94
өз жұмысын жəне балаларды жақсы көретін əр мұғалімді өз дарынын
тауып, дарынды педагог болатындай жағдай жасады.
Соловейчик С. Л. Вечная радость:
Очерки жизни и школы.– М.: Педагогика, 1986, с.285-286.
1.4.4-бөліміне СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1.
1-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДА сипатталатын емтихандарды
бақылаудың қандай түрлеріне жатқызуға болады?
2. Сіздің оқу орныңызда оқыту үдерісінде қандай бақылау түрлері
пайдаланылатынын сипаттаңыз.
3. Жоғары оқу орнында оқу барысында Сіз қандай бақылау түрлері
мен тəсілдерін меңгердіңіз?
4. Оқу үдерісінің қандай да бір аспектісін бақылау үшін (оқушылар
жұмысының сапасы, оқыту сапасы, оқулық сапасы жəне т.б.) бағалау
межелерін əзірлеңіз.
5. Бақылау мектепішілік басқарудың басқа функцияларымен қалай
байланысқан?
6. Білім беру сапасын басқаруда
сабақты талдау қандай рөл
атқарады?
7. Мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатысу жəне оларды талдау
кімнің функционалдық міндеттеріне жатады?
8. Жоғары оқу орнының оқытушыларының сабақтарына қатысу
жəне оларды талдау кімнің функционалдық міндеттеріне жатады?
9. «Білім беру ұйымы қызметінің негізгі көрсеткіштері» ІІІ-1
Қосымшасында білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау жəне
өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру жəне өткізу бойынша бағдарламалар
мен əдістемелік ұсыныстар [45а], соның ішінде қызметін бақылау
жүргізілетін параметрлердің ішінде келесілер келтірілген:
а) оқу орындарына түскен түлектер саны (орта немесе орта кəсіптік
оқу орындары, жоғары оқу орындары);
б) бір мұғалімге шаққанда педагогикалық ұжым шығарған оқу-
əдістемелік, ғылыми-əдістемелік
жұмыстар, мақалалар саны;
в) бір оқушыға шаққанда оқу жəне оқу-əдістемелік əдебиет қоры;
г) жаңа буынды жеке компьютерлер саны, соның ішінде Internet
желісіне қосылған компьютерлер саны;
Осы көрсеткіштердің қайсысы абсолюттік, қайсысы салыстырма-
лы екендігін көрсетіңіз.
10.
2-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ мазмұны негізінде басқару функ-
циясы ретіндегі бақылауға қойлатын талаптардың қайсысын мектеп
басшылары жүзеге асырғанын атаңыз.
95
11. «Қазақстан Республикасындағы бiлiм жəне ғылым бiлiм сапа-
сын бақылау» мақаласын оқыңыз (Бiлiм берудегi менеджмент. – 2010.
– № 4. – Б. 3-8). Білім ұйымдарының мемлекеттік аттестатталуы сияқты
бақылау түрінің бағытталуын анықтаңыз, МАБ (мемлекеттiк аралық
бақылау).
Достарыңызбен бөлісу: