Оқу орыс тілдерінде жүретін мектептердегі қазақ тілі мұғалімдері үшін жалпы білім беретін мектептердің МҰҒалімдеріне арналған оқУ-Әдістемелік қҰрал бақылау диктанттары 5-11 Павлодар қ., 2014 ж


Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған мазмұндама



бет20/54
Дата27.09.2023
өлшемі154.51 Kb.
#478862
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54
диктанттар жинағы

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған мазмұндама
Мақсаты: ая бойынша өтілген материалдарды қаншалықты игергенін анықтау, есте сақтау қабілеттерін тексеру.
Бауырсақ
Бауырсақ –шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға бауырсақ салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді. Қамырды жазып, төрт бұрыштап немесе жіңішкелеу кеседі. Кесіп дайындаған бауырсақтың бетін кеуіп кетпеу үшін жауып қойған жөн. Қазанға май салып әбден қыздырып алған соң, бауырсақ майдың мөлшеріне қарай салынады. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрса, бір келкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады немесе тым қызарып кетеді. Қызыл-күрең болып піскен бауырсақ сәнді де, дәмді де болады.

Интернет желісінен. Қазақтың ұлттық тағамдары.

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық диктант

Мақсаты: Оқушылардың ая бойынша алған білімдерін анықтап, сөздік қорларын, сауаттылығын тексеру.


Қымыз
Қымыз—қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең бағалы дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтінен ашытылады. Қазақтың ұғымында ең дәмді қымыз ысталған ыдыста сақталады. Қымызды ағаш күбіге немесе торсыққа ыстайды. Ысталған қымыз тәтті болу үшін қымызға жылқының қазысын немесе жалын салып қойып, көп піседі. Алғашқы қымызды ауылдың қарияларын шақырып таттыру рәсімін орындаған. Ол ырымдар бие сүтінің мол болуын тілеуге, бата беруге арналған. (63 сөз)




Интернет желісінен. Қазақтың ұлттық тағамдары.

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған аралық бақылау жұмысы

Мақсаты: Оқушылардың бағдарлама бойынша алған білімдерін нақыштап қорытындылау және сауатты жазуға баулу.


Бөрік.

Қазақтың ұлттық бас киімдері өте көп. Бөрік – қазақтың ертеден келе жатқан бас киімі. Бөрік қыстық бөрік, жаздық бөрік болып екіге бөлінеді. Бөрікті қыздар да, ер адамдар да киеді. Аңның терісімен немесе қымбат матамен тысталады. Аңның терісіне қарап оларды құндыз бөрік, кәмшәт бөрік, түлкі бөрік деп атайды. Қыздар киетін бөріктің төбесі төрт сайлы болып келеді және үкі тағылады. Асыл тастармен көмкеріліп, күміс теңгелерден салпыншақ тағылады. Қазақта әшекейлі, үкілі бөрікті сал-серілер де киген. (69 сөз)
(Интернет желісінен. Ошибка! Недопустимый объект гиперссылки. ұлттық бас киімдері)

Лексика-грамматикалық тапсырмалар:


ІІІ деңгей.
1.Берілген сөйлемнен асты сызылған сөзді тәуелдеңдер.
І нұсқа. Бөрік – қазақтың ертеден келе жатқан бас киімі.
ІІ нұсқа. Күміс теңгелерден салпыншақ тағылады.
2. Берілген сөйлемнен асты сызылған сөзді құрамына қарай талдаңдар.
І нұсқа. Аңның терісіне қарап оларды құндыз бөрік, кәмшәт бөрік, түлкі бөрік деп атайды.
ІІ нұсқа. Қазақтың ұлттық бас киімдері өте көп.
3. Мәтіннен 3 етістіктерді теріп жазып, тұйық етістік формасына қойыңдар.

ІІ деңгей


1. Берілген сөйлемнен асты сызылған сөзге морфологиялық талдау жасаңдар
І нұсқа: Аңның терісімен немесе қымбат матамен тысталады.
ІІ нұсқа: Асыл тастармен көмкеріліп, күміс теңгелерден салпыншақ тағылады.
2.Берілген етістікті рай түрлеріне қойып жіктеңдер.
І нұсқа: киеді (шартты рай )
ІІ нұсқа: киеді (қалау рай)

І деңгей


Ұсынылған тақырыптар бойынша шағын әңгіме жазыңыз.
І нұсқа. Тымақ
ІІ нұсқа. Шапан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет