ОҚУ курстарының каталогы мамандығы 5В011900- шет тілі: екі шет тілі Шымкент 2010 Құрметті студенттер!



бет2/8
Дата03.07.2016
өлшемі1.45 Mb.
#174066
1   2   3   4   5   6   7   8


Таңдау пәндері курсивпен белгіленген

1 курс

1,2 семестр

Пәннің аталуы

Қазақ тілі


Қысқартылған атауы

Қазақ тілі

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары(егер бар болса)




Семестр:

Практикалық сабақ, ОБСӨЖ, СӨЖ

Оқытушының Т.А.Ә.

1,2 семестр

Доцент/оқытушы:

Жапбарова Г, Сариева Т.

Жұмыс тілі

доцент, аға оқытушы

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Қазақ тілінде

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Таңдау компоненті.

Еңбек сыйымдылығы

ПС-90, ОБСӨЖ-90, СӨЖ-90

Кредиттер/сынақ бірліктері

270сағ

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

6 кредит

Білім беру мақсаттары/құзыреттілігі

Орта мектеп көлеміндегі қазақ тілінен лексикалық, граматтикалық минимумдары игеру жөніндегі базалық білімнің болуы.

Мазмұны

Болшақ маман келесі дағдыларды меңгеруі тиіс.А) Академиялық, арнаулы публицистикалық және басқа басылымдардан алынған мәтіндерді сыни көзқараспен оқи алу.Б) Эссе, баяндама, іскери хат, мазмұндама және басқа да түрдегі академиялық және арнайы прозаны сауатты жаза білу.В) Академиялық, арнайы және әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасай алу. Г) Академиялық, арнайы және әлеуметтік контекстердегі ауызекі қазақ тілін түсіне алу.Д) Жоғарыда келтірілген дағдыларды игеру үшін негізгі терминологиялық өзекті меңгеру.Е) Сонымен қатар азақ тілінің грамматикалық жүйесін меңгеру.

Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Қазақ тілін өз дәрежесінде жетік меңгеру әр сабақтағы лексика-грамматикалық тақырып бойынша мұқият дайыдалуды, сөздіктер мен оқулықтарды, оқу құралдарын дұрыс пайдалана білуді қажет етеді. Тілді меңгеру процесі тек оқытушының шеберлігіне ғана байланысты бір жақты процесс емес, сондай-ақ ол бәріннен де бұрын сіздің белсенділігіңізді, ұқыптылығыңызды, пәнге деген жауапкершілігіңізді, қазақ тілін терең меңгеруге деген құштарлығыңызды қажет ететін екі жақты процесс.



1 курс

1 семестр


Пәннің аталуы

Информатика

Қысқартылған атауы

И

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары(егер бар болса)

Лекциялар, практикалық, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

1

Оқытушының Т.А.Ә.

Иванова М.Б.

Доцент/оқытушы:

ф-м ғ.к.., аға оқытушы

Жұмыс тілі

Орыс

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер (міндетті компонент)

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Лекциялар-15, практикалық -15, зертханалық-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

«Информатика» пәнін меңгеру студенттердің орта мектептегі информатика, математика, физикадан алған білімдерінің негізінде жүргізіледі. Математика – амал жүйелері, кодтау теориясының элементтері, алгебра, алгоритмдер теориясы элементтері. Физика – компьютердің жұмысының физикалық негіздері, перифериялық құрылғылардың техникалық қасиеттері.

Білім беру мақсаттары/құзыреттілігі

ПЭЕМ қызметі мен құрылысы негіздерін меңгеру; ПЭЕМ-ң заманауи программалық қамтамасыздандыруын меңгеру (операциялық жүйелер мен қолданбалы программалар); ПЭЕМ арқылы тапсырмалардың оптималды шешімдерін таңдау. Жаңа информациондық технологиялардың негізгі ұғымдарын, іс жүргізудің негізгі талаптарын білу, қорытынды межелік, есептер мен презентацияларды құрастыру.

Мазмұны

Лекциялар: Информатика пәні, объектілері және құрама бөлшектері. Мәліметтің физикалық, математикалық аспектілері. Амалдар жүйелері. Компьютерлік графика ұғымдары. Мәліметті компьютерде көрсету. Булева алгебра және компьютердің логикалық схемалары. Компьютердің негізгі блоктарын ұйымдастыру элементтері. Процессордың архитектуралық ұйымдастырылуы. Заманауи программалық құрал-жабдықтар. Операциондық және программалық жүйелер. Программалық жүйенің программалық, тілдік, мәліметтік қамтамассыздандырылуы. Компиляторлар мен интерпретаторлар. Алгоритмдер: типтер, қасиеттер, көрсету жолдары. Алгоритмдік құрылыстар. Программалаудың тілдерін таңдау. Базалық алгоритмдер. Алгоритмдер жәнеолардың сараптамасы. Есептеу күрделілігі. Мәтіндің құжаттың жасалуының негізгі ұғымдары. Кесте жасау. Кестелерді форматтау мен редакциялау. Кестелік процессордың интерфейсі. Негізгі ұғымдар. МS Excel математикалық қосымшалары. Мәліметтерді құрастыру мен алғашқы өңделуі. Мәліметтер базасы. Мәліметтер базасын басқару жүйелері. Мәліметтер базасымен жұмыс. Сұраулар. Формалар. Есептер. Макрос беттері. Модуль. Презентация жасау. Слайд-фильмдерді жасау әне көрсету. Компьютерлік торлар. Торлар туралы жалпы мәлімет, алғышарттары және компьютердің торлық жұмысының маңыздылығы. Аппараттық және сәйкес программалық қамтамассыздандыру. Глобалдық және локалық торлар. Торлар топологиясы. Мәліметтерді жіберу жолдарын қарастыру. Internet жүйесінде мәлімет іздеу. Электрондық пошта арқылы хабарландыру жіберу және қабылдау. Локалдық торлардың базалық технологиялары, хаттамалары және стандарттары. Мәліметтерді қорғау негіздері және заманауи программалық құрал-жабдықтар. Информациондық қауіпсіздік және оның құрама бөлшектері. Мәліметтердің қауіптері және олардың түрлері. Информационды процестерге заңсыз араласудан қорғау. Мәліметтердің қорғаудың ұйымдастыру шаралары, инженерлік-техникалық және басқа жолдары. Мәліметтерді локалды компьютерлік торларды қорғау. Антивирус программалары мен архиваторлар. Жасанды интеллект жүйелері. Қазіргі тілдердің жоғары дәрежелілері: қысқаша мінездеме, негізгі ұғымдар. Программалаудың объектіге бағытталған технологиялары..

Практикалық (семинарлық) сабақтар. Информатика негіздері мен заманауи есептеуіш техниканың архитектурасы. Компьютердің программалық қамтамассыздандырылуы, алгоритмдер. Мәліметтің физикалық, математикалық аспектілері. Амалдар жүйелері. Компьютердің негізгі блоктарын ұйымдастыру элементтері. Процессордың архитектуралық ұйымдастырылуы. Операциондық және программалық жүйелер. Программалық жүйенің программалық, тілдік, мәліметтік қамтамассыздандырылуы. Алгоритмдік құрылыстар. Программалаудың тілдерін таңдау. Қолданбалы программалық қамтамассыздандыру. MS WORD негізгі ұғымдары. Мәтіндік құжатты жасау. Кесте жасау. Кестелерді форматтау мен редакциялау. Мәтінге графикалық объектілерді қосу. MS Excel кестелік процессоры. Кестелік процессордың интерфейсі. Кесте жасау. Кестені редакциялау. MS Excel математикалық қосымшалары. Мәліметтерді құру мен алғашқы өңделуі. Мәліметтер базасын басқару жүйелері. Мәліметтер базасымен жұмыс. Сұраулар. Формалар. Есептер. Макрос. Модуль. Презентация жасау. Слайд-фильмдерді жасау әне көрсету. Компьютерлік торлар. Мәліметтерді қорғаудың негіздері мен заманауи программалық құрал-жабдықтар. Аппараттық және сәйкес программалық қамтамассыздандыру. Глобалды және локалды торлар. Internet жүйесінде мәлімет іздеу. Электрондық пошта арқылы хабарландыру жіберу мен қабылдау. Мәліметтердің қауіптері және олардың түрлері. Антивирус программалары мен архиваторлар. Қазіргі тілдердің жоғары дәрежелілері: қысқаша мінездеме, негізгі ұғымдар. Программалаудың объектіге бағытталған технологиялары..

Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Информационды технологияларды пайдалана отырып, мәліметтер базасын, білім базаларын құрастыра алу, іскерлің графика мен диаграммалар құра алу. Инженерлік тапсырмаларды алгоритмизация, программалау технологиялары арқылы шешу; есептік тәсілдер арқылы есеп алу; алынған нәтижелерге сараптама жасау.


1 курс

1 семестр


Пәннің аталуы

М9 Экология және тұрақты даму

Қысқартылған атауы

ЭТД

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

-

Семестр:

Лекция, практикалық, СӨЖ, ОБСӨЖ.

Оқытушының Т.А.Ә.

2

Доцент / оқытушы:

Бекжигитова К.А.

Жұмыс тілі

Аға оқытушы

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Қазақ, орыс.

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Базалық пәндер (міндетті компонент)

Еңбек сыйымдылығы

күндізгі/ Лекция- 15сағ., практикалық– 15сағ., ОБСӨЖ - 30сағ., СӨЖ - 30сағ.

Кредиттер / сынақ бірліктері

90сағ.

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

2

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пререквизиттер: химия, биология, табиғаттану, физика

Мазмұны

Пәннің мақсаты – Студенттердің экологиялық білімін жоғары дәрежеге көтеріп, қоршаған ортаны қорғауға және оны көркейтуге деген оң көзқарастарын қалыптастырып, жауапкершіліктерін арттыру. Студенттердің экологиялық білімін арттыру мақсатында қоғамның тұрақты дамуы үшін қоршаған ортаның сапасын сақтауға деген жауапкершілікке дағдыландыру. Компетенттілік: экологиялық проблемаларды шешу және қоғамның тұрақты дамуы үшін профессионалдық білім алуы.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Лекцияның мазмұны: Организм және орта. Бернальдің қазіргі заманғы теориясы, оның негізгі қағидалары. Жердің эволюциясының химиялық және биологиялық сатылары. Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің әртүрлілігі. Организм және оның тіршілік ету жағдайлары. Экологиялық факторлар және олардың классификациясы. Популяция туралы түсінік. Экологиялық қуыс. Негізгі құрлықтық және су экожүйелері. В.И.Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі. Қазіргі заманғы глобальді экологиялық проблемалар.Қазіргі заманғы әлеуметтік – экологиялық проблемалар. Тұрақты дамудың пролематикасы. Қоғамның тұрақты моделі, оның қалыптасуының белгілері. Тұрақты дамудың негізгі мәселелері. Тұрақты дамудың әртүрлі модельдерінің қалыптасуындағы басқарудың ролі. Қазақстан тұрақты даму жолында. Зертханалық жұмыстарының мазмұны: Судың сілтілігін және қышқылдығын анықтау. Нейтралдау әдісі бойынша өндірістік ағынды судың қышқылдығын залалсыздандыру. Күкірт қышқылының және еріткіш сульфаттардың аэрозолі. Формальдегидтің түзілу реакциясы және оның ауадағы құрамын бақылау. Топырақтың түрін анықтау. Топырақтағы аммоний азотының құрамын анықтау. Күн энергиясының өсімдіктерге әсері.




СӨЖ, реферат, емтихан
1 курс

1 семестр

Пәннің аталуы

Мамандыққа кіріспе

Қысқартылған атауы

МК

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, практикалық, ӨСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

1

Оқытушының Т.А.Ә.

Зиннурова А.Р., Таукеева К.С.

Доцент / оқытушы:

ст. преподаватель

Жұмыс тілі

қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс -15,ӨСӨЖ-15,СӨЖ-15.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы– 45сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Орта техникалық, кәсіби білім беру мекемелері, бастауыш, негізгі, профилльді, кәсіптік мектептің стандарттары қарастырған оқу пәндері.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

1 курс студенттерінің педагогикалық мамандықпен, оның әлеуметтік маңызымен, шет тілдері педагог-мұғалімінің оқу-тәрбие жұмысындағы қызметімен танысуы.

Мазмұны

Лекциялар: 1 Бөлім. Шет тілі мұғалімінің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетіне кіріспе. 1.1 Тақырып. Педагогикалық мамандықтың және шет тілі мұғалімінің жалпы мінездемесі 1.2 Балалық пен балалар – жалпы адами құндылықтар және педагог-мұғалімнің іс-әрекетінің мақсат; 1.3 «Шет тілі» оқу пәні және оқушылардың дамуы мен қалыптасуы құралы ретінде; 1.4 Шет тілі педагог-мұғалімінің жоғары педагогикалық білім жүйесінде қалыптасуы және оның кәсіби тұрақтануы; 1.5 Шет тілі педагог-мұғалімінің кәсіби өсуі; 1.6 Педагогикалық қарым-қатынас шет тілдері педагог-мұғалімінің кәсіби өнерінің көрсеткіші және оқушылардың дамуы мен қалыптасуының шарты ретінде; 1.7 Болашақ шет тілдері педагог-мұғалімі болатын стунденттің кәсіби және өзіндік дамуы; 1.8 Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) олардың педагогикалық кәсіпте тұрақтануы мен дамуының шарттары ретінде.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

«Шет тілі» ұғымы білім беру мекемесіндегі оқу пәні ренітде

1 курс

1 семестр

Пәннің аталуы

Жалпы психология

Қысқартылған атауы

ЖП

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

ЖП пәні мен міндеттері, студент және оқытушы психологиясы, қарым -қатынас психологиясы, танымдық және оқу іс-әрекет психологиясы, психологиялық қызмет. Тақырыптар бойынша зерттеулер, тақырып мазмұнына орай кесте мен түсініктер беру.

Семестр:

2 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Арымбаева К.М.

Доцент / оқытушы:

п.ғ.к, доцент;

Жұмыс тілі

Казақ тілі, орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компонент (МК)

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс–15 чсағат, практикалық –15 сағат, ОСӨЖ–30 сағат, СӨЖ– 30 сағат

Еңбек сыйымдылығы

90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Курс пререквизиті Философия, Орталық жүйке жүйесі және жоғарғы жүйке жүйесінің іс - әрекетінің физиологиясы, жоғарғы матиматика, социология

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Кур мақсаты мен міндеттері, Курстың мақсаты: Студенттердің жалпы психология курсында алған білімдері мен зерттеу дағдылары негізінде студенттерді психологиялық ойлауын дамыту, семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілікпен дағдыны қалыптастыру.Курстың міндеті:Оқытылған психологиялық құбылыстарды заңдылықтарды негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру; әртүрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі- психологиялық талдау процесінде студенттерде танымдықт дағдылар мен ептіліктерді дамыту; Дүние жүзілік және отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеялары мен таныстыру.

Мазмұны

  1. Психологиялық ғылымдар және практиканың пәні мен міндеттері. Психология пәні. Жалпы психологияның пәні. Жалпы психологияның әдіснамалық қызметтері. Психологияның принциптері

  2. Іс-әрекетті психологиялық талдау. Психиканың пайда болуы және эволюциясы. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Іс-әрекет құрылымның психологиялық ерекшелерін зерттеу.

  3. Адам психикасының дамуы және пайда болуы. Психикалық құбылыстардың жалпы құрылымы. Адам психикасының қоғамдық тарихи табиғаты. Адамзаттың тарихи дамуға өтуі. Сананың нақты психологиялық сипатттамасы. Саналы бейненің құрылымы. Мидың психо – физиологиялық қызметтері (сенсорлы сезгіштік, минимикалық, вербалды логикалық, психомоторлық.

  4. Сезімдік таным психологиясы. Түйсік бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану ретінде. Қозғалысты ретеудегі түйсіктің ртөлі. Түйсік психикалық дамудың көзі ретінде түйсіктің танымды еңбекке қарым – қатынаста дамуы. Синестезия.

  5. Түйсіктің жекелеген түрлерінің сипаттамасы. Түйсік жөнінде жалпы түсінік. Түйсік түрлері. Түйсіктің атқаратын қызметі.

  6. Қабылдау және елес. Қабылдау сезімдік ьейнелеудің негізгі процесі. Қабылдауды зерттеудегі екі бағыттың жалпы ипаттамасы: обьектипті және субьектипті – бағдарлаушы бағыттар. Елестердің эмперикалық сипаттамалары: жалпылау, күңгірттену елестердің сезімдік заттық, сипаты есту, көру, иіс сипап сезу елестері, бірізді бейнелер. Эидетикалық бейнелермен түс көру.

  7. Ойлау психологиясы. Ойлау туралы ұғым. Ойлау және таным. Ойлаудың тікелей сезімталдық танымнан айырмашылығы. Ойлаудың түрлері. Ойлау іс әрекетінің мотивациясының ерекшелігі. Аффекті мен интеллектінің бірлік принципі.

  8. Ес. Ес өткен тәжірибені сақтау, тану, қайта жаңғырту ретінде. Естің түрлері, есте қалдырған материал мазмұнына және қайта жаңғыртуға тәуелділігі. Естің жеке адамның маңызды өмірлік міндеттерді шешуіне қатысуы, оның мотивациялық сфераның динамикасымен, құрлысымен шарттануы.

  9. Сөйлеу психологиясы. Зейін. Ойлау және сөйлеу. Лингивистикалық салыстырмалық болжамы, оның психологиялық аспектілері. Зейін алдындағы процестер, объектіні қабылдауға ішкі ыңғайлану.Ерікті, белсенді зейін. Зейіннің дамуы, жас ерекшелігі факторлары.

  10. Эмоция психологиясы. Эмоция психологиясының күйі. Эмоциядағы психикалық бейнелеу ерекшелігі. Эмоцияның функциялары. Эмоцияның таным процестеріне ықпалын эксперименттік зерттеулер. Эмоциялық қүбылыстардың түрлері.

  11. Мотивация және эмоция психологиясы. Қажеттілік мотивациялық процестердің негізі ретінде. Мотивацияның биологиялық және әлеуметтік деңгейлерінің арақатынасы.

  12. Жалпы психологиядағы тұлға. Тұлға түсінігі. Тұлғаның негізгі көрсеткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық.

  13. Тұлға құрылымы. Тұлға қүрылымы жайлы түсінік. Тұлға қүрылымының негізгі блоктары. Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі, әлеуметтік қызмет - рөлдері, әлеуметтік жүріс - түрыс, мотивтер, бағыттылық, мінезі. Тұлға құрылымындағы интеллект және қабілеттілік.

  14. Тұлға және даралық. Тұлғалық - жеке даралықтың ішкі әлемі туралы түсінік. Мінез-тұлғаның дара-өзіндік және әлеуметтік-типтік бірлік ретінде. Темперамент - мінездің табиғи негізі ретінде. Қабілет туралы түсінік.

  15. Тұлғаның әлеуметтік мінез -құлқы және дамуы. Әлеуметтік мінез - құлық туралы түсінік тұлғаның белсенділігі оның адамдарға, еңбекке, қоғамға, әлемге қатынасының формасы ретінде көрінеді.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Оқыту іс-әрекет нәтижесінде оқытылған психологиялық құбылыстарды заңдылықтарды негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіруді. Әртүрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі- психологиялық талдау процесінде студенттерде танымдықт дағдылар мен ептіліктерді дамытады. Дүние жүзілік және отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеялары мен таныс болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет