Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



Pdf көрінісі
бет32/72
Дата10.10.2023
өлшемі0.78 Mb.
#480311
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72
panshina-pedagogikalyk

Ковалева Г. С. Особенности национальных 
экзаменов в ряде стран мира // 
http://centeroko.ru/public.htm
1.4.4-бөліміне 2-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
Үзілісте Николай Иванович Кодак мұғалімдер бөлмесіне кіріп, 
амандасып, біреумен сөйлесті. Жас мұғалима күлді: 
– Ой, Николай Иванович, сіз маған сондай зейін салып қарағандай 
болып көріндіңіз. Маған жүйеге келгелі тұр деп ойладым... 
Бұл директор мұғалиманың сабақтары жүйесіне қатысуға 
жиналған екендігін білдіреді. Мұнда ешкім бір сабаққа қатысып, 
содан кейін қорытынды шығармайды, себебі директордың қатысу 
мақсаты мұғалімнің кездейсоқ қателіктерін табу емес, мұғалімді 
қорқыту (директор келеді!) емес, тіпті мұғалімдерді жай ғана тек-
серу емес, оларға өздерінің жұмысын талғауға, оны əділ бағалауға, 
талдауға көмек көрсету. Сондықтан директор (немесе оқу ісінің 
меңгерушісі) 12-15 сабаққа қатарынан қатысады – жүйені талдай-
ды. 
Сухомлинскийдің осындай жүйелерге қатысу барысында 
жазылған жазулары бар үлкен дəптері сақталған. Олар бойынша Ва-
силий Александрович мұғаліммен əңгімелесуге қаншалықты мұқият 
дайындалғаны көрініп тұр. Негізі, бұл дəптер – Сухомлинскийдің 
болашақ мақалаларының бірінші сұлбасы. Оның педагогикасы 
сабақта туындаған. Бірақ, ең бастысы, мұндай жұмыс мұғалімнің 
шығармашылығы мен қуатын дамытқан. Осы директормен бірлескен 
екі-үш апта ұзақ уақытқа қуат болған. Кез келген мұғалім өзіне деген 
осындай құрметпен қарауға, осындай назарға лайық емес пе? Осындай 
көмекті де қажет етеді емес пе? 
Осының барлығы директор жəне оқу ісінің меңгерушісі жұмыс 
күнінің өте нақты ұйымдастырылуын, өте көп күш жұмсауын қажет 
етеді. Əрине, директор немесе оқу ісінің меңгерушісі мұғалімнің 
сабақтарын талқылап, оған шынында да пайда əкеле алатын адамдар 
болуға тиіс. 
Сухомлинский осыншама жақсы мұғалімдерді қайдан алған деп 
жиі сұрақ қояды. Ал ол сол мұғалімдерді ешқайдан «алған» жоқ, ол 


94
өз жұмысын жəне балаларды жақсы көретін əр мұғалімді өз дарынын 
тауып, дарынды педагог болатындай жағдай жасады. 
Соловейчик С. Л. Вечная радость: 
Очерки жизни и школы.– М.: Педагогика, 1986, с.285-286.
1.4.4-бөліміне СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. 1-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДА сипатталатын емтихандарды 
бақылаудың қандай түрлеріне жатқызуға болады? 
2. Сіздің оқу орныңызда оқыту үдерісінде қандай бақылау түрлері 
пайдаланылатынын сипаттаңыз. 
3. Жоғары оқу орнында оқу барысында Сіз қандай бақылау түрлері 
мен тəсілдерін меңгердіңіз?
4. Оқу үдерісінің қандай да бір аспектісін бақылау үшін (оқушылар 
жұмысының сапасы, оқыту сапасы, оқулық сапасы жəне т.б.) бағалау 
межелерін əзірлеңіз. 
5. Бақылау мектепішілік басқарудың басқа функцияларымен қалай 
байланысқан?
6. Білім беру сапасын басқаруда сабақты талдау қандай рөл 
атқарады?
7. Мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатысу жəне оларды талдау 
кімнің функционалдық міндеттеріне жатады?
8. Жоғары оқу орнының оқытушыларының сабақтарына қатысу 
жəне оларды талдау кімнің функционалдық міндеттеріне жатады? 
9. «Білім беру ұйымы қызметінің негізгі көрсеткіштері» ІІІ-1 
Қосымшасында білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау жəне 
өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру жəне өткізу бойынша бағдарламалар 
мен əдістемелік ұсыныстар [45а], соның ішінде қызметін бақылау 
жүргізілетін параметрлердің ішінде келесілер келтірілген: 
а) оқу орындарына түскен түлектер саны (орта немесе орта кəсіптік 
оқу орындары, жоғары оқу орындары);
б) бір мұғалімге шаққанда педагогикалық ұжым шығарған оқу-
əдістемелік, ғылыми-əдістемелік жұмыстар, мақалалар саны; 
в) бір оқушыға шаққанда оқу жəне оқу-əдістемелік əдебиет қоры; 
г) жаңа буынды жеке компьютерлер саны, соның ішінде Internet 
желісіне қосылған компьютерлер саны; 
Осы көрсеткіштердің қайсысы абсолюттік, қайсысы салыстырма-
лы екендігін көрсетіңіз. 
10. 2-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ мазмұны негізінде басқару функ-
циясы ретіндегі бақылауға қойлатын талаптардың қайсысын мектеп 
басшылары жүзеге асырғанын атаңыз. 


95
11. «Қазақстан Республикасындағы бiлiм жəне ғылым бiлiм сапа-
сын бақылау» мақаласын оқыңыз (Бiлiм берудегi менеджмент. – 2010. 
– № 4. – Б. 3-8). Білім ұйымдарының мемлекеттік аттестатталуы сияқты 
бақылау түрінің бағытталуын анықтаңыз, МАБ (мемлекеттiк аралық 
бақылау). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет