268
3822 м болатын жартылай тұйық су алабы. Теңіздің орта бөлігін аса
үлкен Мексика қазаншұңқыры алып жатыр. Флорида жəне Юка-
тан қайраңдары ені 200 км болатын, жер бедері күрделі, əктасты
платформалар болып табылады. Шығанақтың солтүстік ауданда-
рында тұз күмбездері, көптеген (300-ден аса) мұнай, газ, күкірт кен
орындары ашылған. Миссисипи өзенінің шөгінділері оңтүстікке
қарай 150 км-ге созылып жатқан аса ірі атырауды қалыптастырған.
Мұндағы шөгінділердің қалыңдығы 16 км-ден асады.
Флоридадан
оңтүстік-батысқа
қарай
маржандар
мен
тұнбалардан, əктастан түзілген, жағалауы мангр шоқтарымен
көмкерілген кішігірім ойпатты аралдардың тізбегі орналасқан.
Осындай аралдар тобы Куба жағалауларында да бар.
Шығанақтың
климаты тропиктік, ал қиыр солтүстігінде
субтропиктік сипат алады. Қыста негізінен шығыс пен солтүстік-
батыстан соғатын пассат желдері басым, кейде солтүстік муссоны
–
нортеро соғады. Ол
суды салқындатып, күшті толқындар туды-
рады. Мексика шығанағы балыққа бай. Басты кəсіптік балықтары
– майшабақ, кефаль, тунец.
Америкалық Жерорта теңізі (кейде Мексика шығанағын осылай
деп те атайды) – Дүниежүзілік мұхиттағы басты мұнайлы ауданның
бірі. Қайраңда мұнай (жылына 40 млн т), газ (жылына 140 млрд
м
3
), күкірт пен магний өндіріледі. Ашық
теңізде супертанкерлерді
қабылдайтын ірі мұнай айлақтары салынған. Жағалауда ірі
мұнай-химия кəсіпорындары шоғырланған.
Мексика шығанағы
арқылы орасан зор жүк айналымы жүзеге асады. Шығанақ
жағалауындағы
Батыс Флорида, Куба, Мексикада демалыс орында-
ры көптеп орналасқан. Миссисипи жəне басқа өзендер шығанаққа
көп мөлшерде өнеркəсіп қалдықтарын ағызып алып келеді. Əсіресе,
шығанақтың солтүстік бөлігі тым қатты ластанған.
Жерорта теңізі – аса үлкен теңіздердің бірі. Оның ауданы 2
млн 505 мың км
2
шамасында. Оның əлемдік өркениет тарихын-
да айрықша орны бар. Осы теңіздің
алабында алғашқы өркениет
ошақтары қалыптасқан.
Теңіз Африка жəне Еуразия литосфералық плиталарының
жымдасқан бөлігіндегі жас Альпілік қатпарлық зонасында, Еуро-
па, Африка жəне Азия құрлықтарының аралығында орналасқан.
Жерорта
теңізі
палеозой-мезозойлық
ежелгі
Достарыңызбен бөлісу: