Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет188/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Гудзон шығанағы – Канада кристалды қалқанының орталық 
ойпаңдау бөлігін алып жатқан таяз сулы (орташа тереңдігі 112 м), 
құрлық ішілік үлкен су айдыны. Шығанақ суы тұздылығы, ал жаз 
кезінде температурасы жөнінен де үлкен айырмашылық жасайды. 
Тұщыланған судың артық бөлігі (əсіресе, жазда) Атлант мұхитына 
Гудзон шығанағы арқылы ағып өтіп, Лабрадор ағысының жағалық 
суық суларына барып қосылады. 
Қыста шығанақты сегіз ай бойы тұтастай мұз құрсайды, мұздан 
тек тамыз айында ғана толығымен арылады. Жазда шығанақтың 
суық сулары Солтүстік Американың ірі жазықтарына салқын ауа 
əкеледі. Шығанақта балық аулау жəне теңіз жануарлары кəсіпшілігі 
дамыған.
Атлант мұхиты – Жер шарындағы ең игерілген, ежел-
ден адамзатқа кеңінен танымал мұхит айдыны болып саналады. 
Мұхиттың жалпы ауданы 91,6 млн км 
2
, орташа тереңдігі 3597 метр, 
ең терең жері – Пуэрто-Рико шұңғымасы, тереңдігі 8742 метрге 
жетеді (128-сурет).
Сонау Ұлы географиялық ашылулар заманынан бері ол 
ғаламшардағы басты су жолының күретамыры болып саналады. 
Мұхит арқылы Еуропа мен Солтүстік Америка елдерін 
жалғастыратын аса маңызды теңіз жолдары өтеді. Оңтүстікке қарай, 
Африканың батыс жағалауы бойымен жəне оңтүстік-батысқа қарай 
Кариб теңізі алабы мен Оңтүстік Америкаға бағытталған маңызды 
су жолдары өтіп жатыр. 
Атлант мұхиты жағалауында дүниежүзіндегі халық ең 
тығыз қоныстанған, шаруашылығы дамыған елдер орналасқан. 
Сондықтан олардың мұхит табиғатына тигізетін əсері де елеулі 
болып отыр. 
Мұхитқа құятын көптеген өзендер (олардың ең ірілері – Амазон-
ка, Конго, Миссисипи, Парана, Ориноко, Ніл, Дунай, Рейн, Луара 
жəне т.б) өздерімен бірге өте көп мөлшерде ластаушы заттарды 
алып келеді.


265
128-сурет. Атлант мұхитының түпкі жер бедері мен жағалауы
Ластаушы заттардың көпшілік бөлігі Еуропа мен Американың 
жағалауында орналасқан қалалардан, порттар мен өнеркəсіп 
орындарынан, Солтүстік теңіздегі, Мексика жəне Гвинея 
шығанақтарындағы мұнай кəсіпшіліктерінен келеді.
Атлант мұхитының басты белгісі – оның Арктикадан 
Антарктикаға дейін ұзыннан-ұзақ созылып жатуы, салыстыр-
малы түрде жіңішке болып келуі. Оның ең жіңішке жері экватор 
маңындағы Сан-Роки мүйісі мен Африка жағалауына дейінгі 
аралықты (2900 км шамасында) алып жатса, ең енді жерлері 
оңтүстікке қарай орналасқан (129-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет