Оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


АУЫЛДЫҚ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ



Pdf көрінісі
бет55/78
Дата04.08.2023
өлшемі1.9 Mb.
#475959
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   78
ӘНХ - 2023-2024 оқу жылы ЖОБА

2.11 АУЫЛДЫҚ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ 
САПАСЫН АРТТЫРУ 
Ауылдық шағын жинақты мектептер ерекше назар аударуды және 
проблемаларды шешуде қалыпты емес көзқарасты қажет етеді. 


79 
Білім берудің жаңаша бағыты педагогтердің алдына білім алушылардың 
белсенділігін арттыруға ықпал ететін заманауи білім беру технологияларын іздеу 
міндетін қояды және білім алушыны объект ретінде емес, субъект ретінде 
қарауды ұсынылады.
Ауылдық шағын жинақты мектепті дамытудың жаңа деңгейіне қол 
жеткізу: мектептерді сапалы интернетпен, цифрлық оқу жабдықтарымен 
қамтамасыз ету, электрондық оқулықтар мен цифрлық білім беру ресурстарын 
пайдалана отырып, әртүрлі онлайн білім беру платформалары арқылы цифрлық 
білім беру кеңістігінде жұмыс істеу үшін тірек және ауылдық шағын жинақты 
мектептердің педагогтері мен білім алушыларын даярлау сынды кешенді тәсілді 
талап етеді. 
Қолда бар статистикалық деректерді, халықаралық тәжірибені, сондай-ақ 
зерттеу нәтижелеріндегі талдауды ескере отырып, қазіргі уақытта келесідей 
жобаларды іске асыру арқылы шағын жинақты мектеп проблемаларын кешенді 
шешу мүмкіндігі көзделіп отыр. Оларға: 
1) Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдық және шағын жинақты 
мектептерінің педагогтері мен білім алушыларын қолдау бойынша 
«Microsoft» компаниясымен бірлескен жоба (2023 жылғы қаңтардан 
басталды)
Аталған жобаны пилоттық режимде іске асыру бағытында 7 тірек, 18 
магнитті, барлығы 25 мектеп анықталды. «Microsoft» компаниясы 
«Математика», «Информатика», «Физика», «Химия», «Биология», «География», 
«Тарих», «Ағылшын тілі» пәндері бойынша 107 педагог және педагогтерге 
техникалық қолдау көрсететін 10 IT-маманды оқытуды ұйымдастырды. Барлық 
педагогтер мен білім алушылар үшін есептік жазбалар жасалды, пилоттық 
мектептерге оқу процесінде «Microsoft» өнімдерін пайдалануға лицензиялар 
бере отырып, верификация рәсімі жүргізілді, пилоттық мектептерде «Microsoft 
365 А3» платформасы орнатылды. Академия жоспарлы түрде педагогтерді 
қолдау бойынша іс-шараларды ұйымдастырып келеді. Онда: педагогтердің 
кәсіби қиындықтары мәселелері бойынша кеңестер беріліп, онлайн-сессиялар; 
білім беру процесінде «Microsoft 365А3» платформасының мүмкіндіктерін 
пайдалану бойынша педагогтер мен білім алушыларға арналған нұсқаулықтар 
әзірленді. Алдағы уақытта жобаны барлық өңірдің шағын жинақты мектептеріне 
масштабтау жоспарланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет