Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Мектепке дейінгі мекемеде және отбасында мектеп жасы-



Pdf көрінісі
бет38/128
Дата08.04.2024
өлшемі2.57 Mb.
#497888
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   128
Снимок экрана 2024—01—22 в 01.35.55

Мектепке дейінгі мекемеде және отбасында мектеп жасы-
на дейінгі балаларды тәрбиелеу әдістері (Тәрбие әдістерін Ю. К. 
Бабанскийдің классификациялауы бойынша).
Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері. Балалардың қоғамдағы 
тәртіптің, қарым-қатынастың, іс-әрекеттің нормалары мен ережелері 
жөніндегі білімін қалыптастыруға, оны балалардың мектепке дейінгі 
оқушы әлеміне кіруді саналы түрде түсіндіруге бағытталған.
1. Сөздік әдістер: этикалық әңгімелер, айтып беру, түсіндіру, 
нандыру, әдебиет оқып беру, кітап, мультфильм кейіпкерлерінің,
өмірдің әртүрлі ситуацияларындағы үлкендер мен балалардың істеген 
қылықтарын талдау. 
2. Көрнекі әдістер: үлкендер мен балалардың іс-қимылдарын 
байқау, кино- және видеоматериалдарды, өмірдегі жағдайларды, үлкен 
адамдардың ісі мен қарым-қатынастарының мысалдарын көрсету


59
тәрбиелік мазмұны бар слайдтар, картиналар, иллюстрациялар, өмірдегі 
және ертегідегі ситуацияларды, кейіпкерлердің істерін көрсететін 
суреттерді қарау.
Іс-әрекетті 
ұйымдастыру 
және 
тәртіп 
тәжірибесін 
қалыптастыру әдістері. Бұл қоғамдағы практикалық тәртіп пен іс-
әрекет аясындағы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тәжірибесін 
қалыптастыруға бағытталған.
1. Үйрету (белгілі бір қалыппен әрекет ету әдетін қалыптастыру).
2. Жаттығу (бір істі есте қалу үшін бірнеше рет қайталау, дағдыны 
қалыптастыру).
3. Тәрбиелеуші ситуациялар, олардың негізінде келіспеушілік –
тиісті норма мен баланың ішкі нанымының күресі.
4. Ойын әдістері: ойын-көрсетілімдер, рөлдік ойындар, өмірлік си-
туациялар мен ондағы тәртіп нұсқаларының көрсетілімі.
Іс-әрекет пен тәртіпке қарқын беру әдістері. Бұл бала тұлғасының 
әлеуметтік көріністеріне қарқын беруге бағытталған. Мектеп жасы-
на дейінгі бала үлкен адамдардың қолдауы мен мақұлдауына мұқтаж; 
сондықтан бұл оны тәрбиелеу мен дамытуда нағыз күшті ынталанды-
рады.
1. Марапаттау (мақұлдау, әдепті қатынас, мақтау, мақтаулы көзқарас, 
дене қимылымен және ыммен қолдау білдіру, алдын ала сенім көрсету, 
марапат тапсыру, төс белгі, жетондар).
2. Ұялту, бетіне басу (жақтырмаған көзқарас, ескерту жасау, уәде 
етілген марапаттан айыру, іс-әрекетіне шектеу қою, тыйым салу, табиғи 
салдарлар әдісі).
3. Балаға үлкен адамдардың тарапынан табысқа жеткендік, 
мақұлдағандық, қолдау білдіргендік жағдаяттарын жасау.
Тәрбие процесін бақылау және оның тиімділігін талдау әдістері. Ол 
тәрбие процесін бақылау және оның тиімділігін талдауға бағытталған; 
мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиеленгендік деңгейін диагно-
стикалау; қойылған мақсат пен қол жеткізілген нәтижелерді салыстыру.
1. Баланың тәртібін, қарым-қатынасы мен іс-әрекетін байқау.
2. Баланың тәрбиеленгендік деңгейін диагностикалайтын арнайы 
ситуациялар (Егер сенде сиқырлы таяқ болса, онда сен не істер едің?).
3. Балалармен және олардың ата-аналарымен әңгімелесу.
4. Мектепке дейінгі мекемелердің мамандарымен, ата-аналармен 
сауалнама жүргізу.
5. Адамгершілік талғамға негізделген өмірлік проблемалық ситуа-
цияларды көрсету.


60
6. 
Тәрбиеленгендік 
пен 
баланың 
топтағы 
орнының 
жағдайлылығының арасындағы тәуелділікті анықтайтын социометрия.
7. Тұлғалық қасиеттердің, мінез-құлық белгілерінің, тұлғаның 
бағыт-бағдарының, қабілеттерінің, білігінің дамығандығын бағалаудың 
арнайы әдістемесі.
Әдістердің тізімін жалғастыра беруге болады, оларды құрайтын 
тәсілдер де ашылған. Педагогтар мен ана-аналардың тәрбиелеу 
жұмысының жемісті болуы тәрбиеге кешенді көзқарас болған жағдайға, 
мектеп жасына дейінгі балалармен қарым-қатынаста әдістердің әртүрлі 
топтарын пайдалануға байланысты. Балалардың өмір әрекеттерін 
ұйымдастырғанда тәрбие – бағытталған процесс, ол табиғи түрде 
жүруі тиіс, үлкендердің жағымды үлгі көрсетіп әрбір баланың қол 
жетістіктерін мақұлдап отыру қажет екендігін білу аса маңызды. 
Әдістерді таңдағанда тәрбиенің нақты мақсаты мен мазмұнын, тұлғалық, 
ұйымдастырушылық, психологиялық-педагогикалық жағдайларын 
ескеру керек; бір ғана әдіс емес, әдістер жүйесі пайдалану, олардың 
үйлесімін келтіріп ауыстырып отыру қажет; мектеп жасына дейінгі ба-
ланы тәрбиелеудің түрлерін, әдістерін және құралдарын қолданғанда 
стереотиптерге жол берілмеуі тиіс; тәрбие әдістерін таңдағанда баланың 
жас және жеке ерекшеліктерін байланыстырып отыру қажет.
Тәрбиелеудің тиімділігінің қажетті шарты - мектеп жасына 
дейінгі баланың дамуының заңдылықтарына бағдарлау, тәрбиелеу 
принциптерін сақтау болып табылады.
Заманауи тұлғалық-бағдарлық тәрбиелік парадигмадағы жетекші 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет