Популяция динамикасы
Егер кез-келген популяцияға сыртқы орта факторлары шектеулік жасамаса, теориялық сандық жағынан шексіз өсуге бейім. Бұндай гипотетикалық жағдайда, популяцияның өсу жылдамдығы сол түрдің биотикалық мүмкіншілік көлеміне байланысты. Р.Чепмен бойынша (1928),бұл бір жұптың теориялық жағынан алғандағы максимум ұрпақ беру көрсеткіші. Уақыт бірлігі ретінде мысалға, бір жыл немесе бүкіл өмір сүру кезеңі алынуы мүмкін.Әр түрлі түрлерде бұл шама әртұрлі.Табиғатта популяцияның биотикалық мүмкіндігі толығымен жүзеге асырылмайды.
Популяцияның жалпы сандық өзгергіштігі мына төрт жағдайға байланысты: особтардың тууы, өлуі, бір жерге тұрақтануы мен басқа жаққа қоныс аударуы (миграция).
Белгілі мөлшердегі ұстап тұру популяция гомеотазы деген атқа ие болды. Популяциялық гомеостаз механизмі түрдің экологиялық ерекшелігіне, оның қозғалысына, жыртқыштар мен паразиттердің әсер ету көрсеткіштеріне және т.б. жағдайларға байланысты. Кейбір түрлерге бұл жағдайлар көптеген даралардың қырылуына әкеліп, қатты әсер етсе, кейбір түрлерге тек шартты рефлекстік негіздегі ұрпақтың төмендеуімен ғана шектеледі.
Популяцияның сандық жағына әсер етуші көптеген факторлардың арасынан модифицирлеуші және реттеушілерін бөліп қарау керек.
Модифицирлеуші факторлар - популяцияның сандық өзгерісін тудырып, өздері сол өзгерістің әсерін сезбейді, яғни, олардың әсері бір жақты. (Бұл ағзаға абиотикалық әсер етуші,олардың қоректерінің сандық және сапалығы, жауларының белсенділігі және т.б.).
Реттеуші факторлар - тек популяцияның саның өзгертіп қана қоймайды, оның кезекті оптимумынан қазіргі жағдайына дейінгі ауытқушылығын қалыпқа келтіреді. (Бұлар тірі ағзалардың өзі).
Популяция динамикасының негізгі үш типін бөлуге болады:
1.Әр жылдардағы сандардың салыстырмалы түрлегі аздаған ауытқушылығы.
2.Популяция динамикасының мерзімдік типі
3.Популяция динамикасының массалық көбею ошағындағы көп жылдық типі.
Популяция санының флуктуациясы. Егер популяция өсуін тоқтатса және N/t шамасы орташа «0», популяция тығыздығы өсудің шектік деңгейіне қатысты флуктуацияда тепе – теңдікті анықтайды. Осындай флуктуациялар физикалық ортаның өзгеруі нәтижесінде, немесе популяция ішілік өзара қарым – қатынастардың нәтижесінде, немесе көршілес популяциялармен байланысу нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Табиғи популяциялар үшін ажыратуға болады: 1) сандардың маусымдық өзгерісі, олар тіршілік циклдарының бейімделушіліктерімен реттелінеді, және де 2) жылдық флуктуациялар. Соңғысын екі топқа бөлуге болады:
а) жыл бойында әртүрлі факторлармен негізделінген флуктуациялар, және б) популяцияның динамикалық өзгерістерімен байланысты флуктуациялар (жеткілікті қорек немесе энергия, аурулар сияқты биотикалық факторлармен). Популяциялар көлемінің маусымдық ауытқушылығының мысалдары – масалар мен шіркейлер бұлттары, орманның құстармен толуы осының барлығы өз уақытында болады. Осы ағзалардың популяциялары басқа маусымдарда іс жүзінде жоққа сәйкес келеді.
Солтүстіктегі сүтқоректілер мен құстардың кейбір түрлеріндегі сандардың ауытқуы классикалық мысал бола алады, оларда 9-10, 3-4- жылдық циклдер байқалады (9-10 жылдық санның ауытқуы ақ қоян мен сілеусінде, 3-4 жылдық циклдер солтүстіктегі тышқантәрізді кеміргіштер – леммингтер, тышқандар, тоқалтіс және олардың жыртқыштары – полярлы үкі мен ақ түлкі).
Популяциялар санының циклдық өзгеруінің механизмдерін түсіндіретін теориялар бөлінеді: 1) метеорологиялық теория; 2) кездейсоқ флуктуациялар теориясы; 3) популяциялардың өзара қатынасы теориясы және 4) трофикалық деңгейлердің өзара қарым-қатынасы теориясы .
Достарыңызбен бөлісу: |