43
Егер
А
маг (кері)
180
0
-тан үлкен болса, кері азимуттан 180
0
-ты
алып тастаймыз; егер
А
маг (тура)
180
0
-тан төмен болса, онда мəндерді
қосамыз (4-графа).
Көз мөлшерлі түсірілім онша күрделі емес,
тез орындалатын
түсірілім түрі. Көз мөлшерлі түсірілімді барлық оқушылармен бірге
мектеп учаскесі маңында, туристік жорықтарда оңай түсіруге бола-
ды. Бұл түсірілімге қажетті құралдарға компас орнатылған планшет,
сызғыш, өлшеуіш жəне қарындаш қажет.
Арақашықтықты қадам
көмегімен анықтап, затқа бағыттау жүргізу планшеттегі графикалық
нүктелер бойынша жүргізіледі.
Алаңға шығар алдында планшеттің
бір жағына параллель
бағытта компасты түсіп қалмайтындай етіп, планшетке бекіту керек.
Қадам масштабын есептеу. Жергілікті жерде қадам ұзындығын
анықтау үшін, ұзындығы 100 метр қашықтық өлшеніп алынады. Осы
қашықтықты өлшеу арқылы қадам жұптарының орташа ұзындығын
есептеп шығарады. Мысалы, 100 метр қашықтықта 72 қадам жұбы
бар болса, онда 10 қадам жұбының
ұзындығын есептеп шығару
қажет. Ол үшін пропорция құрылады:
100 м – 72 қ. ж.
х – 10 қ.ж.
х = 14 метр
Қадам
масштабын құруда, берілген план масштаб үшін
қарапайым сызықтық масштаб жасау керек. Мысалы: 1:1000, 1см –
10 м (5
-сурет).
Сызықтық масштаб негізіне өлшеуішті нөлден оңға қарай, барлық
сызықтың масштаб ұзындықтары жаңа
кесінділерге бөлінгенге
дейін қоямыз. Бұл кесінділер қадам жұптарында жазылады. Нөлден
солға қарай 14 метрге тең кесінді саламыз жəне оны 10 тең бөлікке
бөлеміз.
Метрлік сызықтық масштаб
Қадам масштабы
Достарыңызбен бөлісу: