Оқу сауаттылығЫ



бет94/178
Дата05.02.2024
өлшемі1.33 Mb.
#490919
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   178
Оқу сауаттылығы 100 вариант

Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
Әмір Темір тарихтағы жер жүзін бағындырған ең ірі қолбасшылардың бірі. 1336 ж. Кеш ауылында туылған. Жақсы тәлім алған Әмір Темір 1370 ж. Самарқандта таққа отырып Мәуренахрдың билігін қолына алды. Қытаймен Делиге дейінгі бүкіл Азияны, Ирак, Сирия және Измирге дейінгі Анадолыны басып алды. Қытайға жорыққа бара жатып 1405 ж 20 ақпанда қайтыс болды. Қабірі Самарқандта. Өте данышпан және ұлы әмірші болған. Өте көп медресе және кітапханалар аштырған.
Шағатай Мемлекетінің құрамындағы Ташкенттің әкімі болған әкесі Тарағай – атақты Нақши шейхы Әмір Күлалды құрметпен жақсы көретін. Әмір Күлал Әмір Темірге шәкірттерінен Шәмсәддин Күлалды ұстаз қылып тағайындады. Самарқандтағы кесенесінде бас жағында ешқашан жанынан ажырамаған ұстазы Мир Береке, дәл алдында Әмір Күлалдың баласы Омар жатыр. Әмір Темірдің жастық шағында бір қақтығыс кезінде аттан құлап оң аяғы зақымданып, жарамай қалады. Оң қолының екі кіші саусағы сынады. Осыған байланысты, әсіресе дұшпандары оны Тимур – Ланг (парсыша -Ақсақ Темір) деп атап кетеді. Оның үстіне 1941 жылы Кеңес Үкіметі тарапынан қабірі ашылған кезде, 1,70 метр бойымен, оң аяғы ақсақ болған денесін көреді. Қабірінің сыртында «Мазарымды ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады»деп жазылғаны айтылады. Қазба жұмыстарының ертесіне Гитлер Кеңес үкіметіне шабуылдайды.
Әмір Темір 34 жасында Белх билеушісі болды. Шыңғыс ханның ұрпағынан болған бір қызға үйленгені үшін Гурган (Күреган - ханның күйеу баласы) атағымен танылды. Отбасылық абыройын арттырды. Жұрттың өзін Шыңғыс ханның ізбасары деп танығаны үшін, бүкіл Түркістанға (Орта Азияға) билеуші болып Ұлы Түрік хандығының тағына отырды. Сонымен қатар Шыңғыс ханның орынсыз жойып талқандаған қалаларын қалпына келтірді. Басында қолдау көрсеткен Алтын Орда ханы Тоқтамыс оған қиянат еткен кезде барып мемлекетін құлатты. Бұл, тарихшылардың айтуынша, Әмір Темірдің ең үлкен қателігі болды. Осының арқасында орыстар осы жерлерге дейін жайылып үлкен мемлекет құра алғаны айтылады.
(278 сөз)
http://bilim-all.kz/article/3120-Amir-Temirdin-qaitys-boluy




7. Әмір Темірдің қабірі қай жерде орналасқан?
A) Басып алған жерінде
B) Таққа отырған жерінде
C) Жорықта жүрген жерінде
D) Туған жерінде
E) Қайтыс болған жерінде

8. Әмір Темірге неліктен Ақсақ Темір аты берілген?
A) Дұшпандары жек көргендіктен
B) Соғыста аттан құлап, қолын жарақаттағандықтан
C) Соғыс кезінде аяғына оқ тигендіктен
D) Аяғы кем болып туылғандықтан
E) Соғыста аттан құлап, аяғын жарақаттағандықтан

9. Мәтіннің стилі қандай?
A) Ауызекі сөйлеу стилі
B) Публицистикалық стиль
C) Ресми іс-қағаздар стилі
D) Ғылыми стиль
E) Көркем әдебиет стилі

10. Орыстар неліктен жер көлемін ұлғайтып, үлкен мемлекет құра алды?
A) Әмір Темір Орта Азияны билей алмағандықтан
B) Әмір Темір Анадолыны басып алғандықтан
C) Әмір Темір орыстарға жаулап алған жерлерін бергендіктен
D) Әмір Темір Алтын Орданы құлатқандықтан
E) Әмір Темір Ұлы Түрік хандығын басқара алмағандықтан

11. Үзіндіден Әмір Темірдің қандай қасиетін көруге болады?
«Мазарымды ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады»
A) Батыр
B) Көріпкел
C) Саясаткер
D) Білімді
E) Ақылды

12. Әмір Темірге неліктен Гурган атағы берілді?
A) Шыңғыс ханның ұрпағына үйленгендіктен
B) Белх билеушісі болғандықтан
C) Түрік қағанатын басқарғандықтан
D) Жошы ұрпағымен отбасын құрғандықтан
E) Қиратқан қалаларын қалпына келтіргендіктен




Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
Аптап ыстықта саялайтын жер іздеп саябақтағы отырғыштардың біріне бұрылдым. Орындыққа отырмақ болып беттегенімде, көзім сұмдық жағдайдың куәгері болды. 3-4 жасар ұл бала қоқыс тастағыш жәшікті тіміскілеп жүр. «Бұл кім? Не қылған бала?» деген сауалдарға жауап іздеу мақсатында баланы бақылап біраз отырдым. Қарасам, бұл бала жалғыз емес екен. Әр-әр жерде орналасқан қоқыс жәшігін ақтарып, азық іздеп жүрген тағы да екі ұл бала мен кішкентай қызға көзім түсті. Киген киімнің олпы-солпысы шыққан, кір қожалақ. Көкейде маза бермей тұрған сансыз сұрақ мені бір орында отырғызбады. Қолыма бір-екі нәрсе алған соң, аяңдап біреуінің қасына бардым. Жемге келген көгершіндей қалған үшеуі де қасыма жетіп келді. Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге болады. Қолымдағыны ұсынған соң, бұл балалардың ата-анасының қайда жүргенін білгім келді. Сұрасам, «Білмеймін...» деп күмілжіп мұңды дауыспен жауап қатты. Осыдан соң жағдайдың бәрін түсіндім. Басымды еріксіз изедім де орындыққа қайта отырып, ары қарай бақыладым. Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа-тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты. Іштеріне сәл де болса бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» кірісті.
Мұндай оқиғаны алғаш көруім. Бұдан кейін не ойларыңды да білмейді екенсің. Ата-анасы ащы судың жетегіне еріп, балаларды ақша табуға, азық табуға мәжбүрлейді екен, бұл – сол жерде жүрген қала тұрғынының сөзі. Айтуынша, бұл жер балалардың тұрақты мекеніне айналған. Күнделікті елдің қалған-құтқанын жеп, қарындарын тойдыратын көрінеді.
Бұған дейін көшедегі бомждарды көріп, осындай өмірді таңдаған өзі, енді өзінен көрсін деуші едік. Ал ендімынабалаларға не айтуғаболады?! Адам ата-ананытаңдапалмайды. Солбіржауапсызжандардыңкесіріненбақыттышақтарынкөшеденазықіздеуменалмастырыпжүргендеріөтеөкінішті-ақ... Оқушыбіткенжазғыдемалыстыңаяқталмауынтілеуде. Ал, мынабалалардыңекеуімектептерінаңсапжүр. Арнаулымектепкебаратындардыңолжердекиеркиіміұқыпты, тамақтарытоқ, жатарорны таза. Мектепжасынатолмағанқалғанекеуіше? Олар не күнкөреді? Жазда,жарайды,әрбірқарағашоларғасая, кез-келгеншүбереккиім. Қысташе? Қақағанаяздаүсіпөлсе, бұлардыіздейтінжан бар ма? Жоқәлде, көмусізаң-құстыңазығынаайналармаекен? Бұлтұстақылыштыкімгесілтерімді де білмеймін. Бала тәрбиесіне қарамайтын ата-анағама, жоқәлде тек екеудіқамқорлығынаалғанүкіметкеме? Ата-анаданендіқайыржоқ, олбелгіліжайт! Үкіметендімынаекеуді де далағақаңғытпайқарамағынаалсаекен. Мендегіжалызтілек осы! (365 сөз)
http://massaget.kz/blogs/oy_tolgaular/18005/




13. Мәтін мазмұнына қандай тақырып сәйкес келеді?
A) Жас балалар
B) Қараусыз қалған балалар
C) Азық іздеген төртеу
D) Мейірімсіз ана
E) Саябақтағы оқиға

14. Саябақ балалардың өмір сүру мекеніне айналғандығы туралы көзқарас кімнің атынан айтылады?
A) Демалушылардан естиді
B) Өздері қатарлас балалар айтады
C) Саябақтың күзетшісі айтады
D) Қаңғыбас адамдар айтады
E) Жергілікті тұрғындар айтады

15. Мәтіндегі «жауапсыз жандар» тіркесі кімдерге бағытталған?
A) Қоғамдық ұйым басшыларына
B) Әлеуметтік орталық өкілдеріне
C) Мектеп мұғалімдеріне
D) Балалардың әке-шешелеріне
E) Үкімет басындағы азаматтарға

16. «Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа -тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты» деген сөйлем кішкентай қыздың қандай әрекетін көрсететінін болжаңыз.
A) Шарасыздығы
B) Жиіркеніші
C) Өкініші
D) Жек көрушілігі
E) Сенімділігі

17. Мәтіннен кейіпкердің ой толғамын білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.
A) Іштеріне бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» кірісті.
B) Бұл жер балалардың тұрақты мекеніне айналған
C) Кішкентайқызтоғынарықтағысуменбасты
D) Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды іздейтін жан бар ма?
E) Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге болады.

18. Мәтіннің үшінші абзац мазмұнына сай келетін тақырыпты көрсетіңіз
A) Күнкөріс
B) Жолы болмаған балалар
C) Тұрақты мекен
D) Шынайы тілек
E) Саябақ

19. Кейіпкер не себептен балаларды бақылап отырды?
A) Балалардың кім екендігін анықтау үшін
B) Балаларға қол ұшын беру үшін
C) Балалар әрекеттеріне қызыққандықтан
D) Балалар әрекеттерінен жиіркенгендіктен
E) Балалардың әрекеттерін құптағандықтан

20. «Үкімет енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса екен. Мендегі жалыз тілек осы!» деген сөйлем автордың қандай сезімін көрсетеді?
A) Балалардың өміріне алаңдау
B) Балаларға қол ұшын беру
C) Балалардың тағдырын шешу
D) Балаларға жақсы тілек айту
E) Үкіметке үміт арту





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   178




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет