Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет136/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

95-сурет. Күн радиациясының Жер бетіне түсуі жəне албедо


190
Жер бетінің күн сəулелерін кері шағылдыруы альбедо деп ата-
лады, оның көрсеткіші жердің төсеніш жамылғысының сипатына 
байланысты болады (95-сурет). 
Жаңа жауған қар күн радиациясының 90%-ға жуығын 
шағылдырса, құм – 35-40%-ын, өсімдік жамылғысы – 10-25%,-ын 
ал ылғал топырақ 5%-ын ғана кері қайтарады. Шағылу есебінен күн 
радиациясының 15-30%-ға жуығы əлем кеңістігіне сіңіп, сейіліп 
кетеді. 
Атмосферада күн сəулелерін озон, көмір қышқыл газ бен бұлттар, 
су тамшылары мен шаң-тозаң жұтады. Жалпы алғанда, атмосфера-
да Күннен келетін радиацияның 15-20%-ы жұтылады. Осылайша 
Күннің сəулелік энергиясының біразы атмосферада жылуға айналса, 
басым бөлігі жер бетін жылытуға жұмсалады.
Кез келген қызған денелер жылу бөлетіні сияқты, жер бетінен 
көтерілген жылу атмосфераның төменгі қабатын жылытады. 
Жиынтық радиацияның кері шағылу мен жер бетінің жылулық 
сəулеленуіне жұмсалғаннан қалған бөлігін радиациялық баланс 
немесе қалдық радиация деп атайды. Радиациялық баланс мөлшері 
экватордан (жылына 3066·10

Дж/см
2
) полюстерге (294·10

Дж/см
2

қарай кемиді. Қоңыржай ендіктерде қыс кезінде радиациялық ба-
ланс теріс мəнге ие, ал экватордан шамамен 40
0
ендіктер аралығында 
бұл көрсеткіш жыл бойы оң болады (96-сурет).
96-сурет. Қаңтар айындағы радиациялық баланс


191
Ауа температурасының атмосферада таралуы мен оның үздіксіз 
өзгерістері атмосфераның жылу режимі деп аталады, ол атмос-
фера мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасуы нəтижесінде 
жүзеге асады. Тропосферада жұтылған радиация тəулігіне ауа тем-
пературасын 0,5
0
С-қа ғана жоғарылата алады. 
Тропосферадағы ауаның жылынуы жер бетіне келіп сіңген 
жылу есебінен жүзеге асады. Жер бетіне жанасып жатқан ауа 
қабаты жылынған соң, салмағы жеңілдеп, конвекция (латын 
тілінде, konvectio – жеткізу деген мағына береді) көмегімен жоғары 
көтеріліп, оның орнына жоғарыдағы салқын ауа келеді. Осы ауаның 
тік қозғалыстары есебінен атмосфера Күннен келетін жылудан үш 
есе артық мөлшерде жылына алады.
Тропосферадағы ауаның температурасы төменнен жоғарыға 
қарай өзгереді, əрбір жүз метр биікке көтерілген сайын ауа температу-
расы 0,6
0
С төмендейді. Кейбір жағдайда ауаның жоғарғы бөлігіндегі 
температура төменгі ауа қабатымен салыстырғанда жоғары болуы 
мүмкін, мұндай құбылысты температуралық инверсия (латын 
тілінде, inversio – аударылу деген мағына береді) деп атайды. 
Сондықтан атмосфераның жылу режимінде атмосфера мен жер 
беті арасындағы жылу мен ылғал алмасуы маңызды рөл атқарады. 
Ауа температурасының өзгеруіне Жер шарының басқа бөліктерінен 
келетін ауа массаларының келуі (адвекция) де əсер етеді. 
Тəулік ішінде ауа температурасы өзгеріп отырады, ең төмен тем-
пература таң алдында, ең жоғары температура түстен кейінгі сағат 
14-15 шамасында байқалады. Тəуліктік орташа температураны 
анықтау үшін тəулік ішінде байқалған бірнеше температуралық 
көрсеткіштің орташа арифметикалық шамасын алу қажет. Тəулік 
ішіндегі байқалатын ең жоғары жəне ең төменгі температуралар ай-
ырмасы тəуліктік аиплитуда деп аталады.
Тəуліктік амплитуда өзгерісі бірнеше факторларға байланысты:
1. Жергілікті жердің географиялық ендігіне, ол сол жерге келіп 
түсетін жылу мөлшерін анықтайды;
2. Жер бетінің төсеніш сипатына, өйткені құрлық беті пен судың 
əркелкі жылынады;
3. Жергілікті жердің бедеріне байланысты, таулы жер мен жазық 
жерлер де əркелкі жылынады;
4. Бұлттылық артатын болса, тəуліктік амплитуда төмендейді. 
Өйткені бұлттар жер бетін күндіз қатты қызып кетуден, ал түнде 
қатты салқындап кетуден сақтайды.


192
Ауа температурасы жыл ішінде де өзгеріске ұшырап отыра-
ды. Оның жыл ішіндегі өзгерісіне географиялық ендік, атмосфера 
циркуляциясының өзгерістері, жер бедерінің сипаты, мұхиттар мен 
ондағы беткі ағыстар, жер бетінің төсеніш сипаты сияқты факторлар 
белгілі дəрежеде əсерін тигізеді. 
Солтүстік жарты шар материктері үшін ең ыстық ай – шілде, ең 
салқын ай – қаңтар болса, ал Оңтүстік жарты шар материктері үшін 
ең ыстық ай – қаңтар, ең салқын ай – шілде болып саналады.
Мұхит сулары баяу жылынып, баяу суынатын болғандықтан 
Солтүстік жарты шар мұхиттары үшін ең жылы ай – тамызға, ең 
суық ай – ақпанға, Оңтүстік жарты шар мұхиттары үшін ең жылы 
ай – ақпанға, ең салқын ай – тамыз айларына сəйкес келеді.
Жыл ішінде байқалатын ауа температурасының ең жоғары жəне 
ең төменгі көрсеткіштер айырмасын жылдық аиплитуда деп атай-
ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет