Э. Зюссболатын. Ал 1926 жылы орыс ғалымы В. И. Вернадский биосфера туралы ілімді негіздеп, оның анықтамасын ұсынды. Оның
іліміне негізделе отырып, бүгінгі күн тұрғысынан алғанда биосфе- ра деп ғаламшарымыздағы барлық тіршілік дүниесі мен олардың
арасындағы өзара зат жəне энергия айналымы тұрақты жүзеге аса-
тын Жердің ерекше қабығын атайды.
Биосфера атмосфераның төменгі бөлігін, гидросфераны жəне
литосфераның жоғарғы қабаттарын қамтиды. Тіршілік дүниесінің
өнімдері олардың тіршілік ортасы шеңберінен шығып, кеңістік
бойынша мейлінше емін-еркін таралады. Сондықтан да тіршіліктің
таралу ареалы мен биосфераның шекарасы барлық жерде бірдей
сəйкес келе бермейді.
Биосфераның жоғарғы жəне төменгі шекарасы туралы
ғалымдар арасында əлі де нақты мəліметтер жоқ. Тірі организм-
дер атмосфераның төменгі бөлігінде, əсіресе, 100 метр биіктікке
дейін өте тығыз орналасады. Бірақ жыртқыш құстар биікке еркін
көтеріледі, мəселен, кондор 7 км биіктікке дейін көтеріле алады. Ал
жоғары көтерілген ауа толқыны микроорганизмдерді, бактериялар
мен əртүрлі спораларды 10 км биіктікке дейін көтереді.
Тірі организмдердің таралу мүмкіндігін ескере отырып,
биосфераның жоғарғы шекарасын озон қабаты (25-30 км), төменгі
шекарасын жер қыртысындағы гипергенез зонасы(бірнеше жүз мет-
рден бірнеше км-ге дейін) мен Дүниежүзілік мұхиттағы ең терең мұхит шұңғымаларының табаны арқылы жүргізеді (133-сурет).
296
133-сурет. Биосферада тірі организмдердің таралуы Биосфераның құрамы. Биосфераны құрайтын тіршілік
дүниесінің құрамында мынадай химиялық элементтер кездеседі: су-
тек, көміртек, оттек, азот, фосфор, кремний жəне т.б. болады. Олар