158
жақтарын, бала іс-әрекетін дамытумен шұғылданады. Қорытындысы –
баланы жасына және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес жан-жақты дамыту.
Мектепке дейінгі ересек жаста оқу пәндерін меңгеруге арнайы
дайындық ары қарай оқу пәндерін мектепте меңгеруге негіз болатын-
дай материалды үйрену барысында жүзеге асырылады.
Бұл дайындық
арнайы сабақтарда жүргізіледі. Білім мен білікті дамыту негіздерін ба-
лалар бұған дейін де алады. Дегенмен мектепке дейінгі ересек жаста
сауаттылыққа үйрету, қоршаған ортаның ұғымдары мен заңдылықтарын
меңгеруге ерекше назар аударылады, оқытудың сапасы мен нәтижесіне
айрықша талаптар қойылады. Мектепке арнайы дайындаудың мақсаты,
мазмұны түсінікті болады, мектепке дейінгі педагогикада шын мәнінде
оның маңыздылығы мен жүзеге асыру мерзімінде қайшы пікірлер жоқ.
Жалпы дайындық мектепке дейінгі педагогикада және психологи-
яда зерттеу пәні ретінде қарастырылады. Балаларды мектепке жалпы
дайындаудың анықтамасының құрылымының арнайы дайындықтан
айырмашылығы онда әртүрлі көзқарастар қарастырылады.
Осыдан
жалпы дайындық бағыттарын анықтауға көзқарастардың әртүрлі
екендігін білеміз.
Жалпы дайындық туралы айтылған пікірлерді жинақтай келе,
олардың мына төмендегі жағдайларға бағыттағандығын білдік:
• баланың физикалық дамуына;
• интеллектуалдық аясының,
танымдық процестердің ойлау
амалдарына, сөз сөйлеуіне;
• тұлғаның әлеуметтік-адамгершілік тәрбиесіне;
• үлкендермен және балалармен өзара қарым-қатынас дағдыларын
дамытуға;
• мектеп, оқудың оқу-танымдық және әлеуметтік мотивациясы,
оқушының ішкі позициясы
туралы білім қалыптастыруға;
• болашақ оқушының басты тұлғалық қасиеттерін дамытуға,
ірілі-ұсақты
моторикасының,
графиктік
дағдыларының,
психикалық процестердің, емін-еркіндіктің,
оқу мотивациясының,
оқытылатындығының қалыптасқандығына;
• тәртібі мен ісінде еркіндікті дамытуға;
• оқу іс-әрекеті компоненттерінің қалыптасуына.
Баланың мектепте оқуға дайындығын оның мақсаттары анықтайды.
Нәтиже ретінде дайындықтың - біртұтас процестің синтетикалық
нәтижесі алынады.