3-мәтін
Ырыс пен берекет
Ертеде Бегайдар деген саудагер жігіт болыпты. Ойдан орып, қырдан кырып, табыс тауыпты. Үйіне
дүниеиі қанша үйсе, ол соғұрлым кеми береді екен. Байлығының берекесі болмалты, Бегайдардың
үйлі-баранды көршісі бар екен. Оның мал дегенде бес-алты ешкісі болады, Бірак тұрмысы күннен
күнге гүлдене береді. Бір күні Бегайдар көршісінен:
- Әй, көршім, сенің бала-шағаң бар. Мал дегенде бес-алты тоқал ешкің ғана бар. Бірақ отбасың
берекелі, қарның тоқ. Ал мен жалғыз тұрамын. Үй көрмей сауда жасап, мол ақша табамын. Бірак
берекесі жоқ. Сыры неде? - деп сұрады.
Көршісі:
- Қаратаудың басында мың жасаған данышпан бар. Содан ақыл сұра, - дел жауап берді, Бегайдар
ертесіне дорбасын артынып, жолға шықты. Шаршап- шалдығып келе жатып, бір лашыкка тап болды.
Ішіне кірсе. шал, кемпір және бір бойжеткен қыз бар екен. Бегайдар сусын ішіп, дәм татканнан кейін
шалға жағдайын баяндады. Шал:
- Балам, данышпанға бара жатсаң, менің аманатымды ала кет. Үйде қызым бойжетіп отыр. Соны
қандай адамға берсем болады? - деді. Бегайдар:
- Жарайды, ақсақал, данышпанға тілегіңізді жеткізем, - деп аттанып кетті. Тағы да ұзақжол
жүріп, шаршап-шалдығып, бір бәйтеректің түбіне келіп демалды. Сол кезде бәйтерекке тіл бітіп:
- Әй, Бегайдар, данышпанға барсаң, сұра. Мен тамырымды тереңге жайдым, бірақ бұтақтарым
жеміс бермейді. Сыры неде екен? - деді. Беғайдар оның да аманатын арқалап, жолға шығады. Бір күні
әрең дегенде данышпанға жетгі. Данышпан:
- Иә, балам қандай мұратпен жүрсің? - деді. Бегайдар:
- Терлеп-тепшіп, аяғымнан тозып табыс табамын, бірақ берекесі болмайды. Көршімнің бес-алты
ешкісі, кеп бала-шағасы бар, табысы аз. Бірақ берекесі мол. Сонын сырын іздеп жүрмін. Жолда шал
мен кемпірге, алып бәйтерекке жолықтым. Олардың да тілегін әкелдім, - деп, жолда көрген- білгенін
жеткізді. Данышпан басын шайқап:
- Ай, балам-ай, үйдің берекесі әйелдің алақанына жасырылған. Көршіңе береке кіретіні - ақылды
әйелі бар. Енді кейін қайт. Жолда кездескен бәйтеректің түбінде ат басындай алтын көмілген. Соны
қазып ал. Алтынды шал мен кемпірге беріп, қызын сұра. Ақылды жар алсаң, берекең кіреді, - деді.
Бегайдар данышпанның айтқанын істеді. Бәйтеректің түбінен алтыңды қазып алды. Оны кыздың
қалыңмалына беріп, оған үйленді. Үзамай отбасына береке кіріп, ырысы тұрақтайды. Осылайша, әйелі
87474320427
105
екеуі барша мұратына жетіпті.
7.Көрші үйдің берекесінің сыры
A)Қоңырқай тұрмысында
B)Бала-шағасында
C)Бес-алты ешкісінде
Д) Мол табысында
Е) Ақылды айелінде
8.Әнгіменің түйіні
A)Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетеді.
B)Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.
C)Ырыс алды - ынтымақ.
Д) Ертетұрған еркектің ырысы артық.
Е) Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды.
9.Мәтін мазмұнының реттілігі
1.Данышпан ақылы
2.Кершісінің кеңесі
3.Бәйтерекгің өтініші
4.Лашықтағы әнгіме
A)3,4,1,2
B)2,3,4,1
C)2,4,3,1
D)1,2,3,4
Е)4,1,2,3
10.Қыздын ата-анасына берілген нәрсе
A)Мал-мүлік
B)Бес-алты ешкі
C)Жеміс ағашы
Д) Күміс
Е) Қалыңмал
11. Бәйтеректің жеміс бермеуінің сыры
A)Ағаш кәрі болғандықтан
B)Түбіндегі алтын өсірмегендіктен
C)Суға тапшы болғандыктан
Д) Ауа райы қолайсыз болғандықтан
Е) Тамыры тереңде болғандықтан
12.«Үйдің берекесі әйелдің алақанына жасырылған» сөйлемінің мағынасы
A)Әйел - үйретуші, тәлімгер
B)Әйел - үйлестіруші, үйдің құты
C)Әйел - әдемі, сұлу
D) Әйел - сыншы, бағалаушы
Е) Әйел - қорғаушы, бақылаушы
Достарыңызбен бөлісу: |