69
1) бірнеше педагогтардың сабақтарды, оқу іс-әрекеттерін бірлесіп
жоспарлауы (оқу материалын қайталау, бекіту, олқылықтарды жою үшін
қарапайым оқу тапсырмаларын орындау, қателерді талдау және жою бойынша
оқу іс-әрекетін алгоритмдеу және т. б.);
2) оқу қызметі барысында сүйемелдеу және
консультация беру;
3) бірінші сынып оқушылары мен осал балалардың психологиялық
бейімделуін қамтамасыз ету;
4) оқу қызметін ынталандыру (көтермелеу, табысқа жету жағдайларын
жасау, оқу процесіне белсенді қатысуға ынталандыру және т.б.);
5) білім алушылардың оқу қызметі мен жетістіктерінің мониторингі (білім
алушылардан үнемі сұрап отыру, оқу тапсырмаларының
орындалуын тексеру,
кері байланыс, өзін-өзі бағалауды жандандыру және т.б.);
6) қосымша сабақтар және өзара көмекті ұйымдастыру;
7) білім алушыға қолдау көрсету бойынша ата-аналармен жұмыс;
8) дербес тапсырмаларды орындау үшін қашықтықтан оқыту жүйесін
пайдалану.
Оқу жылы ішінде үлгерімі төмен білім
алушылардың біліміндегі
олқылықтардың орнын толтыру бойынша келесі міндеттерді шешуге
бағытталған жұмысты жалғастыру ұсынылады:
- білім алушының артта қалуының себептерін анықтау және оның оқу
жетістіктерінің деңгейін және білімдегі олқылықтарды анықтау;
- жеке қолдау көрсету үшін білім алушының қажеттіліктерін зерделеу;
- сараланған тапсырмаларды таңдаумен жеке оқу жоспарын әзірлеу;
- тұрақты кері байланыс жүргізу.
Педагог білім беру қажеттіліктерін және
білім алушылардың жеке даму
траекториясын ескере отырып, пән бойынша үлгерімі төмен білім алушылардың
білімін толықтыру алгоритмін дербес әзірлейді. Мысалы:
- өткен және ағымдағы оқу жылдарындағы оқу мақсаттарын, оқу пәні
сабақтарының тақырыптарын біріктіру;
- өткен оқу жылының материалын жаңа оқу жылының барлық кезеңіне
пәндер бойынша бөлу;
- жаңа тақырыпты/оқу мақсатын оқымас бұрын оқу материалын қайталау;
- білім алушыларға қиындық тудырған
тақырыптар бойынша қосымша
сабақтар өткізу;
- білім алушыларға оқытудың күрделі тақырыптары/мақсаттары бойынша
жеке және топтық консультациялар өткізу;
- пән бойынша өткен оқу материалдары бойынша олимпиадалар
ұйымдастыру;
- демалыс мектептерін ұйымдастыру;
- формативті бағалау жүргізу кезінде өткен
бағдарлама бойынша оқу
тапсырмаларын әзірлеу және енгізу;
- өткен оқу жылындағы материалды пайдалана отырып, зерттеу және
жобалау жұмыстарын іске асыру;
70
- білім беру ұйымдарының, оның ішінде гимназиялардың/лицейлердің
Типтік оқу жоспарларының вариативтік компонентінің
сағаттарын білім
алушылардың білімін толықтыру бойынша сабақтар өткізуге пайдалану;
- білім беру платформаларын пайдалану.
И. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2022 жылы «Үлгерімі төмен
Достарыңызбен бөлісу: