294
лизм атты ағымдар пайда болды. Механикалық
материализм тірі
организмдерді химиялық жəне физикалық процестер нəтижесі деп
қарастырады.
Бұған қарама-қарсы көзқарас виталистік бағытта болды, онда тірі
организмдерде өмір күштерінің болғанын, ал өлі заттарда мұндай
күштер болмаған жəне тірі заттар физикалық заңдарға бағынбаған
деп түсіндіреді.
ХХ ғасырдың ортасына дейін ғылымда тіршілік əртүрлі
материялық құрылымдардан өздігінен
пайда болды деген идея ба-
сым болды. 1865 жылы неміс ғалымы
Г. Рихтер тірі денелер жер-
ге ғарыштан келген деген болжам айтты. 1908 жылы швед химигі
Сванте Аррениус бұл гипотезаны қолдап,
жерде тіршілік біздің
планетамызға ғарыштан түскеннен кейін басталды деген ой айтты.
А. И. Опариннің тіршіліктің шығуы туралы тұжырымдамасында
ол тіршілікті бірыңғай табиғи процесс, химиялық эволюция-
дан біртіндеп биохимиялық эволюцияға
ауысқан процесс деп
қарастырды. Оның пікірінше бұл процесс жердің геологиялық эво-
люциясымен тығыз байланысты жүзеге асты.
В. И. Вернадский ұйғарымы бойынша тіршілік бірден анайы
биосфера түрінде пайда болды. Тірі зат – бұл біздегі барлық тірі
организмдердің жиынтығы.
Жоғарыда айтылған пікірлерді ескере отырып, Жерде тіршіліктің
қалыптасуы шамамен ғаламшардың
пайда болуымен қатар
жүргендігін айқын аңғаруға болады.
Жер биосферасының дамуын үш кезең бойынша қарастыруға
болады:
1. Қайта қалпына келуші кезең – бұл ғарыштық жағдайдан
басталып, жерде гетеротрофты биосфера
пайда болғаннан кейін
аяқталады.
2. Фотосинтез əсерінен пайда болған əлсіз тотығу кезеңі.
3. Эукариоттар пайда болған тотығу кезеңі.
Жер биосферасының дамуы шартты түрде мынадай кезеңдерге
бөлінеді:
1. Прокариотты қарапайым клетканың (ядросыз клетка) пайда
болуы;
2. Эукариотты толық қалыптасқан клетканың (ядролық клетка)
пайда болуы;
3. Эукариоттар
клеткаларының
бірігіп,
көп
клеткалы
организмдердің пайда болуы;
295
4. Қатты қаңқадан тұратын организмдердің пайда болуы жəне
жоғары сатыдағы жануарлардың қалыптасуы;
5. Жоғарғы сатыдағы жануарларда жүйке жүйесінің, мидың пай-
да болуы;
6. Мидың жоғары ұйымдасқан түрі – ақылдың пайда болуы;
7. Адамдардың əлеуметтік ортасының пайда болуы.
Биосфера дамуының ең биік шыңы – адамның пайда болуы.
Адамның пайда болып, дамуы биосферада
Жердің жаңа қабығы
ноосфераның дамуына бастап əкеледі.
Биосфераны Жердің «тіршілік қабығы» деп атайды. Биосфера
терминін ғылымға 1875 жылы алғаш енгізген аустриялық ғалым
Достарыңызбен бөлісу: