299
оттегін атмосфераға шығарады жəне 238 млрд тоннадан астам тірі
зат түзе алады. Сондай-ақ есептеулар бойынша биосферадағы фото-
синтез процесі кезінде айналымға 1 млрд тонна азот, 260 млн тонна
фосфор, 200 млн тонна күкірт қатысады.
Даму кезеңдері.
Ноосфера ұғымы. Биосфера ұзақ эволюциялық
даму кезеңдері нəтижесінде қалыптасты. Миллиардтаған геология-
лық жылдар аралығында тірі организмдер мұхит суларының
химиялық құрамына əсер етті, оны фильтрациядан өткізді. Тірі
организмдердің
саны артып, құрамы күрделенді. Олар біртіндеп
құрлыққа шығып, атмосфера құрамын өзгертті.
Оттегі мөлшері
көбейіп, керісінше, көмір қышқыл
газының концентрациясы
төмендеді.
Тірі организмдер литосфераға да белгілі дəрежеде əсер етті.
Олар үгілу процесін жылдамдатты,
органикалық шөгінді жыны-
стар мен кейбір пайдалы қазбалардың түзілуіне (əктас, таскөмір,
шымтезек, мұнай жəне т.б.), жер бедері пішіндерінің қалыптасуына
(маржан аралдары) себепші болады. Тірі организмдердің, əсіресе аса
маңызды табиғат компоненті болып табылаты – топырақты түзудегі
рөлін ерекше атап өту қажет.
Биосфера құрамындағы тірі организмдердің тұрақты дамуы мен
өзгерісі оның
жаңа сапалы сатыға көтерілуіне,
ноосфераға өтуіне
себепші болады. Ноосфера ұғымы гректің «ноос» – сана деген
сөзінен шыққан, яғни бұл сатыда табиғат
пен қоғам арасындағы
өзара байланыс адамзаттың саналы іс-əрекетінің толық бақылауы
жағдайында жүргізілетін болады.
Алғаш рет бұл ұғымды 1927 жылы
француз ғалым-математигі
Достарыңызбен бөлісу: