Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет5/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

табиғи-қоғамдық болып бөлінеді.
ХХІ ғасырдағы географиялық ойлаудың мəні – кеңістіктік-
аумақтық заңдылықтарға талдау жасай білу, геожүйелер мен олардың 
компоненттерінің арасындағы өзара байланыстарды қазіргі əлемнің 
географиялық сипатына түсінік беретіндей дəрежеде ғылыми-
əдістемелік негізінде жүйелеу. 
Сонымен қатар бүгінге дейінгі жинақталған ғылым жетістіктерін 
қолдана отырып, географиялық қабықта туындап отырған 
өзгерістерге ғылыми болжам жасау – «Жалпы жертану» ғылымының 
негізгі міндеттері мен мақсаттарын айқындайды. 
География ғылымы осындай дəйекті ақпараттарды пайдала-
на отырып, жер беті мен оның жеке аудандарындағы, табиғат пен 
шаруашылықта туындайтын кейбір өзгерістерге болжам жасауымен 
де ерекшеленеді.
Қазіргі география жер бетінің күрделілігі мен қайталанбас 
ерек-шеліктерін түсіндіретін көптеген заңдылықтарды анықтады. 
Географиялық 
қабықтың 
зоналылығы 
мен 
ырғақтылығы, 
геожүйелердегі зат жəне энергия айналымы, геожүйелердің ғарышпен 
байланысы, əртүрлі елдердегі шаруашылықты дамытудағы табиғат 
байлықтарын тиімді пайдалану жəне қазіргі ғаламдық экологиялық 
проблемаларды шешудің ғылыми негіздемелерін жасаумен айналы-
сады. 
Сондықтан да əлем туралы географиялық білім уақыт өткен сайын 
кеңейеді əрі табиғи құбылыстардың динамикасы, мұхит суларының 
жағдайы мен циркуляциясы, шаруашылықтағы өзгерістер туралы 
мəліметтермен жыл сайын толығып отырады. 
Қазіргі уақытта Жер шарының түрлі бөліктеріндегі 
экологиялық жағдайлар, ауа мен судың ластануы, шөлейттену 
үдерісінің кеңінен таралуы, топырақтың сортаңдануы тағы басқа 
мəселелер тиянақты зерттелуде. 
Табиғаттағы апатты жағдайлар, жер сілкіну, цунами, дауыл-
дар, су тасқыны тағы басқалар құбылыстардың таралу картала-
ры жасалынуда. 


8
Жер шары халқына, шаруашылығына зиянын тигізетін 
құбылыстардың табиғаты анықталып, олардың алдын алу ша-
ралары кеңінен қарастырылуда. Осы аталған жағдайлар «Жалпы 
жертану» ғылымының ең өзекті əрі көкейкесті мəселелеріне айна-
лып отыр.


9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет