103
мүмкіндік береді, мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінде
сабақтастық орнайды, білім алудың келесі сатысына көшуге дайындай-
ды. Педагогикалық практика көрсеткеніндей, мектепке дейінгі мекеме-
де балаларды жасына сай ұйымдастырылған, мақсатты, бағытты оқыту
қажет.
Бұл бірінші жағынан білім, білік, дағдыны қалыптастыруға,
балалардың тұлғалық жеке тәжірибесін байытуға жағдай жасаса,
екінші жағынан – оқыту мектепке, «мұғалім – оқушы» жүйесінде өзара
әрекеттестіктің жаңа типіне дайындайды.
Үйрету – ұйымдастырылған сабақтарда қалыптастырылатын ерек-
ше іс-әрекет. Барлық оқу міндеттерін ойын түрінде шешуге болмай-
ды, өйткені оқыту мазмұны мен меңгеру түрінің арасында қайшылық
туады. К. Д. Ушинский ойынды үйретуден бөлудің маңыздылығын
көрсеткен. Оқу іс-әрекеті баланың ерекше психологиялық ұстанымын,
шынайы өмірге танымдық қатынасын талап етеді.
Оқу іс-әрекетінде
бала қоршаған орта туралы білім негіздерін меңгереді, білім, білік,
дағды, тәжірибе алудың жалпы тәсілдеріне үйренеді, осылайша бала
тұлғасы қалыптасады.
Мектепке дейінгі кезеңде оқу-танымдық іс-әрекет компоненттерінің
қалай қалыптасатындығын, мектепте оқыту аяғында педагогтар қандай
нәтижеге келуі тиіс екендігін қарастырайық.
Оқу іс-әрекетінің мұны басқалардан ажырата алатындай ерекше
құрылымы болады (Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев, С. Л.
Рубинштейн және т.б.).
Оқу іс-әрекеті өзіне мынадай компо-ненттерді
қамтиды: мотивация,
оқу міндеті, оқу амалдары, өзін-өзі бақылауға
көшетін бақылау, өзін-өзі бағалауға көшетін бағалау.
Мотивация – іс-әрекетті туғызатын әртүрлі қозғаушылар жиынтығы
(сұраныс, сезім, мүдде). Оқу іс-әрекетінде - танымдық мотивация
(жаңаны білгім келеді), бағалау мотивтері (үлкендердің құптауына ие
болу), әлеуметтік мотивтер (әкем сияқты дәрігер болу үшін оқимын),
жетістікке жету мотивтері (бәрінен артық болу үшін), сыртқы мотив
(мектепте
оқудың сыртқы атрибутикасының тартымдылығы) болады.
Оқу міндеті алынатын нәтиже туралы түсінік береді. Белгілі бір оқу
ситуациясында – белгілі бір тапсырма түрінде беріледі, яғни қайталап
айтып беруді, қағаздан құрастыруды, заттарды өлшеуді үйрену.
Оқу амалдары – оқу міндеттерін шешу тәсілдері; білім алушылардың
ғылыми ұғымдарды алу және табу амалдары, сондай-ақ оларды нақты
міндеттерді шешуге қолдану, ситуацияны талдау амалдары, модельдеу
амалдары, эксперимент жүргізу, классификация.
Өзін-өзі бақылауға ауысатын
бақылау – оқу амалдары нәтижелерін
104
қорытуға бағытталған амалдар және оларды берілген үлгілермен салы-
стыру. Компонент функциясы – меңгеру нәтижелерін бақылау.
Өзін-өзі бағалауға ауысатын
бағалау. Бағалау амалдары білімді
меңгерудің соңғы сапасын, міндеттерді
шешудің жалпы тәсілдерін
тіркейді. Бағалау функциясы – іс-әрекет қорытындысын шығару.
Оқу іс-әрекетінің барлық компоненттері өзара байланысты. Мектеп
жасына дейінгі балалар оқыту процесінде оқытудың мектеп сатысына
көшу кезеңінде барлық компоненттерді меңгереді. Оқу іс-әрекетінің
мақсаты мен нәтижесі білімді және іс-әрекеттің жалпыланған тәсілдерін
(кез келген іс-әрекетке қажетті білік пен дағдыны) меңгеру – оқу, санау,
міндеттерді шешудің тиімді тәсілдерін таңдау және т.с.с.
Мектепке дейінгі кезеңде оқу іс-әрекеті таза күйінде көрінбейді. Біз
оқу танымдық іс-әрекет туралы айтып тұрмыз. Оның өзіндік даму және
көріну ерекшелігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: