273
кені (мырыш, қорғасын, марганец, мыс, алтын, күміс) аса жоғары
бағаланады. Қазірдің өзінде мұнда күміс өндіріле бастады.
Теңіз негізінен тропиктік шөлдер зонасында орналасқан. Оның
ең солтүстік бөлігіне субтропиктік құрғақ климат тəн. Жазда теңіз
үстіндегі күндізгі ауа температурасы +30
0
С-ден артық, жағалауда
+40
0
С шамасында; қыста солтүстікте +15
0
С, орталық жəне оңтүстік
бөліктерде +20
0
С-ге дейін жетеді. Буланушылық жылына 3000 мм-ді
құрайды. Соның нəтижесінде судың тұздылығы артып, тұздылығы
өте жоғары (40,5-41
0
/
00
) жəне тығыз болатын тереңдегі су қабаттары
қалыптасады.
Теңізде балықтардың жүздеген түрлері мекендейді, олардың ара-
сында сардинелла,
ұшқыш балық, тас алабұғасы, скумбрия жəне
т.б. бар. Сонымен қатар, ұсақ шаяндар, лангуст, теңіз тасбақалары
жəне дюгондар таралған.
Теңізде кеме жүзу жағдайлары қиын. Кейбір аудандар өте нашар
зерттелген. Маржан рифтері терең ойыстармен кезектесіп келеді.
Маржан полиптерінің
тобы жылдам дамып-жетіліп, пішіндерін
ұдайы
өзгертіп отырады, оларды кейде күшті дауылдар бұзып та
кетеді.
Қызыл теңіз басқа су айдындарымен Суэц каналы жəне Баб-əл-
Мандеб бұғазы арқылы байланысады.
Достарыңызбен бөлісу: