Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау



Pdf көрінісі
бет54/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   185
null

 
3-мәтін 
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. Қазақтың домбыра, 
қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен күй деп аталады. 
Бізге жеткен ең көне күйлер - күй атасы Қорқыттың шығармалары. Күй - бағдарлы мазмұны бар
көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік 
шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», 
«Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-


87474320427 
61
Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», «Абыл»), адам сезімдері («Куаныш», 
«Сағыныш») және т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына 
қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық 
күйлер болып жіктеледі. 
Қазақтың аспаптық музыкасы XVIII ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде 
Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа 
кеңінен мәлім болды. ХIХ ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, 
Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқгы 
күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты. 
Домбыра күйлері орындалу мэндері мен қүрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе 
деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде орындалады. Ал 
шертпе күйлер көбінесе жалғыз дауысты болып орындалады. 
Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Бұл өнерді дамытуға 
Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды 
ұлы күйшілер зор үлес қосқан. 
7. Қорқыт пен Кербала өнеріне ортақ нұсқа 
A) Орындау мәнері B) Домбыра әуені C) 
Шертпе күй 
D) Қобыз күйі E) 
Дауыс ырғағы 
8. Шертпе күйлері қалай орындалады? 
A) Жалғыз дауысты болып, саусақтың ұшымен 
B) Тұрақты екпінмен, қолдың тұтас сілтенуімен 
C) Жалғыз дауысты болып, қолдың тұтас сілтенуімен 
D) Тұрақты екпінмен, саусақтың ұшымен 
E) 
Тұрақты екпінмен, қолдың білегімен 
9. Ең көне музыкалық шығармаларды жеткізген аспап 
A) Домбыра 
B) Жетіген 
C) Қобыз 
D) Дауылпаз 
E) Сырнай 
10. XVIII ғасырда халыққа кеңінен мәлім болған күйшілер 
A) Махамбет, Даулеткерей B) Есжан, Байжігіт C) Тәттімбет, Баламайсан 
D) Ықылас, Айрауық E) Қазанғап, Дина 
11. Мәтін мазмұнының реттілігі 
1.Домбыра күйлерінің құрылымдық ерекшеліктері 
2.Күйлердің тақырыптары 
3.Күйдің өрістеп дамуы 
4.Күйдің жоғары деңгейге көтерілу кезі 
5.Күй - аспаптық жанр 
A) 1,5,2,4,3 
B) 3,1,5,2,4 
C) 4,3,1,5, 2  
D) 2,4,3,1,5 
E) 5,2,4,3,1 


87474320427 
62
12. Күйлердің тақырыбы мен мазмұнына қарай дұрыс жіктелуі 
A) Арнау күйлер, лирикалық күйлер B) Арнау күйлер, әлеуметтік күйлер 
C) Тарихи күйлер, эпостық күйлер D) Тартыс күйлер, саяси күйлер 
E) Психологиялық, батырлық күйлер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет