128
Ойын әрекетін жоспарлау дегеніміз
- алдын ала немесе ойын ба-
рысында оның процессуалдық жақтарын ойластыру (амалдардың
реттілігі, сюжетпен жұмыс істеу, рөлдер кешені, олардың қатынастық
үлесі, өзара ықпалдастық ережесі). Бұл компонент толыққанды түрде
мектепке дейінгі ересек жасқа қарай көрінеді.
Ойын үшін балалар өздері немесе үлкендердің көмегімен ойын
құралдарын –
ойыншықтарды, заттарды, материалдарды, ойын
жағдайын таңдайды.
Ойын
амалдары көмегімен ойын сюжеті, рөлдер орындалады.
Рөлдердің әрқайсысына өзінің негізгі ойын амалдарының комплексі тән
болады. Мысалы, дәрігер тыңдайды, дәрі жазып береді, ауруды емдейді
және т.б. – ережелі ойындарда ойын амалдарының сипаты мен реті
анық белгіленеді, өйткені онсыз ойын ойнау мүмкін емес.
Ойын нәтижесі іс-әрекеттің өнімді түрлерінен айырықша, жағымды
эмоцияда, баланың негізгі сұранысын қанағаттандырғандықта,
белсенділікте,
қолдауда,
қорғалғандығында,
қарым-қатынаста
көрінеді. Жасына сай ойын әрекетін
дамыту деңгейінде ойынның
тәрбиелік, оқытушылық, дамытушылық эффектісі бар және әлеуметтік,
коммуникативтік, психотерапевтік, коррекциялық,
диагностикалық,
алдандырушылық функцияларын орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: