Оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


Құндылыққа бағдарланған оқытуды іске асыру бойынша ұсыныстар



Pdf көрінісі
бет25/78
Дата04.08.2023
өлшемі1.9 Mb.
#475959
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   78
ӘНХ - 2023-2024 оқу жылы ЖОБА

Құндылыққа бағдарланған оқытуды іске асыру бойынша ұсыныстар
Оқыту барысында құндылықтарды басшылыққа ала отырып, білім 
алушының құзыреттілігін дамыту сабақты мағыналы және тиімді етеді, өйткені 
бұл процесс білім алушының өмірінің бір бөлігі болып табылады және оның жеке 
басының қалыптасуына ықпал етеді. Сабақ барысында құндылықтарды 
дамытуды дұрыс ұйымдастыру, дұрыс құрылған сабақ оқу мақсаттарына 
құрылған нәтижеге жеткізеді. 
Құндылықтарға бағдарланған тәсілқазақстандық патриотизмді
толеранттылықты, өз елінің өткен тарихына, ата-бабаларымыздың әдебиеті, 
мәдениеті мен әдет-ғұрыптарына құрмет көрсетуді жүзеге асырудың 
мүмкіндіктерін көздейді.
Тұлғаға бағытталған, іс-әрекетке негізделген тәсілдерді жүзеге асыру 
бойынша ұсыныстар 
Тұлғаға бағытталған тәсілдің мақсаты оқу процесін дараландыру, оның 
жеке психикалық және дене бітімі ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен мінез-
құлық уәждерінің
әлеуетті мүмкіндіктерін ескере отырып білім алушыны тұлға 


34 
ретінде үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық 
қабілеттерін толық ашу болып табылады. 
Педагог білім алушыны тілдік пәндер мазмұны арқылы рухани жағынан 
тәрбиелеу, гуманистік дүниетанымын, азаматтық, патриоттық сана-сезімін, 
әдебиетке және ұлттық құндылықтарға, отандық және әлемдік мәдениетке деген 
сүйіспеншілігі мен сыйластығын қалыптастыру мақсатында жұмыс жасайды. 
 
МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА 
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және 
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 
бұйрығына сәйкес: 

бастауыш білім беру деңгейінде «Математика» және «Цифрлық 
сауаттылық» (1-4 сыныптар); 

негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика» (5-6 сыныптар), 
«Алгебра», «Геометрия» (7-9 сыныптар) және «Информатика» (5-9 сыныптар); 

жалпы орта білім беру деңгейінде «Алгебра және анализ бастамалары», 
«Геометрия», «Информатика» (10-11 сыныптар) пәндері оқытылады. 
Жоғарыда аталған пәндер бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан 
Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік 
оқу жоспарларын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығының 
(өзгерістер мен толықтыруларға ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022 ж. № 412 
бұйрығымен енгізілген) 1–3, 11–15-қосымшаларында (1-4 сыныптар), 6–8, 16–
20-қосымшаларында (5-9-сыныптар), 21–30, 85–90-қосымшаларында (10-11-
сыныптар) көрсетілген.
Бастауыш білім беру деңгейінде «Математика және информатика» білім 
беру саласының мазмұны білім алушыларда қоршаған болмыстың алуан түрлі 
объектілері мен құбылыстарын сипаттау үшін бастапқы математикалық білімді 
қалыптастыруға; ауызша және жазбаша есептеу алгоритмдерін игеруге; есептер 
шығарудың жалпы амалдарын, өлшем және есептеу дағдылары негізінде 
логикалық пайымдаулар түзе білу машықтарын дамытуға; ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың қарапайым құралдарын қолдану 
дағдыларын, ақпаратты іздеу, таңдау, жеткізу, объектілер мен процестерді 
жобалау, кестелермен, схемалармен, графикалармен және диаграммалармен 
жұмыс істеуде ең қарапайым әдістерді қолдану, интерпретациялау және 
деректерді беру машықтарын қалыптастыруға бағытталған. 
Негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика және информатика» білім 
беру саласының мазмұны математика мен информатиканың әлемдегі рөлін 
айқындау және түсіну қабілетін қалыптастыруға; математиканы ғылымның 
әмбебап тілі, құбылыстар мен процестерді модельдеудің құралы ретінде 
түсінуге; математика мен информатиканы оқыту кезінде орта білім беру 
деңгейлеріндегі сабақтастықты, пәнаралық және пәнішілік байланыстарды; 
жалпы орта білім беру деңгейінде оқуды жалғастыруға және сабақтас пәндерді 


35 
оқуға, оларды күнделікті өмірде пайдалануға қажетті базалық математикалық 
білім мен біліктерді меңгеруге; бағдарламалау технологиясының және 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың 
теориялық 
негіздері 
бойынша базалық білім жүйесін, информатиканы және басқа да пәндерді оқу 
кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана 
отырып шынайы объектілер мен процестердің модельдерін қолдану және 
түрлендіру біліктерін меңгеруге; функционалдық сауаттылықты, логикалық, 
алгоритмдік және операциялық ойлауды, кеңістікті елестетуді, математика мен 
информатиканың түрлі тілдерін (сөздік, символдық, талдамалық, графикалық) 
пайдалану қабілеттерін, әртүрлі нысанда берілген ақпаратты қабылдау және 
сын тұрғысынан талдауды дамытуға бағытталған. 
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Математика және информатика» білім 
беру саласының мазмұны білім алушылардың келесі білім алу деңгейінде 
табысты оқуы, сондай-ақ практикалық есептерді шешуі үшін қажетті 
математикалық білім жүйелері мен біліктерін және математикалық мәдениетті 
дамытуға; функционалдық сауаттылықты, абстрактілі, логикалық, алгоритмдік 
және есептік ойлауын дамытуға; есептерді шешу және ақпараттық 
технологиялардың құралдары мен әдістерін меңгеруге; білім алушылардың 
қоршаған әлемнің математикалық заңдылықтары туралы түсініктерін жүйелеу 
және дамытуға, олардың математикалық құралдар мен әдістер тәжірибеде 
барлық білім салаларында құбылыстар мен процестерді сипаттау және 
зерттеуде қолданылатынын жете түсінулеріне; объектілер мен процестерді 
модельдеу ептіліктерін дамытуға бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет