Бақылау сұрақтары:
Популяциялардың кеңістіктегі құрылымының бейімдеушілік маңызы қандай?
Популяцияда даралардың кеңістікте таралуының негізгі үш түрін атаңыз.
Популяцияның кеңістік – этологиялық құрылымы ұғымы нені білдіреді?
5.3.ПОПУЛЯЦИЯЛАР ГОМЕОСТАЗЫ
Популяция гомеостазы.Ортамен динамикалық тепе – теңдікті қолдауда тұтас биологиялық жүйе ретінде популяция гомеостазының қағидасы жасалынды.
Популяциялық гомеостаздың барық көптеген механизмдерін үш маңызды фукциялық категорияға біріктіруге болады: 1- кеңістік құрылымда бейімделгіштік сипаттын қолдау, 2 – генетикалық құрылымды қолдау, 3 – мекендеушілер тығыздығын реттеу. Барлық тірі ағзалар типтерінің популяцияларына гомеостаз функциясы тән.
Кеңістіктегі құрылымды қолдау.Аймақтары «жекелендіру» механизімі отырықшы түрлерге тән. Оған аймақтың ,мінез – құлықтың стереотипі жатады (аумаққа даралардың үйірлігі, шекараны белгілеу, аймақтың қатаңдығы). Аймақтың ,мінез – құлықтың реттегіштігі организмде генеративті жүйе мен гормондық фонның үйлесімділігіне негізделген. Иерархияны қостау механизмдері (популяция, құрамында даралар сапасының әртүрлігіне негізделген жануарлардың қатар (бірдей) бағыну жүйесі). Даралардың жеке әртүрлі сапалығы (негізінен, топологиялық, жастық, физикалық, жыныстың белгілердің ерекшелігі бойынша тұрақты иерархия болудың маңызды шарты.
Генетикалық құрылымды қолдау.Топ – 1 – эволюциялық процестің қарапайым бірлігі. Популяцияның гендік құрлымын ең алдымен, нақты тіршілік ету жағдайына популяцияның бейімделу барысында пайда болған ерекшеліктер мықты жалпы түрлік қасиет ретінде кіретін популяциялық генофондықтың алуан түрлігімен анықталады.
Гетерозиготалықтың жоғарғы деңгейін қолдау өзгермелі орта жағдайларында популяциялық жүйенің тұрақтылығын сақтаудың міндетті шарты, егер популяцияда бейімделгіштік қасиеттердің жеке өзгергіштік диапозоны вариациялық қисық түрінде болса, онда оның орташа ерекшеліктері (сипаттары) осы қасиеттердің орташа құрамына әсер етеді, ортаның өте тұрақты жағдайлары. Осы орта жағдайлары өзгерген кезде модальды топқа кіретін өзгерген жағдайға бара – бар жаққа ығыстырылған (кеткен) даралар өте бейімделгендер болып шығады.
Генетикалық гетерогенділікті қолдау механизсдерінде иеархия мен жеңіс құмарлық басымдылығының жыныстық талғампаздылықтың қозғыштықпен пен орын ауыстырудың маңызы өте зор.
Достарыңызбен бөлісу: |