194
0
0
С температура жағдайында өлшенеді, ол көрсеткіш 760 мм сынап
бағанасына тең.
Бұл көрсеткіш бір атмосфера өлшем бірлігі деп
саналады.
Халықаралық өлшем бірлігі (СИ) бойынша 1 атм = 101 325
Паскальға тең болады. 1Па = 10
-5
бар = 0,98 атм.
Қазіргі кезде
атмосфералық қысым
гектопаскальмен (гПа) өлшенеді. Қалыптағы
атмосфералық қысым ретінде оның теңіз деңгейіндегі орташа
көрсеткіші –
1013 гПа алынады.
Атмосфералық қысымды металдан жасалған барометр-анероид-
пен өлшейді (
98-сурет).
Сынап бағанасы Барометр-анероид
98-сурет. Атмосфералық қысымды өлшеу құралдары
Атмосфералық қысым Жер шарының
кез келген бөліктерінде
үздіксіз өзгеріп отырады. Тропиктік белдеуде қысымның тəуліктік
өзгерістері айқынырақ байқалады. Кейде тəулік ішінде қысым
айырмашылығы 20-30 гектапаскальға жетуі мүмкін. Атмосфералық
қысымның жылдық өзгерістері материктердің орталық бөлігінде
күштірек байқалады.
Гоби
шөлінде бұл көрсеткіш тіпті, 40 гПа-ға жетеді, мұнда
қысым максимумы қаңтарда, минимумы шілдеде байқалады. Мате-
риктер шетіндегі муссонды облыстарда жəне мұхиттардың жоғары
ендіктерде жатқан бөліктерінде атмосфералық қысымның жылдық
ауытқулары едəуір болады. Владивостокта бұл көрсеткіш 14 гПа, ал
Бомбейде 10 гПа шамасында ауытқиды.
Атмосфералық қысым биіктікке қарай да өзгереді, бұл ең алды-
195
мен ауа температурасының биіктікке қарай таралуына байланысты.
Еуропада қысымның орташа жылдық
көрсеткіші теңіз деңгейінде
1014 гПа болса, 5 км биіктікте – 538 гПа, 10 км биіктікте – 262 гПа,
ал 20 км биіктікте бар болғаны 56 гПа ғана. Жер шарының басқа
аудандарында да атмосфералық қысымның биіктікке байланысты
өзгерістері шамамен осындай болады.
Атмосфералық қысымның географиялық таралуы өте күрделі си-
пат алады. Өйткені ол географиялық ендікке, құрлық пен мұхиттың
арасалмағына, жергілікті физикалық-географиялық
жағдайға бай-
ланысты болады. Жалпы Жер шарында географиялық ендіктерге
байланысты
үш төмен қысым белдеуі (экватор мен екі қоңыржай
белдеу бойында),
төрт жоғары қысым белдеуі (екі тропиктік жəне
екі полярлық ендіктер бойында) ажыратылады.
Бірақ жеке материктер бойынша бұл белдеулердің жергілікті
айырмашылықтары болады. Қысымның
географиялық ендіктер
бойынша таралу заңдылығы қысым айырмашылықтарының бо-
луына байланысты бұзылады. Қыс кезінде Солтүстік жарты шар
материктерінің қоңыржай
белдеуінде қысым жоғарылап, төмен
қысым белдеуінің тұтастығы бұзылады. Төмен қысым тек мұхиттар
үстінде, қысымдық минимумдар –
Исландия жəне
Алеут минимум-
Достарыңызбен бөлісу: