160
Д. Шадриковтың, К. Н. Поливанованың, Н. Г.
Салминованың және
көптеген басқа да психологтардың зерттеулері күрделі феномен – мек-
тепке дайын болуды кеңінен талдауға арналды.
Бүгінгі күнге мектепте оқуға дайын болу - көпкомпонентті білім
беру, ол кешенді психологиялық және педагогикалық зерттеулерді та-
лап ететіндігі жалпы мойындалып отыр.
Мектепке дайын болу – мектепке дейінгі мекеме мен отбасының
мектеп жасына дейінгі баланы оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың
маңызды нәтижесі, сол сияқты білім беру мекемесінің мектепке дейінгі
ересек балалар топтарындағы арнайы жұмыс нәтижесі. Дайын болу
мектепке дейінгі мекеменің барлық жұмыстарының нәтижесі (жастары
әртүрлі барлық топтарда, балаларды дамытудың барлық бағыттары бой-
ынша), мектепке дейінгі мекеменің ересек балалар топтарындағы мек-
тепте оқу пәндерін меңгеруге бағытталған арнайы іс-әрекет нәтижесі.
Мектепке дайын болуға қол жеткізу тек қана білім, білік, дағды жүйесін
меңгерумен
анықталып қоймайды, оқу іс-әрекетін ойдағыдай бастау
үшін қажетті баланың психологиялық қасиеттері де қалыптастырылады.
Балалар психологиясында балалардың мектепке дайын болу про-
блемаларын зерттеу мәселелері Л. И. Божовичтің, Д. Б. Элькониннің,
Н. Г. Салминаның, Е. Е. Кравцованың, Н. В. Нижегородцеваның, В.
Д. Шадриковтың және т.б. жұмыстарында бар. Бұл авторлар Л. С.
Выготскийден кейін оқу өзінен кейін дамуды алып келеді, сондықтан
оқуды ондағы психологиялық функциялар жетілмей тұрып бастау ке-
рек деп есептейді. Оның үстіне, бұл зерттеулердің авторлары мектепте
оқу жемісті болу үшін балалардың білім, білік және дағды жинағы емес,
мектепте оқудың психологиялық алғышарты ретінде қарастырылатын
оның тұлғалық және интеллектуалды дамуының деңгейі маңызды деп
санайды.
Достарыңызбен бөлісу: