ЭКОЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.
Экожүйенің трофикалық құрылымына қатысты көзқарасты екі ярусқа бөлуге болады: 1) жоғары бөлікті автотрофты (өздері қоректенетіндер) ярус, оларға өсімдіктерді немесе хлорофиллдері болатын жарық энергиясын сүзгіден өткізе алатын, жай неорганикалық қосылыстарды пайдаланатын және күрделі органикалық қосылыстарды жинақтайтындары жатқызамыз; 2) төменгі гетеротрофты (басқаларымен қоректенетіндер) ярус, күрделi заттарды жіктеу және қайта құру, қайтадан тазарту сипатындағы ярус.
Сурет 9. Жер беті және су экожүйелерінің жалпы құрылымы (Ю. Одум бойынша, 1986)
Биологиялық көзқарас бойынша экожүйенің құрамындағы компоненттерді бөліп қарастыру ыңғайлы:
органикалық емес заттар (C, N, O2 H2O және т.б.), айналымға қатысатындары қосқанда;
органикалық қосылыстар (белоктар (ақуыздар), көмірсулар, майлар және т.б.), биотикалық және абиотикалық бөліктерімен байланыстырушылар;
Ауалық, су және субстратты орта, ауа-райының режимін және басқа физикалық факторларды қосқанда;
автотрофты ағзалар, продуценттер, негізінен жасыл өсімдіктер;
гетеротрофты ағзалар, макроконсументтер немесе фаготровтылар, негізінен басқа ағзалармен немесе органикалық заттармен қоректенуші жануарлар;
гетеротрофты ағзаларға жататын микроконсументтер, сапротрофтылар, деструктылар немесе осмотрофтылар, өлі ұлпалардың күрделі байланыстарын бұзады, кейбір азық-түлікті жіктеп сіңіреді және продуценттердің пайдалануы үшін жарамды органикалық емес қоректік заттарды босатады, сонымен қатар энергия көзі болуға, биотикалық экожүйе үшін ингибитор немесе реттегіш ретінде қызмет атқаруға икем болатын негізінен бактериялар, саңырауқұлақтар.
Экологияны зерттеуді бастаудың жақсы әдістерінің бірі – шағын тоғандар мен шабындықтарды зерттеу, мысалында экожүйенің негізгі сызықтарын талдауға және жерүсті экожүйесін және су табиғатын салыстыруға ыңғайлы.
Су жүйесінің негізгі компоненттері төмендегідей:
1.Абиотикалық заттар. Бұл негізінен органикалық және органикалық емесқосылыстар – су, көмірсутектің екі тотығы, тұздар Са, N, Р, аминқышқылдары, гумин қышқылы және т.б. Тіршілік үшін қажетті қоректік элементтердің аздаған бөлігі ерітіндіде және ол ағзалар үшін қолжетімді, бірақта олардың саны бұзылған өнімдерде көбірек болады, сонымен қатар ағзалардың өз ағзаларында жасалады. Қоректік заттардың ерітіндіге өту жылдамдығы, күн сәулесінің түсуіне, температуралық циклдарға, күннің ұзақтығына және де ең маңыздысы ауа-райының - басқа ауа-райының жағдайларына ауысуы, барлық экожүйе қарқындылығының күн сайынғы реттелуіне байланысты.
Продуценттер. Тоғандарда продуценттердің екі басты типі болуы мүмкін: 1) ұсақ өзендерде (макрофиттер) кездесетін тамырланған немесе жүзетін ірі өсімдіктер; 2) ұсақ жүзетін өсімдіктер, негізінен балдырлар – фитопланктондар, судың түп тереңдіктеріндегі жарықтың таралу аймағына дейін таралған. Судағы фитопланктонның көп болуы көкшілдеу түске, басқа жағдайда продуценттер олардың қатысуына сезіктенбейтін және кездейсоқ маман емес бақылаушыға айналады. Өзендер мен тоғандардың (сонымен қатар мұхиттардың) терең түкпірлерінде бекіген өсімдіктерге қарағанда фитопланктондар үлкен роль атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |