оқулығы мен оқу кешенінің мазмұнын, дизайн негізінде оқыту технологиясын, сабақта қолданылатын еңбек құралдары мен материалдарға қауіпсіздік техникасы мен санитарлы – гигиеналық талаптарды, «Еңбекке баулу» курсы бойынша білімді меңгеріп, біліктіліктері қалыптасады, белсенділіктері мен өздігінен шығармашылық ойлауы дамиды, жаңа заттың жасалу процесі және жұмыстарды жасау үшін алдын-ала өңдеу жұмыстарын, теориялық білімін іс жүзіне асыра білуге үйренеді.

Лабораториялық сабақта: «Еңбекке баулу» пәні бойынша лабораториялық сабақтарда практикалық маңызға ие және оқушылардың күнделікті өмірде қолданатын нақты бұйымдарын жасау барысында оқушылдың еңбек жөніндегі білімі, икемділігі және қабілеті қалыптасады

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттер: әртүрлі материалдар мен құрал-саймандармен танысады; еңбек және эстетика мәдениеті қалыптасады; материалды өңдеудің әртүрлі әдістері мен технологиясын меңгереді (қол еңбегін дамыту); көркем қолөнер шығармашылығын ұлттық ерекшеліктерімен танысады;

еңбек нысандарын (бұйымдарды) технологиялық тәсілдер арқылы меңгереді.






Пәннің аталуы

Бастауыш мектептегі музыкалық тәрбиенің теориясы мен технологиясы

Қысқартылған атауы

ВMMТТТ 3306

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, Лабароториялық, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 6

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Казақ, орыс

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, Лабароториялық -15, ОБСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 90

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға

Пререквезиттері: Педагогика, Психология, Этнопедагогика, Музыкалық аспап, Хормен ән айту тәрбиесі пәндерімен байланысты.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Студентердің музыкалық-педагогикалық мәдениетінің негізін қалыптасттыру және болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін музыкалық тәрбие беру жұмысына даярлау. «Қазақсатан Республикасының мемлекеттік жалпы білім стандартында» жоғары кәсіптік білім беруге еекше назар аударылған. әсіресе, бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауға қойылатын талаптар күрделі де сан-сапалы болып болып отыр. Себебі бастауыш сынып мұғалімі – жас ұрпақ бойына ең алғашқы білім негіздерін сіңіретін, олардың дағдылары мен машықтарының дұрыс бағытта қалыптасуын қамтамасыз ететін, ізгілікті және отаншылдық қасиеттерге баулитын тұлға. Бұл бағдарламаның мақсаты - музыка өнері арқылы рухани бай, шығармашылығы мол, халық өнерін өмірдің бейнесі ретінде түсініп, оны, сүйе білетін, халқымыздың әдет ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қастерлейті, классикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін құрмат тұтатын жеке тұлға тәрбиелеу.

Мазмұны

Дәріс: Музыканы оқыту теориясы мен технологиясы оқу ретінде ұзақ уақыт қалптасты және дамыды. Оның даму кезеңдері Қазақстан республикасының білім беру ісінде жүргізілген реформалармен тығыз байланысты. «Музыкалық тәрбиенің теориясы мен технологиясы» бастауыш сыныптардың мұғалімдерін дайындау жүйесінде арнаулы пән ретінде оқытылып келеді.

Лабораториялық сабақ: Музыкалық тәрбиенің теориясы мен технологиясын оқытуп-үйрену педагогика курсында дидактикалық принциптерді және оқыту мен мен тәрбиелеу барысын құрудың әр түрлі тәсілдерінде көрініс табатын заңдылықтарды; психологиялық мәліметтерге сүйене отырып, музыканы қабылдау және оның мазмұнын терең түсінумәселелерін шешу, бала дамуының және білім, білік, дағдыны меңгертудің психологиялық заңдылықтарын, балалар даусының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін оқытумен байланысты.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттер; мектеп әндерін өз бетінше талдай білу; скрипканы және бас кілтіндегі жазыларын ноталарды ойнай білу; нақты әуенді сүйемелдеу үшін дұрыс аккортты таба білу; жеңіл дирижерлық қимылдарды қолдана білу керек.



4-курс

7-семестр


Пәннің аталуы

Экономиқалық теория негіздері

Қысқартылған атауы

ETN 4110

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Мауленбердиева Г.А.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпыға бірдей білім беретін пәндер циклі, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, практикалық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Студент әдебиеттерiмен, оқу құралдарымен, сөздiктермен, компьютермен жұмыс жасай бiлуi қажет.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Мақсаты- болашақ мамандарды қазiргi қоғам өмiрiнiң экономикалық проблемалары мен таныстыру, олардың мемлекетiмiздiң экономикалық саясатын жасауға және оны жүзеге асыруға белсене қатынасу қабiлеттiгiн дамыту. Нәтижесінде студенттерге нақты бiлiм беру және экономикалық заңдар мен категориялардың iс-әрекетiн нарықтық проблемаларын шешуге пайдалана алатын, болашақтағы және ағымдағы экономикалық ситуацияларды бағалай бiлетiн өз еркiмен шешiмдер қабылдай алатын жоғары квалификациялы фундаменталды мамандар дайындау.

Мазмұны

Дәрістер: Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері. Қоғамдық өндірістің негіздері. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. Қоғамдық өндірістің нышандары. Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелік көзқарас. Тауарлы өндірісті ұйымдастыру. Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері. Бәсеке және монополия. Кәсіпорын капиталының айналымы. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен нысандары Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер Макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономикалық дамудың циклдылығы. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары. Экономикалық өсу.

Практикалық сабақтар: Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері. Қоғамдық өндірістің негіздері. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. Қоғамдық өндірістің нышандары. Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелік көзқарас. Тауарлы өндірісті ұйымдастыру. Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері. Бәсеке және монополия. Кәсіпорын капиталының айналымы. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен нысандары Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер Макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономикалық дамудың циклдылығы. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары. Экономикалық өсу.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Нарық жағдайында еркiн iс-әрекет етуге баулу;нарықтық экономиканың механизмiмен таныстыру, студенттердi экономикалық талдау жасауға үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет