138
Соның əсерінен жарылыс күшті жүрген Сібір жəне Үндістан
платформаларында бағалы металдар мен асыл тастардың бай кен
орындары көптеп түзілген.
57-сурет. Параплатформалық аймақтардағы қозғалыстар:
1-магматизм ошақтары, 2-шөгінді жыныстар, 3-кристалды іргетас
Материктер аумағындағы қозғалмалы жерлер
В. Е. Хаин бойын-
ша
геосинклинальдық жəне
геоантиклинальдық аудандарға
жіктеледі. Олардың барлық аумағында тектоникалық жарықтар
жиілігі жоғары болғандықтан ішкі күштердің ықпалы күшті
байқалады. Сондықтан магманың жоғары көтерілуі қарқынды жүреді,
бұл өз тарапынан жанартау атқылауы, жер сілкіну құбылыстарына
себепші болады.
Неотектоникалық қозғалыстарға
жиі ұшыраған платформалар
шегінде
эпиплатформалық таулар жүйесі қалыптасады. Геосин-
клиналдарда ішкі күштер əсерінен қатпарлану қозғалыстары жүреді.
Соның нəтижесінде
антиклинорийлер (тау жоталары) мен
синкли-
норийлер (тау аралық жəне тау алды ойыстары) түзіледі. Кавказ та-
улы аймағында Үлкен Кавказ, Кіші Кавказ жоталары антиклинорий-
лерге, ал олардың арасындағы Колхида
мен Ленкорань ойпаттары
синклинорийлерге сəйкес келеді. Мұндай құрылым Гималай тауы
мен Үнді-Ганг ойпатына да тəн (
58-сурет).
Материктердің қозғалмалы зоналарында – ішкі геосинклиналь-
ды қатпарлы белдеудер мен эпиплатформалық орогендік белдеудер
орналасқан. Ішкі материктік геосинклинальды қатпарлы зоналар өте
139
ауқымды да қарқынды тектоникалық қозғалыстармен, сейсмикалық
қарқындылығының биік дəрежесімен, қатпарлар мен үзілмелі
кұрылымдарының жаппай етек алуымен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: