Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау



Pdf көрінісі
бет117/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   185
null

3-мәтін 
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. Қазақтың 
домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен күй деп 
аталады. Бізге жеткен ен көне күйлер - күй атасы Қорқыттың шығармалары. Күй - бағдарлы мазмұны 
бар, көркемдігі жоғары аспаптык жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік 
шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», 
«Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-
Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», «Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш», 
«Сағыныш») және т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына 
қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күндер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық 
күйлер болып жіктеледі. 
Қазақтың аспаптық музыкасы XVIII ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде 
Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Богда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа 


87474320427 
122
кеңінен мәлім болды. XIX ғасырда ежелгі куйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, 
Дэулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқты 
күйшілік өнердегі ірі түлғалар елеулі үлес қосты. 
Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай токпе жэне 
шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде орындалады. 
Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыз дауысты болып орындалады. 
Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Бұл өнерді 
дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет 
Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан. 
7. ХVІІІ ғасырда халыққа кеңінен мәлім болған күйшілер 
A) Есжан, Банжігіт 
B) Тәттімбет, Баламайсан 
C) Ықылас, Айрауық
Д) Қазанғап, Дина 
Е) Махамбет, Даулеткерей 
8. Мәтін мазмұныныц реттілігі 
1. Домбыра қүйлерінің қүрылымлык ерекшеліктері 
2. Күйлердің тақырыптары 
3. Күйдің өрістеп дамуы 
4. Күйдің жоғары деңгейге көтерілу кезі 
5. Күй - аспаптык жанр 
A) 4,3,1,5,2 
B) 2,4,3,1,5
С) 3.1,5,2,4
Д) 1,5,2.4,3
Е)5.2,4,3,1
9. Ең көне музыкалық шығармаларды жеткізген аспап 
A) Дауылпаз 
B) Сырнай 
C) Жетіген
Д)Қобыз
Е)Домбыра 
10.Күйлердің тақырыбы мен мазмұнына қарай дұрыс жіктелуі 
A) Арнау күйлер әлеуметтік күйлер 
B) Тартыс күндер саяси күйлер 
C) Тарихи күйлер, эпостық күндер
Д) Психологиялық, батырлық күйлер
Е) Арнау күйлер, лирикалық күйлер 
11.Қорқыт пен Кербала өнеріне ортақ нұсқа 
A) Қобыз күйі 
B) Дауыс ырғағы 
C) Орындау мәнері
Д) Домбыра әуені
Е) Шертпе күй 
12.Шертпе күйлері қалай орындалады? 
A) Тұрақты екпінмен, қолдың тұтас сілтенуімен 
B) Тұракты екпінмен, саусақтың ұшымен 
C) Жалғыз дауысты болып, саусақтың ұшымен
Д) Тұрақты екпінмен, қолдың білегімен 
Е) Жалғыз дауысты болып, қолдың тұтас сілтенуімен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет