301
Топырақ туралы ілімнің негізін салған орыс ғалымы –
В. В. До-
кучаев, ол ең алғаш рет топырақтың генетикалық түрлерін жіктеп,
олардың қалыптасуы мен географиялық ендіктер бойынша таралу
заңдылығын негіздеді.
Топырақтың қалыптасуына бірнеше факторлар əсер етеді:
1. Түпнегіз жыныстар;
2. Климаттық жағдай;
3. Тіршілік өкілдерінің əрекеті.
Ең басты топырақ қалыптастырушы фактор – климат, ол тау
жыныстарының үгілу
сипатына, топырақтағы жылу жəне су
режиміне, топырақта жүретін түрлі əрекеттердің жылдамдығына,
өсімдік жамылғысының таралу сипатына ықпал жасайды.
Топырақ құрамының 50-60, кейде, тіпті, 90-97%-ға жуығын
минералдық заттар құрайды. Ол заттар топырақ құрамындағы
қоректік заттарды құрайды,
олар кальций, магний, күкірт, калий,
фосфор, темір сияқты элементтерден тұрады.
Топырақтың органикалық бөлігі шірінді заттар қалдығынан
құралады, оны
қарашірік (гумус) деп атайды. Қарашірік – топырақ
құнарлылығының ең басты көрсеткіші. Топырақ құрамындағы
қарашіріктің жиынтық қоры шамамен 160т/га-ға тең болады.
Қарашірік қоры ең мол топырақ –
қара топырақ болып табылады.
Сол себепті В. В. Докучаев
қара топырақты жерлер Ресейдің негізгі
байлығы деп санаған.
Қазақстан жерін алып жатқан осындай құнарлы қара топырақты
алап тың жəне тыңайған жерлерді игеру науқаны кезеңінде аяусыз
пайдаланылып, өзінің құнарын едеуір деңгейде төмендеткен бола-
тын.
Қазіргі кезеңде бұл топырақ құнарлылығын қалпына келтіру
мақсатындағы агротехникалық шаралар кеңінен жүргізіліп, мемле-
кет тарапынан қамқорлыққа алынуда.
Топырақтың құнарлығы оның табиғи жəне мəдени өсімдіктердің
қалыпты өсуі мен дамуын қамтамасыз ету қабілетін анықтайды.
Топырақтың табиғи құнарлылығы олардың түзілуі мен қалыптасуы
барысында топырақ түзуші факторлардың өзара əрекеті əсеріне
тəуелді болады жəне онда өсетін табиғи
өсімдіктердің өнімділігі
арқылы бағаланады.
Топырақта жүретін күрделі биологиялық, физикалық-химиялық
тізбекті əрекеттердің тіршілік қабықтары үшін мəні зор. Сондықтан
еңбек адамы ежелден осы табиғи байлыққа үлкен құрметпен
қарайды.
302
Өсімдік жамылғысы қалыпты өсіп, биологиялық өнімділік
жоғары болу үшін топыраққа мынадай жағдайлар қажет:
1. Өсімдік бойына сіңіре алатын жағдайдағы қоректік заттардың
жиынтығы болуы тиіс;
2. Өсімдіктер бойына сіңіре алатындай жағдайдағы су мөлшері
болуы тиіс;
3. Өсімдік тіршілігі үшін қажетті мөлшердегі оттегімен
қамтамасыз етілуі тиіс;
4. Топырақтың химиялық жəне механикалық құрылымы өсімдік
тамырларының топыраққа емін-еркін өтуін жəне одан қоректік зат-
тар мен ылғалды қажетінше алуын қамтамасыз етуі тиіс;
5. Топырақ құрамында өсімдіктер тіршілігі үшін зиянды қоспалар
болмауы тиіс.
Өсімдіктер топырақ құрамынан негізгі
қорек көзі ретінде азот,
фосфор, калий, кальций, темір, күкіртті сіңіре алады.
Н. П. Ремезов-
тің деректері бойынша, қара топырақтың құрамындағы азот пен
фосфор қорының көптігі соншалық, бидайдан орташа түсім алған
жағдайдың өзінде, ол əлі де 250 жылға жетеді, ал калий қоры 3 мың
жылға жететіндей мөлшерде екен.
Бірақ өсімдіктер үшін бұл элементтердің мөлшері емес, өсімдік
сіңіре алатындай ыңғайлы түрде кездесуі маңызды.
Топырақта кездесетін азоттың
көп бөлігі органикалық азот
түрінде болады, сондықтан оны, əсіресе мəдени өсімдіктердің өз
бойына сініруі өте күрделі процесс. Сондықтан кейбір қажетті
элементтерді химиялық тыңайтқыштар түрінде топыраққа қосымша
енгізуге тура келеді.
Оның тағы бір себебі жыл сайын жиналған өніммен бірге
химиялық элементтер де
топырақтан алынып, оның қоры азаяды.
АҚШ-тың орталық аудандарында 20 жыл ішінде топырақтағы азот
мөлшері 20% -ға, келесі 20 жылда 10% -ға, келесі 20 жылда 7%-ға
кемігені анықталып отыр.
Топырақ механикалық құрамына қарай сазды, саздауыт, құмды,
құмайт топырақ түрлеріне жіктеледі. Өсімдіктердің жақсы өсуі үшін
құмайт жəне саздауыт топырақтар тиімді, өйткені олар арқылы ауа
мен ылғалдың еркін қозғалуына мүмкіндік бар.
Топырақтың географиялық таралуы жоғарыда аталған топырақ
қалыптастырушы факторлардың өзара əрекетіне байланысты бола-
ды.
В. В. Докучаевтың жіктемесі бойынша топырақтың басты 10 түрі
303
бар, ал қазіргі кезде топырақтың 100-ден астам түрі ажыратылады.
Топырақ жазық жерлерде
ендік зоналық заңдылығы бойынша, ал
тауларда
биіктік белдеулілік бойынша таралады.
Солтүстіктен оңтүстікке қарай топырақ түрлері табиғат зонала-
ры бойынша таралады:
• Тундра зонасында
тундраның глейлі топырағы;
• Қылқан жапырақты (тайга) орманда
күлгін топырақ;
•
Аралас орманда шымды-күлгін топырақ;
• Жалпақ жапырақты орманда
сұр орман топырағы;
• Дала зонасында
қара жəне
каштан топырағы;
• Шөлейт зонасында
сұр топырақ таралады.
Биік тау бастарында биіктік белдеулілікке сəйкес жазық
жердегі топырақтың биік таулық аналогтары кездеседі.
Сонымен
қатар жазық жерлердің өзінде зоналық заңдылыққа бағынбайтын
топырақ түрлері кездесуі мүмкін. Ірі өзен бойындағы жайылмаларда
Достарыңызбен бөлісу: