Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет204/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

1-тапсырма
Физикалық карта бойынша өзенге физикалық-географиялық си-
паттама берудің жоспары:
1. Өзеннің материктегі географиялық орнын анықтау.
2. Өзеннің қандай мұхит алабына (тұйық алап) жататынын 
анықтау.
3. Өзеннің бастауы мен құяр (саға) жерін анықтау.
4. Өзеннің су жинау алабын сипаттау, оның жер бедері мен 
климаттық жағдайға қатысын түсіндіру.
5. Климаттық жағдайға байланысты өзеннің қоректену көздерін 
анықтау жəне соған байланысты өзен режимін сипаттау.
6. Карта бойынша өзен бойында орналасқан елдер ірі қалаларды 
анықтау, өзенді шаруашылықта пайдалану жағдайын сипаттау.
7. Өзеннің экологиялық жағдайына шаруашылық əрекеттердің 
мүмкін болатын əсерін саралау.
2-тапсырма.
Жергілікті жер жағдайында өзенге сипаттама беру.
1. Өзеннің көлденең қимасын өлшеу. Егер жергілікті жердегі 
өзен арнасы шағын болатын болса немесе оның үстімен көпір 
салынған жағдайда оны анықтау қиындық туғызбайды. Өзеннен 
өту мүмкіндігі болмаған жағдайда белгі қойылған ұзын жіп алып
оның екінші басына ауыр жүк байлап, оны өзеннің екінші шетіне 
лақтыру қажет. Сосын оны тез арада тартып алып, лақтырылған жіп 
ұзындығы арқылы өзеннің көлденең қимасы анықталады.
2. Өзен тереңдігін өлшеу. Өзен онша терең болмаған жағдайда 
өлшем ағаштарын (рейка) пайдалануға болады. Егер өзен терең 
болған жағдайда, қайық көмегімен өзен ортасына барып, алдыңғы 
жұмыста пайдаланған жүк ілінген жіпті суға түсіріп, түбіне жеткен-
ше ұстау қажет. Бұл əдіс – лот əдісі деп аталады. 


286
3. Өзен ағысының орташа жылдамдығын есептеу. Ол үшін 
өзеннің неғұрлым тегіс бөлігін таңдап алып, өзен бойымен белгілі 
ұзындықты өлшеп аламыз. Осы аралыққа екі адам тұрып, жіберілген 
қалтқының уақытын дəл анықтау қажет. Егер қалтқы 20 метр жерді 
40 секундта ағып өтетін болса, өзеннің орташа жылдамдығы 0,5 м/с 
деген сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет