Оқу сауаттылығЫ


Бұдан кейін кино түсірем бе, білмеймін



бет39/178
Дата05.02.2024
өлшемі1.33 Mb.
#490919
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   178
Оқу сауаттылығы 100 вариант

Бұдан кейін кино түсірем бе, білмеймін...
-Кино әлеміндегі алғашқы қадамдарыңыз қандай болды?
1.-1992-93 жылдары Америкада жүргенімде режиссер ретінде алғашқы дебютім болды. АҚШ-тың Юта штатында Солт-Лейк-Сити деген қала бар. Сол жердегі кино мамандарына бірнеше сценарий жазып бергенмін. Бір күні кино түсіру алаңына келсем, режиссер жоқ екен. Стив деген продюсер бар еді, материалды өзімнен артық ешкім білмейтінін алға тартып, фильмді қолға алуымды сұрады. Қысқасы, кино алаңына итергендей етіп шығарды. Бұл кездейсоқ жағдай. Мен режиссер емеспін, негізгі мамандығым – кинодраматург. Сөйтіп басталып кетті. Бірнеше бейнеролик түсірдім. Олардың тапсырысымен әлеуметтік жарнама түріндегі екі фильм түсірдім. Алматыға қайтып келгеннен кейін де сценарий жазуды тоқтатқан жоқпын. «Мұстафа Шоқайды» жаздым. «Қазақфильмнің» президентінің орнына Анар Қашағанова келгенде Ақтан Арым Құбат деген қырғыз режиссеріне берген «Келін» сценарийі бойынша түсіруді «Материалды өзіңнен артық ешкім білмейді, әрі бастағаннан кейін аяғына жеткізу керек» дегенді айтып, кино түсіру алаңына итергендей етіп шығарды. Кейбіреулер режиссерлік үшін күресіп жүрсе, мен мәжбүрліктен қолға алдым. Сөйтіп аяқ астынан режиссер болып шыға келдім.
Режиссер ретінде өзіңізді қалай бағалайсыз? Сіздің бойыңызда режиссерлік қасиет басым ба, әлде кинодраматург ретінде мықтысыз ба?
2. –Драматург бола жүріп, көптеген сценарий жаздым. Режиссерге бересің. Кейін кино шыққанда қарасаң, көңілің толмайды. «Әттеген-ай!» дейтін тұстары көп болады. Сценарийді жазғанда бір киноны көз алдыңа елестетіп отырасың. Кино шыққанда қарасаң, сенің алдындағы суретіңмен сабақтаспайды, мүлдем басқа жаққа кетіп қалады. Ештеңе айта алмайсың. Өйткені, режиссердің көзқарасы басқа. Бірнеше рет сценарийлерім ойлағанымдай емес, мүлдем басқа кино болып шыққанда ішімнен өкініп жүрдім. Жалпы, режиссер ретінде біреудің жазған сценарийін түсіре алмаймын. Тек қана өзімдікін түсіремін. Егер бір жерден қате кетсе, тек өзіңнен көресің. Ең бастысы – жауапкершілік. Өзіңе, өз ісіңе деген жауапкершілік. Ешқандай тапсырыспен жұмыс істемеу керек. Жұмысты қолға алдың ба, оны жоғары кәсіби дәрежеде істеу керек. Өз шығармашылығыма баға бере алмаймын. Бірақ, кәсіби дайындықпен келгенім анық.
3. Жауапкершілік дегеннен туады, бір киноға шамамен екі жылдай уақыт кетеді. Бұл аз уақыт емес. Ал менің досым Тимур Бекмамбетов жылына төрт кино түсіреді. Тимурды жақсы көремін. Мәскеуде жүргенде жақын араласатынбыз. Өте дарынды, мықты жігіт. Бірақ, оның кинолары жеңілтек. Көбінесе компьютерге сүйене отырып жасалады. Бұл адамның интеллектісіне байланысты нәрсе емес. Мұнда техникалық, технологиялық интеллект басымдыққа ие болып тұр.
4. Қазір кино түсіру еріккеннің ермегіне айналып кетті. Жақсы кино көргенде адам қуануы керек. Ал қазіргі біздің киноларды көргенде қуана алмайсың. Өйткені, деңгей түсіп кетті. Еліктеу көп. Өз ойымыз жоқ. Жұртты күлдіргіміз келеді. Күлкінің өзі де түкке тұрмайтын болып шығады. Ойсыз. Күлкінің өзінің ар жағында ой болуы керек. Ал қазіргі кинолардағы күлкі – «аха-ха, иха-ха». Бұл дүниелер, яғни соңғы жылдары кино деп түсіріліп, кино ретінде көрсетіліп жүрген дүниелер – кино емес. Баян Есентаева, Нұртас Адамбайлардың түсіріп жүргендері кино деуге келмейді. Мейлі ғой, түсіре берсін. Бірақ, басын ашып алу керек, олардікі ешқандай да кино емес. Басқа нәрсе. Жанрын өзгерту керек шығар, бәлкім. Бұлардың ең басты ойы – ақша жинау. Ал нағыз өнер адамы ақша үшін жазбайды. Мұхтар Әуезов Абайды ақша үшін жазған жоқ. Шәкен Айманов, Сұлтан Қожықовтар ақшаның құнын білетін, бірақ ақша үшін жазбайтын. Ал қазіргілер о бастан-ақ ақшаны бірінші орынға қояды. Қазіргі кинолардың кино дегеннен гөрі бизнес жобаға келетіні сондықтан болса керек. Киноның аты да өзгерді қазір. Кино түсіруге бел будың ба, бүкіл жан-дүниеңмен соған берілесің, үлкен дайындықпен кірісесің. Басында қорқасың. Ылғи сол. Ал кино біткеннен кейін ауырасың. Өзім әр кинодан кейін 3-4 айдай ауырамын. (500 сөз)
13. Қай жауап 1-бөліміннің мазмұнына сәйкес келіп тұр.
1. Ермектің режиссер болуына сценарийді өзі жазуы септік болды.
2. Ермектің режиссер болуына кездейсоқ жағдай себепкер болды.
3. Ермек Тұрсынов еркінен тыс режиссер атанды.
A)Екіншісі
B)Үшеуі де дұрыс
C)Біріншісі
D)Үшіншісі
E)Үшеуі де бұрыс
14. Ермек Тұрсыновтың айтуынша, неге кинодраматургтың дайын фильмге көңілі толмайды?
A)Себебі драматургтің жауапкершілігі басым болады.
B)Себебі актерлердің ойыны ұнамайды.
C)Себебі бар атақ режиссерге тиеселі болады
D)Себебі кинода режиссердің көзқарасы басым болады.
E)Себебі режиссер жұмысын өте жоғары бағалайды.
15. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы Ермек Тұрсыновтың айтқан сын сөзіне сәйкес келеді?
A)Жылтырдың бәрі күміс емес.
B)Михнат болмай, рахат болмас.
C)Қорыққан мен қуанған бірдей.
D)Ер сыншысы – елі.
E)Көз – қорқақ, қол – батыр.
16. 3-бөлімде Ермек Тұрсынов Тимур Бекмамбетовке қатысты не айтады?
A)сын
B)алаңдау
C)мақтау
D)күмән
E)ой-пікір
17. Отандық кино жағдайы туралы қай бөлімде ой қозғайды:
A)Екінші
B)Төртінші
C)Бірінші
D)Барлығы
E)Үшінші
18. Ермек Тұрсыновтың адами қасиеттері туралы қандай ой түюге болады?
A)Ол – Америкада тәжірибе жинақтаған режиссер.
B)Ол –отандық киноиндустрия саласын дамытуға күш салған адам.
C)Ол – өз сценарийлеріне кино түсіріп жүрген танымал режиссер.
D)Ол – білімі мен тәжірибесін ұштастыра білген адам.
E)Ол – жауапкершілігі жоғары және өз ісіне адал адам.
19. 4-бөлімде автор кімге кино туралы ойын өзгерту керек деп кеңес береді?
A)Абайға
B)Шәкенге
C)Сұлтанға
D)Нұртасқа
E)Мұхтарға
20. Сұхбат қандай мақсатпен алынды?
A)Отандық фильмдерге талдау жасау үшін
B)Ермек Тұрсыновты таныстыру үшін
C)Баян Есентаева мен Нұртас Адамбайға сын айтқызу үшін
D)Ермек Тұрсыновтың фильдерін жарнамалау үшін
E)Ермек Тұрсыновтың кино туралы ойын білу үшін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   178




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет