Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


океанология, мұхит метеорологиясы, жағалау географиясы



Pdf көрінісі
бет171/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

океанология, мұхит метеорологиясы, жағалау географиясы, 
аралдар географиясы, биогеография, мұхит ландшафтануы 
сияқты көптеген ғылым салалары кіреді.
Мұхит табанын құрайтын жер қыртысы – мұхиттық жер 
қыртысы деп аталады. Оның орташа қалыңдығы 7 км шамасында, 
оның ең жоғарғы бөлігін шөгінді жыныс қабаты алып жатыр, оның 
қалыңдығы орташа 2 км, оның астында базальт қабаты орналасқан, 
оның орташа қалыңдығы 5 км-ге жетеді (120-сурет). 
Мұхиттық жер қыртысы мұхит табанындағы терең қазан 
шұңқырларда ғана кездеседі, өтпелі зона мен суасты орта жотала-
рын ерекше типтегі жер қыртысы құрайды. Материктердің суасты 
жағалық бөліктерін материктік жер қыртысы алып жатыр.
120-сурет. Оңтүстік мұхит табанындағы суасты орта жоталары
Дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығы олардың күрделі 
құрылымды 
компоненттері 
арасындағы 
өзара 
байланыс 
нəтижесіндегі өзін-өзі реттеу процесінен анық байқалады. 


242
Океаносфера мен атмосфера арасындағы өзара байланыс мұхит 
физикалық географиясының аса маңызды проблемаларының бірі. 
Байланыстар мазмұнына қарай жылулық (тəуліктік температура 
өзгерісі), динамикалық (толқындар түзілісі) жəне аралас (мұхит 
ағыстары қозғалысы) деп бөлінеді. 
Бұл байланыстар нəтижесінде мұхит пен атмосфера арасындағы 
энергия жəне зат алмасу процесі жүзеге асады. Олар планетарлық 
масштабтағы жəне мұхит жүйелері арасындағы ылғал, тұз, газ алма-
суды реттеп отырады. 
Дүниежүзілік мұхит энергиясы барлық бөлікте бірдей емес, 
ассимметриялық сипат алады: Солтүстік Жарты шарда төрт ірі 
жылы ағыстар жүйесі (Гольфстрим, Куросио, Солтүстік Атлант жəне 
Норвег), ал Оңтүстік Жарты шарда үш орталық арқылы (Африканың 
оңтүстік шығысы, Аустралияның шығысы мен 60
о
о.е. оңтүстікке 
қарай орналасқан циркумполярлық облыс) əрекет жасайды. 
Мұхит пен атмосфера арасындағы өзара байланыстың аса 
маңызды бөлігі оттегі мен көмір қышқыл газының алмасуы арқылы 
жүзеге асады. Мұхиттағы бос оттегі молекулалары фитопланктон 
фотосинтезі нəтижесінде түзіледі. Олар заттардың биохимиялық 
өзгерістерін жүзеге асырады, артық бөлігі атмосфераға бөлініп 
шығады (басым бөлігі тропиктік ендіктерде). Еріген оттегі мұхит 
суының барлық тереңдіктерінде кездеседі (тек кейбір терең 
шұңғымалардан басқа, мəселен, Қара теңіз). 
Бұл өз тарапынан барлық тереңдіктерде тіршіліктің қарқынды 
дамуы мен органикалық жəне минералдық заттардың тотығуына 
жағдай жасайды. Мұхит суында атмосферамен салыстырғанда 50 
есе артық мөлшерде еріген көмір қышқыл газы жинақталған, əсіресе, 
оның концентрациясы жоғарғы ендіктерде қомақты болып келеді. 
Өйткені түпкі салқын суларда олардың ерігіштігі күрт 
жоғарылайды. Интенсивті биохимиялық үдерістер нəтижесінде 
органикалық заттар түзіледі, олардың негізінде азық тізбегі 
қалыптасады. Осы тізбектің соңғы өнімдері түптік шөгінділер мен 
көмірсутектік пайдалы қазбаларды түзеді. Сондай-ақ көмір қышқыл 
газы теңіз организмдерінің əк тасты қаңқалары мен панцирлерін 
құрайды. 
Мұхит суы құрамындағы оттегі мен көмір қышқыл газының
арақатынасы антропогендік əрекеттер нəтижесінде өзгеруде, соның 
əсерінен ауадағы оттегі мөлшері азайып, керісінше көмір қышқыл 
газының концентрациясы күрт жоғарылауда.


243
Океаносфера мен литосфера арасындағы өзара байланыс 
Дүниежүзілік мұхит эволюциясында аса маңызды орын алады. Бұл 
байланыс, əсіресе, мұхиттың жағалық бөлігінде ерекше қарқын ала-
ды. Ол жағалық бөліктердің қалыптасуынан, тұздардың келуінен, 
мұхит түпкі шөгінділерінің түзілуінен айқын көрінеді.
Океаносфера мен биосфера арасындағы өзара байланыс тірі 
организмдердің тіршілік ортасы ретіндегі маңызымен түсіндіріледі. 
Тіршілік өнімділігі ашық мұхитпен салыстырғанда жағалық бөлікте 
50 есе жоғары.
Океаносфера мен педосфера (мұхит түпкі шөгінділері немесе 
«мұхит топырағы») арасындағы өзара байланыс жергілікті маңыз 
алады. Оның түзілу жылдамдығы мен қалыңдығы мұхит суының тік 
бағыттағы қозғалыстарына да тəуелді. 
Конвергенция зонасында планктон өнімділігі төмен болса, 
керісінше дивергенция зонасында күрт жоғарылайды. Сондықтан 
да жоғарыда аталған сфералар арасында, яғни гидродинамика, 
химиялық элементтер балансы жəне биологиялық өнімділік арасын-
да өте тығыз байланыстар орнаған.
Дүниежүзілік мұхит біртұтастығымен қатар кеңістіктік 
жіктелуімен де ерекшеленеді. К. К. Марков бойынша мұхит 
географиялық қабығы да бір-бірінен айтулы айырмашылық жа-
сайтын: ендік зоналалылық, тереңдік белдеулері жəне секторлық 
(азоналылық) бөліктер сияқты үш бөлікке бөлінеді. 
Мұхит ендік зоналалығы алғаш рет Д. В. Богданов бойынша 
11: экваторлық, екі тропиктік, екі субтропиктік, екі қоңыржай, екі 
субполярлық жəне екі полярлық зоналарға жіктелген болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет