Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет3/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

метеорология (ауа райы), океанология (дүниежүзілік мұхитты 
зерттейтін), гидрология (құрлық суын зерттейтін), топырақтану 
(топырақтың қалыптасу заңдылығын зерттейтін), биогеография 
(биоценоздарды үйлестіру жəне оларды түзетін организмдердің 
жүйелену заңдылықтарын зерттейтін) сияқты аса маңызды ғылым 
салаларымен тығыз байланысты.
Сонымен қатар Жердің палеогеографиялық тарихи дамуының 
зерттелу мəліметтеріне негізделе отырып, географиялық қабықтың 
қазіргі жағдайынан да толық мағлұмат береді.
Ұсынылып отырған оқулықтың құрылымы мен мазмұны «Жалпы 
жертану» курсы бойынша педагогикалық жоғары оқу орындарының 
бағдарламаларына сəйкестендірілген.
Жалпы физикалық географиялық заңдылықтар туралы ұғымдар 
мен түсініктерді тереңдетуге, жаратылыстану бағытындағы пəндер 
арасындағы сабақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін 
тапсырмалар мен сұрақтар топтамасы, тест тапсырмаларының 
жиынтығы берілген.
Оқулықта 
пайдаланылған 
суреттер, 
карта-сызбалар, 
сызбанұсқалар интернет жүйесі деректерінен алынып, компьютерлік 
жолмен өңдеуден өткізіліп берілген. Сонымен қатар автордың 
құрастыруымен жасалынған көрнекіліктер топтамасымен де 
толықтырылған.
Оқулықтың мазмұнындағы мəліметтер табиғаттың адам 
өміріндегі алатын орнын, табиғат-адам-қоғам арасындағы өзара 
байланысты бүгінгі ғылым талабы тұрғысынан түсіндіретін, 
нақтыланған жаңа ғылыми деректер жиынтығынан тұрады. 
Оқулықта бүгінгі таңдағы адамзаттың белсенді шаруашылық 
əрекетінің табиғатты құрайтын əрбір компонент өзгерісіне, ол өз 
тарапынан жалпы табиғат кешеніне тигізетін ықпалын саралауға
себеп-салдарлық байланыстар жүйесін сипаттауғе ерекше мəн 
берілген. 
Сондықтан да географиялық орта біртұтастығын жəне оны 
сақтау қажеттілігінің кезек күттірмейтін мəселе екендігін еске ұстау 
бүгінгі күннің басты міндеті болып саналады.


5
КІРІСПЕ
Жалпы жертану – Жердің географиялық қабығын, табиғи-
аумақтық кешендер мен олардың құрамдас бөліктерін зерттейтін 
жаратылыстану (физикалық-географиялық) ғылымдарының күрделі 
жүйесіне енеді (1-сурет).
(
ур
)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет