Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау



Pdf көрінісі
бет68/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   185
null

Сократтың ақылы 
Сократқа біреу келіп: - Досың жайлы не естігенімді айтайын ба? - дейді. 
- Токта. Маған әңгіме айтар алдында үш сынақтан өтуіңді сұраймын. 
- Үш сынақ? 
- Иә, менің досым туралы сейлер алдында, бір сәт тоқтап, айтатыныңды ой елегінен өткізіп 
алғаның абзал болар. Бірінші - “Шындық сынағы.” Досым туралы айтатынын 100 пайыз шындық 
екеніне сенімдісін бе? 
-Жоқ. Негізі біреудің айтқанын естідім де, содан... 
- Жарайды. Олай болса, сен ол әңгіменің өтірік-рас екенін білмейсің. 
Екінші -‘‘Жақсылық сынағы.” Досым туралы айтатының жақсы ма, әлде..? 
- Жоқ, жақсы емес, керісінше... 
- Сен рас болған-болмағанын білмей тұрып, досым туралы жаман нәрсе айтқың келе ме сонда? 
Оған қарамастан сынақтан өтуің мүмкін, соңғы - ‘‘Керектілік сынағы.”Досым туралы айтатының 
керегіме жарай ма? 
- Білмеймін ғой енді, бәлкім... 
- Түсінікті. Маған айтатының қиындық емес, жақсылық емес және қажеті жоқ нәрсе. Оны айтып 
несіне әуре боласың? 
3. Сократтың акылының түйіні 
А) Танитын адам туралы ғайбат сөйлеме 
B) Жаман әдеттен аулақ бол 
C) Тындай білу - әдептілік белгісі
Д) Досыңды бағалай біл 
Е) Қолыңнан келсе жақсылық жаса 
4. Мәтін бойынша әнгіменің тыңдаушыға пайдалы-пайдасыздығын анықтайтын сынақ 
А) Керектілік сынағы» 
B) «Шындық сынағы» 
C) «Адалдық» сынағы
Д) Барлықүш сынақ 
Е) «Жақсылық сынағы» 
5. Мәтін мазмұны бойынша 3 сынақтың реттілігі 
A) Жаксылык, керектілік, шындық 
B) Жақсылық, шындық, керектілік 
C) Шындык, керектілік, жақсылық
Д) Керектілік, шындық, жақсылық 
Е) Шындық, жақсылық, керектілік
6. Сократка әңгіме айтушынын соңғы әрекеті 
А) Сократтан алғыс алды 
В) Әңгімесін айта алмады 
С) Әңгімесін қызықты баяндады 
D) Сократтын сынағынан сәтті өтті 
Е) Әңгімесің толық айтып берді 
3-мәтін 
Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында: Қазақ хандығы ту тіккен өңір 
1. Осыдан бес жарым ғасыр бұрын Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілкайыр ханнан бөлініп, 
жүректерінде азаттық пен бостандыктың жалыны жанган елін ертіп, Батыс Моғолстанның Шу .мен 
Талас өзендері аралығындагы Қозыбасы аймағына қоныстанды. Осындай тарихи оқиғаның бастауы 
болған бұл шежіреге толы өнірдің тауы мен тасы, әрбір басқан жері аңызбен еткен кезеңдерден сыр 
шертеді. 
2. Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди" атты енбегінде көрсетілген Керей мен Әз 
Жәнібектің алғашкы хандық құрып, ту тіккен жері - Шу бойындағы Қозыбасы. Ол шоқы Мойынкұм 
ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан. Шу өзенінің арнасы сол кезде Қозыбасы биігіне жақын 
болыпты. 
3. Қозыбасы, Қозыбашы - атауына келер болсақ, тарихи түп дерек көздеріндегі Қазақ мемлекеті 
құрылған аймақ. Этимологиялық магынасы қозының басындай гана тау-төбелі жерлерді білдіреді. 
Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітабында 
Қазақ хандыгынын қүрылған жері - Шу бойы мен Қозыбаеыда деп айтылады. Шу бойы мен Қозыбасы 
тауы - тарихн-географиялық тұрғыдан алғашкыда ХІV-ХV ғасырларда билік еткен Моголстан 
мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір. Бұл ерте заманнан бар жер атауы. Қазақ хандығы осы Қозыбасыда 


87474320427 
75
шаңырақ көтерген. 
4. Көне тарихка үңілсек. Талас пен Шу өзендерінің анғарлары ерте заманнан адам баласының 
тұрағы - мекені болғандығын айғақтайтын белгілерге кептеп жолығамыз. Тарихи дерек кездеріне 
үңілсек, Батыс Түрік қағандығының бастапқы жері Іле, Шу жэне Талас өңірлерің қамтыған. Батыс 
Түрік кагандыгының саяси орталығы түрді мезгілде Шу өңіріндегі Суябта. Баласағұнда және Меркіде 
орналасты. Бұл қалалар өз заманында қайнаган саяси өмірдің куәсі болды. 
5. Осындай ғасырлар қойнауынан бастау алатын қазақ халқының қалыптасуы Қазақстан 
аумағында ежелгі замандардан бері үздіксіз жүрген этноүрдістердің заңды қорытындысы екені 
ғылымда дәлелденген тұжырым. Этногенез үрдісі ярбір тарихи кезеңде өзіне тән айрықша белгілермен 
ерекшелснеді. Сондай ерекше кезеңге XIV - XV ғасырлардағы этноүрдістер жатады. Бүл кезеңнің 
басты белгілерінің біріне қазақ халқының этнос ретінде тарих төріне шығуы жатса керек. 
6. Байырғы Қазақ даласын ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан түркі- оғыз текті ұлыстар 
негізінде қалыптасқан ортак тіл, дәстүр, терретория. менталитеттегі байырғы этностың қайтадан 
«қазақ» деген жаңа атпен тарих сахнасына шыққан кезі. Яғни, бұрыннан әртүрлі аталып келген этнос 
(сақ, гұн, үйсін, түрік, оғыз, түркеш, қыпшақ, т.б.) жаңа этногенес не болды. Жаңадан 
пайда болған «қазақ» этнониміне байланысты, олардың мемлекеті «Қазақ хандығы» деп аталды. 
Жана атауға және жаңа статусқа ие болды. Демек, XV ғасырдың алпысыншы жылдарында-ақ, Қазақ 
хандығы ұлттық құрамы, аумақтық тұтастығы, мемлекеттік басқару жүйесі, сондай-ақ ішкі-сыртқы 
саясаты жағынан қалыптасқан мемлекет ретінде өмір сүріп тұрды. Әрине, оған қазіргі таңдағы 
халықаралық қатынастар жүйесіндегі «мемлекет» өлшемімен қарауға болмайтын. Оның үстіне, 
«мемлекет» деген ұғымның өзі тарихи мәнге ие. Оган ұданы даму, кемелдену негізіндегі тарихи үдеріс 
ретінде қарау керек Өйткені, Қазақ хандығы құрылған XV ғасырда дүние жүзіндегі барлық елдер, яғни 
мемлекеттер біздің бүгінгі ұғымымыздағы мемлекеттік өлшемге жауап бсере алмайтын. Демек, Қазақ 
хандығы алғаш құрылған күннен бастап, сол кездегі Еуропа меи Азияның кез келген елімен тең тұра 
алатын. 
7. Мәтін мазмұны бойынша тұжырымдардың дұрысы 
1. Қозыбасы - Жамбыл тауындағы шоқы 
2. Қазақ хандығы XV ғасырда қалыптасты 
3. Қазақ халқының негізін түркі-оғыз текті ұлыстар кұрады 
A) Бірінші мен үшінші 
B) Біріннші мен екінші 
C) Тек екінші 
D) Екінші мен үшінші 
Е) Үшеуі де дүрыс 
8. мәтіннен 1 және 2-бөлігінің мазмұн жағынан сәйкестігін табыңыз 
A) Қасиетті Мойынқұмның төл тарихы туралы айтылады. 
B) «Қазақ» деген жана аттың тарих сахнасына шыққан кезі туралы айтылды. 
C) Қазақ хандығының Еуропа, Азия елдерімен тең түсе алатынын айтады.
Д) Ежелден қазақ даласын мекендеп келе жатқан ұлыстар туралы сөз болады. 
Е) Қазак хандығының алғаш құрылған жері туралы айтылады. 
9. Мәтін мазмұнының реттілігі 
1. Жәнібек пен Керей сұлтандардың Әбілқайыр ханнан бөлінуі 
2. Жаңа этнонимнің пайда болуы 
3. Алғаш ту тіккен жер 
4. Қозыбасы атауы 
А) 3,4,2,1 
В) 1.3,4,2 
С) 1,2, 3,4
Д) 4,2,1,3
Е) 2.4.3,1 
10. 
Мәтіннің қазақ елінің жаңа атауға жаңа статусқа ие болғандығы туралы айтылатын бөлігі 
А) 1 
В) 3 
С) 5 
Д) 4 
Е) 2 
11. Мәтінде жауабы жоқ сұрақты табыңыз 
A) Қазақ хандығының құрылған жері туралы кімнің еңбегінде айтылған? 
B) «Қозыбасы» атауынын этимологиялық мағынасы кандай? 
C) Алғашқы қазақ хандығын кімдер құрды? 
Д) Қазақ хандығы қай ғасырда қалыптасқан мемлекет болып өмір сүрді? 
Е) Қазақ хандыгының 550 жылдық мерейтойы қашан, қайда тойланды? 
12. 
Мәтінде кездесетін Баласагұн, Меркі, Суяб калаларына байланысты 
ңұсқаны көрсетіңіз 
А) Батыс Түрік қағандығының саяси ортадығы болған. 
B) Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан. 
C) Қозыбасы аймағында қоныстанған. 
Д) Батыс Моғолстан, Шу, Талас өзендері бойында орналасқан. 
Е) Еуропа мен Азияның кез келген елімен теңдесе алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет