Туылым. Туылым – популяцияның санын көбейтуге қабілеті. Оны уақыт аралығында t популяцияда туылған Nn даралардың санымен (тұқым, далалар) анықтайды.
N/t – абсолюттік туылымда.
Саны жағынан әртүрлі популяцияларды өзара салыстыру қолайлы болуы үшін Nn/t шамасын әдетте t уақыт аралығынң басындағы даралардың жалпы санына жатқызады. Nn/Nt алынған шаманы – сыбағалы туылым деп атайды.
Максимальды және экологиялық немесе жүзеге асырылатын туылымдар ажыратылады. Максимальды туылым – қолайлы жағдайда жаңа даралардың пайда болуының теориялық максимальды жылдамдығы (егер шектеуші экологиялық факторлар болмаса, онда көбею тек қана физиологиялық жағынан жүреді). Осындай популяция үшін максимальды туылым тұрақты. Максимальная рождаемость постоянна для данной популяции. Экологиялық немесе жүзеге асырылатын туылым ортаның арнайы немесе нақты жағдайында популяция санының көбеюін білдіреді. Осы тұрақсыз, сонымен бірге ортаның физикалық жағдайына және популяцияның көлемімен жастық құрамына тәуелді ауытқиды.
Өлім (тірі қалу). Өлім – туылымға қарама – қарсы шама, t - Nm/t = d уақыт ішінде қырылған Nm даралардың саны ретінде анықталады.
Экологиялық немесе жүзеге асырылатын өлім – ортаның нақты жағдайындағы даралардың қырылуы. Бұл шама тұрақсыз, орта жағдайы мен популяцияның күйіне тәуелді өзгереді. Өлімнің теориялық минимальды шамасы популяция үшін тұрақсыз; қолайлы жағдайда даралардың қырылуы болып табылады, ол кезде популяция шектеуші фактордың әсеріне ұшырамайды. Тіпті ең жақсы жағдайдың өзінде даралар кәріліктен өледі. Осы жас өмір сүрудің физиологиялық ұзақтығымен анықталады, ол жиі өмір сүрудің орташа экологиялық ұзақтығынан аздап ұзағырақ болады. Өлімнің шамасы оң немесе нөлге тең болуы мүмкін. Экологияда пайдаланылатын өлімнің шамасы даралардың қандай жағдайда өлгеніне қарамастан (кәріліктен, аурудан, жем болу, басқа да қолайсыз факторлардың әсерінен (масыла пестицидтермен улану)) барлық өлген даралардың санын ескереді. Туылым мен өлімнің айырмашылығы – сандардың өзгеруін бақылау жылдамдығы r. Сандар динамикасының негізгі динамикасын r=b – d сияқты жазуға болады. Егер туылым өлімге тең болса (b=d), онда сандар тұрақты болып қалады және популяция тұрақты күйде болады. Дұрысырақ, азғана интервальда bd.
Кесте негізінде құрылған популяцияның қисық құрылымы даралардың өмір сүру ұзақтығы бойынша информативті болуы мүмкін. Р. Перль ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында экологияға қисық тірі қалу түсінігін енгізді, олардың бір бірімен аралық нұсқаларымен байланысқан негізгі үш түрін ажыратты.
Жас, өмір сүру ұзақтығы %
Достарыңызбен бөлісу: |