Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Экономикалық өсудің негізгі мақсаты



Pdf көрінісі
бет200/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   309
Макроэкономика

Экономикалық өсудің негізгі мақсаты – бұл халықтың 
əл-ауқатын материалдық тұрғыдан көтеру, ұлттық қауіпсіздікті 
қамтамасыз ету, шығарылған тауарлар мен көрсетілген қыз мет-
тердің сапасын жақсарту, орта есеппен бір адамға шаққандағы 
табыстың өсуін шапшаңдату, сонымен қатар, ұлттық табыстың 
халықтың əр топтары арасында бөлінуін жақсарту. 
Қазіргі уақытта, Қазақстан да экономикалық өсудің осындай 
мақсатын көздей отырып, сапалы экономикалық өсуге жету үшін 
бірқатар міндеттерді орындауды алға тартады. 
Экономикалық өсудің міндеттері:
1. Посткризистік даму жағдайында мемлекеттің экономикаға 
араласу саясатын оңтайлы үйлесімділікпен жүргізу.
2. Экономикалық өсуге негізделген өңдеуші өнеркəсіп са-
лаларына шетел инвестицияларын көптеп тарту жəне тиімді 
инвестициялық саясатты жүзеге асыру.
3. 2011-2014 жəне 2020 жылдарға арналған индустриялық-
инновациялық Стратегияны жүзеге асыру;


282
4. Отандық кəсіпкерліктің өнімділігін арттыру жəне «Өнім-
ділік – 2020» бағдарламасын орындау.
5. Отандық өндіріс салаларының бəсекелік қабілеттілігін кө-
теру жəне өндірісті əртараптандыру.
Алдағы уақытта, еліміз экономикалық өсудің осы жəне басқа 
да міндеттерін орындау арқылы экономикалық өсудің тиімділігі 
мен сапасына маңызды түрде көңіл бөледі. Демек, экономика-
лық өсудің тиімділігі мен экономикалық өсудің сапасы кез келген 
ұлттық экономиканың əлеуметтік-экономикалық даму деңгейін 
бағалайды.
Экономикалық өсудің тиімділігібұл тауарлар мен қыз-
меттердің сапасын жақсарту, олардың бəсекелік қабілеттілігін 
көтеру, өнімнің жаңа түрлерін жасау, өндірістің мамандандыры-
луын тереңдету, инновациялар мен жаңа технологияларды игеру 
сияқты экономикалық қызметтің əртүрлі бағыттарын қамтитын 
кең мағыналы ұғым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет