Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау



Pdf көрінісі
бет140/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   185
null

 
4-мәтін 
Қарт пен тапқыр жігіт 
Бір күні бір карт адам шаһарга барып, қайтып келе жатса оны бір жас жігіт қуып жетеді,
Ол 
келе жатыл: 
- Ата, жолды кыскартайык,- дейді. 
Қарт: 
- Жол калай кысқарады?- дейді. 
Жігіт: 
- Жолдың қысқаруы оңай, екеуіміз бірімізді-біріміз, кезек-кезек арқаласақ болғаны.-дейді.
Шал 
ішінен: 
- Япырым-ай, мынау бір кесапатгы адам болмаса игі еді? Мені қалай арқалайды? Өзін қалай 
арқаламақшымын?- деп ойлап, жауап қайырмайды. 
Мұнан кейін жігіт те үндемей келе жатады да, пісіп тұрган егінді көріп: 
- Ата, мына егін сіздің елдікі ме? - дейді. Қарт 
-Иә,-дейді. Жігіт: 
- Олай болғанда, бұл желініп қойган егін бе, желінбеген егін бе?- дейді. 
Қарт тагы да бетіне бажырайып қарап қояды да: «Япырым-ай, мынанын 
бір сөзінен бір сөзі сорақы болды-ау! Бұл не айтқаны?» - деп ойлайды. 
Жолда бір елге кездсесді. Бұл елдін адамдары дүниеден өткен кісіні жерлеуге апара жатыр екен. Жігіт: 
- Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе? - деп сұрайды. Қарт шыдай алмай: 
- Өлмесе жерлемейді гой! - деп жігіттің бетін қайырып тастапды. Жігіт үндемейді. Олар кабірге 
бірге барады. Шыққаннан кейін: 
- Ата, әлгі кісі өлмеген екен, дейді. «Я, кұдай, жерленген адам қалай тірі болады?»,- дейді карт 
ішінен. 
Күн кеш болады, екеуі қарттың үйіне келеді. Қонағын үйіне кіргізеді де, қызын шақырып алып: 
- Шырағым, үйге бір жігіт келді, мейман ет! Бірақ сүйкімсіз мінезі бар. Сөзінде кесапаты зор адам, 
- дейді. Қыз қонақпен сойлесіп көрсе, сөзі мағыналы екен. Қыз: «Япыр-ау, әкемнің айтканы осы кісі 
ме екен?» - деген оймен әкесіне келеді де: 
- Әке, сізбен неше кісі келді? - дейді. 
Әкесі: 
- Жалғыз, - дейді. 
Қыз: 
- Онда сөзінде кесапаты зор деген адамыңыз осы болса, мұнан қандай кесапат көрдіңіз? - дейді. 
Қарт: 
- Ойбай-ау, оның сөйлеген сөзінде кесапатсыз бір сөз жоқ. Әуелі ол: «Жол қысқартайық», - деді. 
Мен: «Жол қалай қысқарады?» - деп едім. Ол: «Бірімізді-біріміз кезек арқалап отырайық», - деді. 
Мұнысы былай тұрсын. Орылмаған егінді көріп: «Ата, мына егін желініп қойған ба, желінбеген бе?» - 
деп сұрады. «Орылмай тұрған егінді кім жеп қояды?» - дедім мен. Бұл мұнымен тұрсын. Бір ауылдан 
қаза тапқан кісіні көріп: «Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе?» - дейді. Онан шығып келе жатыр едік: 
«Ата, жаңағы адам өлмеген екен», - деді. Міне, мен оның осындай төрт кесапатты сөзін естідім, - дейді. 
Сонда қыз тұрып: 
- Әке, бұл сөздер зор магыналы сөздер ғой. Сіз оның айтқан сөзіне тусінбеген екенсіз. Оның бірінші 
айтқаны: «Кезекпе-кезек әнгіме айтып отырайык, жол қысқарсын»,- дегені. Екіншісі: «Егін байдікі ме, 
кедейдікі ме?» - дегені. Байдікі болса - өз көлігімен, кісі жалдап жыртып, өз тұқымын себеді, өнімін 
ертең өзі алады, желінбеген болып саналады. Кедейдікі болса, ол сорлы тұқымды несиеге сатып алады, 
жерді көлік жалдап жыртады, түскен өнімі борыштан аспайды. Сондықтан ол шикідей жеп қойғанмен 
бірдей болады. Үшіишісі: «Баласы бар ма?» - дегені. Балаларын көрген ол: «Өлмеген адам екен»,- 
дегенді айтқан. Сіз ол жұмбағын шеше алмаған екенсіз, - деген соң, қарт қателігін мойындап, жігіттің 
қолын алып: 
- Мен сенің антқан сөздеріңе түсіне алмай, ішімнен саған қатты ренжіп едім. Олай емес, сен ақылды 
жігіт екенсің, - деп, қызын соған беріпті. 
13. Жігіт айткан «кесапатты төрі сөздің» төртіншісінін мазмұнын анықтайтын мақал 
A) Жарлының аузы ақка тисе, мұрыны қанайды 


87474320427 
144
B) Үйіңе келгенде, үйдей өкпеңді айтпа 
С) Қонак қойдай да жуас, май берсе де жей береді
Д) Бала - артта қалған із,
Бақыт- ұзатылған қыз
Е) Ескі дос келгенде, жаңа достың көзінен жас шыгады 
14.Жігіттің «Өлмеген адам екен» деген сөзінің мәні 
A) Артында тұяқ қалған адам 
B) Туысы жоқ адам екен
С) Ауылдастары көп екен
Д) Баласы жоқ адам екен 
Е) Жора-жолдасы көп адам екен 
15. «Ашы еңбекке - тұщы нан» деген мақал мазмунымен сәйкес келетін жас жігіттің «кесапатты сөзі» 
А) Екінші «кесапатты сөз» 
В) Үшінші «кесапатты сөз» 
C) Барлық «кесапатты сөз» 
Д) Төртінші «кесапатгы сөз» 
Е) Бірінші «кесапатты сөз» 
16.Қарияның жігіт туралы ойын өзгерткен жағдай 
A) Қызының өтініші 
B) Жігіттің көнілділігі 
C) Шаһар жолының ұзақтығы
Д) Қызының ақылдылығы 
Е) Қазақтың қонақжайлылығы 
17. Мәтін бойынша жігіттің «жолды қысқартайық» деген сөзінін магынасы 
A) Бір-бірін қонақ ету 
B) Бір-бірін аркалау 
C) Баска жолмен жүру 
Д) Бір-бірімен әңгіме-айту
Е) Тынығып демалу 
18. Қарияның «жігіттің сүйкіміз мінезі бар» деуінің себебі 
A) Қонақ кылғысы келменендіктен 
B) Жас жігіт болғандықтан 
С) Қызын сақтандырғандықтан
Д) Әңгімесін түсінбегендіктен
Е) Жігңтті жақтырмағандықтан 
19. Мәтіндегі жігіт пен қарияның іс-әрекетіне қатысты нұсқа
А) Жолаушыны жол сынайды 
В) Сабақты ине сәтімен 
C) Жер тозса - тақыр, ер тозса пақыр
Д) Қысқа жіп күрмеуге келмейді 
Е) Көңілсіз жұмыс өнімсіз 
20. Байдың егініне сипаттама 
A) Борышты өтеуге берілетін, егін 
B) Көлікті жалға алып жыртатын егін 
C) Жалға алған жерге егілетін егін
Д) Тұкымы қарызға алынған егін
Е) Желінбеген егін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет