Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-кесте.  Күн жүйесінің қалыптасуы туралы болжамдар



Pdf көрінісі
бет49/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

2-кесте
Күн жүйесінің қалыптасуы туралы болжамдар
ү
ү
у
ур
р
Бұл гипотезалардың барлығына ортақ кемшіліктер:
Ғаламшарлардың заттық құрамының əртүрлілігі ескерілмеген.
Əрбір аспан денесінің ядросы мен басқа қабаттарының 
қалыптасуы туралы сапалық көрсеткіштердің болмауы.
Бұл кемшіліктер Г. В. Войткевичтің космохимиялық теория-
сында барынша ескеріліп, аспан денелерінің түзілуіндегі заттардың 
гравитациялық жіктелу заңдылықтары сипатталған. Бұл теория мы-
надай мəселелерді айқындайды:
1. Күн алғашқыда салқын шашыранды материядан пайда болған;
2. Алғашқыда айналу жылдамдығы баяу болып, кейіннен 
гравитациялық сығылу мен заттардың тығыздалуы есебінен айналу 
жылдамдығы артып отырған, яғни айналу жылдамдығы радиусқа 
пропорциялы жағдайда артқан;
3. Орталықтан тебу күші Күннен қашықтаған сайын заттардың 
гравитациялық қысымын төмендетіп отырған, əсіресе, бұл көрсеткіш 
Күн экваторы маңайында өте төмендеген;


62
4. Осы себепті Күн экваторы айналасында газды шеңбер түріндегі 
материя жинақталған;
5. Бұл материяның бір бөлігі сейіліп кеткен, ал екінші бөлігінен 
ғаламшарларлар пайда бола бастаған;
6. Алғашқы протоғаламшар материалдары плазма түрінде, яғни 
иондалған сиреген газдардан құралған;
7. Плазманың біртіндеп салқындауынан атомдар ядросы 
электронды қабықтармен қоршалып, химиялық элементтер пайда 
болған, ол өз тарапынан химиялық реакциялардың жүруіне негіз 
болып, соның нəтижесінде химиялық қосылыстар түзілген;
8. Күн жүйесі ғаламшарларының екі топқа бөлінуі газ шеңберін 
құрайтын заттардың ауырлық күші мен магниттік өрістің əсеріне 
тəуелді болған. Алғашқы күш заттарды тығыздығына қарай 
жүйенің орталық бөлігіне тартса, ал екіншісі заттардың зарядтану 
деңгейіне сəйкес ұстап қалып отырған, бұл екі күштің өзар əсер етуі 
нəтижесінде алғашқы заттар бөлініп екі сипаттағы ғаламшарлардың 
түзілуіне негіз болған;
9. Ғаламшарлардың ядросы мен оның қабықтары түрлі кезеңде 
қалыптасқан, ядро Күн жүйесінің алғашқы қалыптасу кезеңдерінде 
металдық заттардың, басым түрде темірдің бөлшектерінің өзара 
кірігуі нəтижесінде пайда болған;
10. Силикаттық құрамдағы ғаламшар қабықтары кейіннен 
біртіндеп металдық ядро айналасына түрлі заттардың қабысуы 
арқылы қалыптасқан;
11. Уақыт кеңістігі аралығында ғаламшар заттарының біртіндеп 
қызуы нəтижесінде мантия заттары гравитациялық жіктелуге 
ұшырап, басқа қабықтардың да қалыптасуына себепші болған.
Ғаламшар серіктерінің қалыптасу кезеңдері ғалымдардың 
пайымдауы бойынша алғашқыда салыстырмалы түрде жеңіл, 
құрамында темір қоспасы аз тасты заттардан тұрған, кейіннен 
олар темір қоспалары арқылы байытылып, олардың ядроларының 
ауырлауы əсерінен біртіндеп жеке дара бөлініп шыққан. Алайда, 
ғаламшарлардың тартылыс күші оларды шексіздікке жібермей, өз 
орбитасы айналасындағы қозғалысының сақталуын қамтамасыз 
етеді. 
Осы жүйедегі ең басты аспан денесі – Күн болып табылады. Күн 
– ысып тұрған газды шар. Жарық шашу көрсеткіші бойынша (-27) 
жұлдыздық бірлікке тең. Қазіргі есептеулер бойынша оның құрамы 
60-қа жуық химиялық элементтерден тұрады. Ең көп кездесетін эле-
менттер – сутек (93,96000%) пен гелий (5,91900%). 


63
Күн өз білігінен Жер орбитасы жазықтығына 7°15′ бұрышпен 
еңкіштенген жазықтық бойымен айналады. Күннің беткі 
қабаттарының айналу жылдамдығы əртүрлі гелиографиялық 
ендіктерде түрліше болады. Экватор бойында айналу периоды 25,04 
күн тəулігіне, 30° ендікте 26,41 тəулікке, полярлық облыстарда 36 
тəулікке тең (3-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет