Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет186/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Солтүстік Мұзды мұхит – Солтүстік полюс маңында, Аркти-
када орналасқан. Ол басқа мұхиттардан кіші, ауданы бар болғаны 
14,76 млн. км
2
. Басты ерекшелігі – климатының қаталдығы жəне 
жаппай мұз басу аудандарының кең таралуы. Қатал табиғат 
жағдайларына байланысты мұхитты зерттеу қиындық тудыра-
ды. Солтүстік Мұзды мұхитты зерттеу мен игеру Ресей, Дания, 
АҚШ, Канада, Ұлыбритания жəне т.б. елдердің саяхатшылары, 
ғалымдары, теңізшілері мен ұшқыштарының ержүректігінің 
арқасында ғана мүмкін болды.
Мұхитқа Еуразия жəне Солтүстік Американың ірі жазықтары 
ұласып жатыр. Олардың суастындағы жалғасы қайраңдарды 
түзеді. Құрлықтың шеткі бөліктері мұхит айдынының 2/3 бөлігін 
алып жатыр. Көптеген теңіздер ені 1300 км-ге жететін қайраңдарда 
орналасқан. 
Мұхит табаны бір-бірінен суасты жоталары арқылы бөлініп 
жатқан бірнеше қазаншұңқырлардан түрады. Ең ірі суасты жо-
тасы – Ломоносов жотасы, оның ұзындығы 2000 км-ге, биіктігі
3 км-ге жетеді. Кейбір қайраңдардан мұнай, газ, қалайының кен 
орындары табылған (127-сурет).
127-сурет. Солтүстік Мұзды мұхит түпкі жер бедері мен жағалауы


263
Жоғары ендіктерде күн сəулесі мұхит бетіне тек көктем мен жаз-
да ғана түседі. Күз бен қыста поляр түні басым болады, ал полюс 
үстінде поляр түні алты айға дейін созылады. Көп жылдық қалың 
(3-5 м) мұздар Арктика алабын түгелдей дерлік жауып жатыр. 
Құрлық жағалауы бойымен қайраң бетінде қазан мен маусым 
аралығында ені 600-700 км болатын жағалъқ мұздар қатады. Көп 
жылдық мұздар мен жағалық мұздар арасында қалқыма мұздар 
басым болады.
Мұхит негізінен Батыс Еуропа мен Солтүстік Американың 
өнеркəсіпті аудандарынан келетін өзен суларымен ластанады. 
Төменгі ендіктердің жылы суларында мұнай дақтары салыстыр-
малы түрде жылдам жойылса, суық суларда кез келген ластаушы 
заттардың залалсыздануы анағұрлым баяу жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет