25
проблеманың
қойылуын, қарама-қайшылықтарды, нысанын, пәнін,
мақсатын, міндеттерін, болжамын, зерттеудің әдіснамалық негіздерін,
негізгі ұғымдардың берілуі, зерттеу нысанын алдын ала талдау)
қарастырады.
Екінші бөлімінде -
процедуралық - зерттеудің стратегиялық жо-
спары
жасалады, сол сияқты эксперименттік деректерді жинау мен
талдаудың негізгі процедуралары, зерттеу әдістері анықталады.
Педагогикалық зерттеу белгілі бір логикамен ұйымдастырылады.
Зерттеу амалдарының ретін толығырақ қарастырайық. Бұл логикаға
студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын (курстық, бітіру, дипломдық
жұмыстары) орындағанда да сүйенетінімізді есте ұстауымыз керек.
Ғылыми зерттеу
проблемалық өрісті анықтаудан басталады, одан
бір проблема бөлініп алынады да, соған байланысты зерттеу
тақырыбы
анықталады. Тақырыпты анықтағанда оның өзектілігін,
ғылымда
және практикада қаншалықты зерттелінгендігін, қазіргі кезеңде оның
қаншалықты маңыздылығын ескерген аса маңызды. Зерттеу тақырыбы
теория мен тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізудің бастауы бо-
лады.
Таңдалып алынған тақырыптың
өзектілігін негіздеу үшін зерттеуші
дәлелді түрде бірқатар сұрақтарға жауап беруі қажет.
• Тақырып неліктен маңызды және дер кезінде қарастырылып
отыр?
• Неліктен оны қазіргі кезеңде қарастыру қажет?
• Бұл тақырыпты ашу кәсіптік немесе мектепке дейін білім
берудің (мамандыққа байланысты) теориясы мен практикасына қандай
үлес қосады?
•
Тақырыптың философияда, психологияда, педагогикада, дербес
әдістемеде
зерттелгендік дәрежесін талдау.
• Зерттеу тақырыбы бойынша барлық зерттеулерді талдау, сыбай-
лас ғылымдарда (философияда, психологияда, социологияда, жалпы
педагогикада және т.б.) қаншалықты зерттелгендігін қарастыру.
• Кіріспеде проблеманың зерттелгендік дәрежесі тезис түрінде
беріледі, яғни зерттелген проблемалар мен олардың авторлары аталады.
• Соңынан проблеманың зерттелген
аспектілері туралы
қорытынды жасалады және зерттеушінің оны ашу мүмкіндіктері
көрсетіледі.
Проблеманың зерттелгендік (зерттелмегендік) дәрежесін тал-
дау негізінде
қарама-қайшылық анықталады, онда тақырыптың дер
кезінде қарастырылып отырғандығы көрсетіледі.
Қарама-қайшылық
26
педагогикалық теорияның немесе білім беру практикасының та-
лаптары мен оларды қанағаттандырудың нақты мүмкіндіктерінің
арасындағы сәйкессіздік ретінде көрсетіледі. Сол сияқты сәйкессіздік
педагогикалық шындықта туындайтын сәйкессіздіктерді ашуы да
мүмкін. Бұл сәйкессіздіктер педагогикалық процесс, педагогтың не-
месе тәрбиеленушінің тұлғалық ішкі қайшылықтары және т.с.с. болуы
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: