35
■
Ақпартты жүйелі талдау;
■
Ақпартты жекелеген объектілерге бағыттау;
■
Объектілерді көрсеткіштері бойынша айқындау.
ГАЖ-ң көмегімен əуе-ғарыш фотосуреттерін пайдалана
отырып,
жедел картографиялау;
қимыл-қозғалыс көмегімен
картографиялық анимация жəне бір үлгі деңгейінде түрліше
ақпарат көмегін пайдалану арқылы
жасалатын виртуалды карто-
графиялау сияқты заманауи картографиялық туындылар жасалы-
нып, қолданысқа енуде. Ғылым мен көпшілік арасындағы байланыс
күшеюде, яғни ғылымның қолданбалы мəні күннен-күнге артуда.
Картографияда кезкелген объекті мен оның сипаттамасын беру-
ге арналған белгілер жүйесінің маңызы өте зор. Карта құрастыруда
кеңінен пайдаланылатын түрлі белгілер жүйесі
шартты белгілер
деп аталады.
Жекелеген картографиялық
белгілер екі маңызды қызмет
атқарады, біріншіден олар кез-келген объектінің түрін анықтап, оның
сапалық жəне сандық қасиетін айқындайды. Екіншіден олардың
кеңістіктегі орнын, қозғалысын, уақыт аралығындағы өзгерісін жəне
басқа құбылыстарын көрсетеді. Картографияда қолданылатын шарт-
ты белгілер – белгілер жүйесін зерттейтін ғылым –
семиотиканың
синтактика, семантика жəне прагматика бөлімдерінің құрамына
кіреді.
Олар бейнелеу тəсілдеріне қарай
масштабтан тыс, сызықтық
жəне
аудандық деп бөлінеді. Масштабтан
тыс белгілерге мас-
штабпен көрсетуге келмейтін объектілер жатады. Олар əртүрлі
геометриялық пішіндермен белгіленеді.
Сызықтық белгілер тек ұзындық көрсеткіші бойынша ғана
масштабқа сəйкес келеді, ал объектінің ені масштабқа енгізілмейді.
Негізінен жолдар, өзендер мен шекаралар белгіленеді.
Аудандық шартты белгілер бояулы түспен немесе аудандық
графикалық белгілермен, штрихпен берілуі мүмкін.
Картографияда кеңінен қолданылатын тəсіл –
кескіндік белгілер
деп аталады. Картада қолданылатын белгілер пішініне қарай:
Достарыңызбен бөлісу: