195
құжаттар кешені бар. Онда «балабақша орнын және алаңын заттық-
кеңістіктік ұйымдастыру баланың мүддесі мен сұранысына, ал оның
элементтері (жабдығы, ойындар, ойыншықтар, дидактикалық ма-
териал) – оның дамуына қызмет етуі тиіс» деп атап көрсетілген.
Топтық орындардың құрылымы балаға ойынға және ойыншықтарға,
материалдарға еркін қолы жетуін қамтамасыз етуі тиіс. Кеңістіктің
жабдықталуы мен ұйымдастырылуы
балалардың уақытпен шек-
телмеген қозғалыс белсенділігі мүмкіндіктерін қарастыруы керек,
баланың біріккен және жеке іс-әрекетіндегі сұранысты қамтамасыз
етуі тиіс. Ойын бұрыштарының жиі өзгеруімен қатар іс-әрекеттің
басқа түрлері үшін де орын алаңын жасау,
зат-орынбасарлар ретінде
пайдалануға болатындай табиғи материалдармен толықтыру керек.
Материалдар балалардың жасына сай болуы тиіс, білім беруге замана-
уи талаптарды ескеріп толықтырылуы керек. Мектепке дейінгі меке-
меде педагогикалық процесте көптеген функциялар орындайтын ком-
пьютерлер басым орын алуы қажет. Мектепке дейінгі мекеме ортасын
үй жағдайына жақындастыру балалардың эмоционалдық жайының
жақсы болуына ықпал етеді, оларда сенімділік және қорғалғандық
сезімі ұялайды.
Мектепке
дейінгі
мекемелерді
аттестациялау
мен
аккредитациялағанда даму ортасын бағалай отырып,
сараптау ко-
миссиясы «Мектепке дейінгі мекемедегі материалдық-техникалық
және балалардың медициналық-әлеуметтік жағдайларын бағалау
критериилеріне» сүйенеді. Критерийлер екі блокқа бөлінген.
Бірінші блок 3 жасқа дейінгі бала үшін дамытушы ортаны бағалау
критерийлерін құрайды, екінші блок 3 жастан 7 жасқа дейінгі бала
үшін дамытушы ортаның критерийлерін қамтиды.
Мектепке дейінгі мекмелердің
дамытушы ортасын жобалау
бағдары ретінде оны құру принциптері де жүреді. Мектепке дейінгі
педагогикада оған анықтама беруде, идеялық тұрғыда негіздеуде
және практикаға енгізуде әртүрлі көзқарастар бар. В. А. Петровский
мен М. Н. Полякова ұсынған принциптер мазмұнын анықтаудағы екі
көзқарасты көрсетейік.
Достарыңызбен бөлісу: