Ұйқының физилогиялық табиғаты.
Ұйқыдағы адам миының электрлік процестерін зерттеу туралы қазіргі заманғы деректер ұйқы кезінде ми белсенділігі белгілі бір кезеңде күндізгі сергек жағдайға қарағанда жоғары болатындығын көрсетті. Ми қыртысында баяу және ірі электр толқындары пайда болатын баяу ұйқы кезеңін ажыратады. Бұл құбылыс терең ұйқы жағдайына тән. Екінші кезеңді тез ұйқы дейді. Бұл кезеңде мидың биоэлектрлік белсенділігі қисығында өте ұсақ және жылдам толқындар пайда болуына байланысты. Тез ұйқы кезеңінде көз қимылдайды, қан қысымы жоғарылайды, тамырдың соғуы және тыныс жиілейді, зат алмасуы күшейеді. Мұның барлығы сергек адам миының күйін еске түсіреді. Таңғаларлық жағдай – адам ұйықтайды, ал оның миы сергек сияқты көрінеді.
Ұйықтау кезіндегі барынша айқын физиологиялық өзгерістер бас миында орын алады.Ми ұйқы кезінде, әсіресе, баяу ұйқы кезінде, ояу жүргенге қарағанда әлдеқайда аз энергияны пайдаланады. Белсенділігі төмендеген аумақтарда ми энергияны қысқа мерзімді сақтау және тасымалдау үшін пайдаланылатын молекула аденозинтрифосфаты (АТФ) қорын қалпына келтіреді. Негізгі гормондардың қажетті көлемде шығарылуы орын алады. Тыныш ояу жүру кезінде, ми дене энергиясы пайдаланылуының 20%-ына жауап береді, осылайша бұл төмендеу энергияның жалпы тұтынылуына едәуір әсер етеді. Баяу ұйқы кезінде адамдар өсу гормонын бөледі. Барлық ұйқы, тіпті күндізгі ұйқы да пролактин секрециясымен байланысты. Ұйқы кезіндегі өзгерістерді бақылау мен өлшеудің негізгі физиологиялық әдістеріне ми толқындарының электроэнцефалографиясы (ЭЭГ), көз қимылдарының электроокулографиясы (ЭОГ) және қаңқа бұлшықеттері белсенділігінің электромиографиясы (ЭМГ) жатады. Бұл өлшемдерді бір мезгілді жинау полисомнография деп аталады және мамандандырылған ұйқы зертханасында орындалуы мүмкін. Ұйқыны зерттеушілер сонымен қатар жүрек белсенділігін анықтау үшін жеңілдетілген электрокардиографияны (ЭКГ) және қозғалыс қимылдары үшін актиграфияны пайдаланады.
Ұйқы құрылымы
Ұйқы – адам мен жануарлар ойының дем алатын басты уақыты. Ұйқы уақытында ми тежелгенмен оның кейбір бөліктері ұйқыны қамтамасыз ету үшін жоғары дәрежеде жұмыс жасайды. Адамдарда ұйқы уақыты басты екі кезеңнен тұрады: баяу және терең ұйқы. Ұйқы алғашқы кезеңде баяу ұйқыдан басталады. одан кейін терең ұйқы уақыты келеді. ПОЛИСОМНОГРАФИЯ- ұйқыны жазып алушы құрал. Бұл құрал бойынша адамдарда 80-100 минут ұйқының ішінде 4-6 толқын өзгеру циклы білінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |