Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Географиялық қабықтағы зат жəне энергия айналымы



Pdf көрінісі
бет220/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

8.3. Географиялық қабықтағы зат жəне энергия айналымы, 
ырғақтылық
Географиялық қабықтағы маңызды заңдылықтардың бірі – 
зат жəне энергия айналымы. Айналымның бірнеше түрі бар: 
атмосферадағы ауа айналымы, су айналымы, жер қыртысындағы 
зат жəне энергия айналымы жəне т.б. Айналым тоқтаусыз жүреді 
жəне географиялық қабықтың барлық құрамдас бөліктерін қамтиды 
(137-сурет).
Күннен келетін жылу географиялық қабықта жүретін 
процестердің энергия көзі жəне қозғаушы күші болып табылады. 
Айналым барысында Күннен келетін орасан мол энергия өзгеріске 
түсіп, бір түрден екінші түрге ауысады. Жерге Күннен жылына 
5628·10
21 
Дж/см
2
шамасында жылу келіп түседі. 
Энергия 
айналымы 
географиялық 
қабықтың 
барлық 
компоненттерін қамтумен қатар, басқа айналым түрлерінің жүруіне 
қозғаушы күш болып табылады. Географиялық қабық үшін су 
айналымының маңызы өте зор.
137-сурет. Географиялық қабықтағы зат айналымы
Географиялық қабықтың дамуында биологиялық айналым да 
айрықша рөл атқарады. Биологиялық айналым фотосинтезден бас-
талатын күрделі процестердің тізбегінен тұрады. 


309
Күн сəулесінің жəне ауадағы көмір қышқыл газының тікелей 
қатысуымен 
жүретін 
фотосинтез 
процесінің 
нəтижесінде 
биосфераның негізін құрайтын өте көп мөлшердегі органикалық зат 
түзіледі жəне энергия жинақталады, атмосфера оттегімен толығады. 
Ғалымдардың 
есептеуі 
бойынша, 
фотосинтез 
процесі 
нəтижесінде жасыл өсімдіктер жылына атмосфераға 248 млрд тонна 
оттегін бөліп шығарып, 238 млрд тонна органикалық зат түзіледі. 
Фотосинтез процесі кезінде географиялық қабықта 1 млрд тонна 
азот, 260 млн тонна фосфор жəне 200 млн тоннаға жуық күкірт те 
айналымға түседі. 
Биологиялық айналымдағы күрделі процестің бірі – хемосинтез
оны орыс микробиологы Н. С. Виноградский ашқан. Хемосинтез 
кезінде кейбір микроорганизмдер ауадағы көмір қышқыл газы мен 
оттегін жəне топырақ құрамындағы минералды заттарды қатыстыра 
отырып, химиялық реакция кезінде бөлінген энергияны пайдалану 
арқылы органикалық зат түзеді.
Хемосинтез процесі фотосинтезбен жанама түрде байланысты, 
өйткені микроорганизмдер фотосинтез нəтижесінде түзілген оттегін 
пайдаланады. Түзілген органикалық заттар жануарлардың негізгі 
қорегі болып табылады.
Географиялық қабықта органикалық заттардың түзілуі оның 
ыдырауымен қатар жүреді. Микроорганизмдер жануар мен өсімдік 
қалдықтарын ыдыратып, шіріту арқылы минералды заттарға айнал-
дырады. Бұл процесті жылу тездетеді. Ал түзілген минералды заттар 
топырақтағы сумен бірге өсімдіктердің бойына сіңіріледі. Сонымен, 
жылу жəне ылғалдың, органикалық жəне минералды заттардың 
қатысуымен жүретін биологиялық айналым үздіксіз сипат алады. 
Өзіндік 
жеке 
ерекшеліктеріне 
жəне 
жүру 
сипатына, 
қарқындылығына қарамастан, əрбір айналым тұйық шеңбер жа-
самай, бір-бірімен өзара байланыста болады, яғни географиялық 
қабықтағы біртұтас зат пен энергия алмасуын жүзеге асырады. 
Айналымдардың тұйық болмауының арқасында табиғаттың барлық 
компоненттерінің, тұтастай алғанда географиялық қабықтың үздіксіз 
дамуы мен түрленуі жүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет