Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет184/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Охот теңізі – Тынық мұхитынан Камчатка түбегі мен Куриль 
аралдары арқылы бөлініп жатыр. Курил аралдары сейсмикалық 
жағынан өте белсенді. 40-қа жуық əрекетін тоқтатпаған жанартаулар 
мен жиі қайталанатын жер сілкінулері əсерінен жағалауға соғатын 
қуатты цунами толқындары бұл аймаққа тəн құбылыс. Мұхитпен ені 
2300 метрге дейін жететін терең бұғаздар (Буссоль, Крузенштерн) 
арқылы жалғасады. 
Ауданы 1 млн 603 мың км
2
, ең терең жері 3521 метр. Теңіз 
табанының 42%-ын материктік қайраң алып жатыр. Ол теңіздің 
батыс жағалауын бойлай ені 400 км қайраң түрінде солтүстікке 
дейін созылады. Теңіздің көпшілік бөлігінде климат арктикалықтан 
қоңыржайға өтпелі. Қыс кезінде Еуразия материгі үстінен солтүстік, 
солтүстік-батыс желдері соғады, кей кездерде желдер дауыл сипаты-
на айналады. 
Жағалаудағы ауа температурасы -25
0
С-ге дейін төмендейді. 
6-7 ай бойы теңіз бетінің тең жартысынан астамын мұз басады. 
Теңіздің батысында мұз шілде айына дейін сақталады. 
Сары теңіз басқа теңіздерден едəуір айырмашылық жасай-
ды: онша терең емес (орташа тереңдігі 44 м, ең терең бөлігі 100 
м), өзендер көп мөлшерде тұщы су алып келеді, жалпы теңіз 
жартылай тұйық сипатты, су айдынының біраз бөлігін таяз сулы 
шығанақтар алып жатыр. 
Хуанхэ, Ляохэ жəне басқа өзендер теңізге Солтүстік Қытай 
жазықтарынан лесс жыныстарын алып келеді. Бұл жыныстар 
өзен сағаларынан ондаған километр жерге дейінгі теңіз суын 
сары түске бояйды. Сондықтан теңіз Сары деген ат алған. Хуан-
хэ өзені теңізге ертеректе Шаньдунь түбегінің оңтүстігінен келіп 
құйған. Өзеннің жаңа арнасы жас болғанына қарамастан, жыл-
дам ұлғаюда, таяз сулы Бохайвань шығанағына қарай 50 км-ге 
жылжыған.
Теңіздің климаты қоңыржай континентті, муссондық сипатта 
болады. Суық, құрғақ болатын қыс кезінде құрлықтан желдер соғып 
түрады. Жағалау бойында су 0
0
С-ге дейін, ашық теңізде +8
0
С-ге 
дейін салқындайды. Бұл кезде суық, «қысқы» сулар қалыптасады. 
Жазы жылы жəне ылғалды, мұхиттан муссон желдері соғып 
тұрады, тұмандар мен жаңбыр жиі болады. Беткі сулар +28
0
С-


261
ге дейін жылынады. Жазғы жаңбырлар өзен ағынын молайтып, 
жазықтарда су тасқындарын туғызады.
Теңіздін, таяз болуы, өзен ағынының молдығы биологиялық 
өнімділікті жоғарылатады. Балық көп ауланады, устрица мен ми-
дия кəсіпшілігі дамыған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет