66
Меркурий – Күнге ең жақын орналасқан, эклиптикалық орбита-
сы ең созылыңқы болып келетін, серіктері жоқ ғаламшар.
Меркурийді ең алғаш жақыннан зерттеген «
Маринер-10»
америкалық ғарыш зонды (1974-1975 ж.), ол ғаламшар жанынан 320
км қашықтықты үш рет ұшып өткен.
Меркурий шағын болғандықтан, оның радиусы Жер радиусынан
2,5 есе кіші, массасы Жер массасының 1/20 бөлігін құрайды. Соған
қарамастан тығыздығы жоғары, Жер тығыздығына жақын – 5,43 г/
см
3
тең болып келеді.
Ғалымдардың пайымдауы бойынша ғаламшардың орталық
бөлігін
ядро алып жатыр, ол Меркурий массасының 62%-ын
құрайды, ал оның сыртында қатты силикатты жыныстардан
құралған, қалыңдығы 600 км жететін
мантия орналасқан.
Ғаламшардың беткі бөлігі күшті тілімденген, сыртқы көрінісі Ай
пейзажына ұқсас болып келеді. Басты
айырмашылығы терең ойы-
стар мен биіктігі 2-4 км жететін тау жоталары, ұзындығы бірнеше
жүздеген км жететін тік беткейлі, кертпеш таулар (экскарп) жəне
кратерсіз терең аңғарлар кездеседі.
Меркурийдегі бірден-бір жазық жер – «
Аптап жазығы» деп
аталады. Ол ғаламшардың 4 млрд
жыл бұрын алып астероидпен
соқтығысуы кезінде шыққан лаваның қатып қалуынан пайда болған
деген жорамал бар.
Меркурийдің Күннен орташа қашықтығы 57 909 176 км. Алайда
ол қашықтық 46,08-68,86 млн км аралығында өзгеріп отырады. Күн
сəулесі түсетін бөлігіндегі беткі температура 325-437
0
С аралығында,
ал түнде ол көрсеткіш – 123
0
С-ден – 185
0
С-ге дейін өзгереді.
Бір метрлік тереңдікте температура +75
0
С деңгейінде тұрақты
сақталады, өйткені грунт жылуды нашар өткізеді. Меркурийдің білігі
оның орбита жазықтығына
перпендикуляр орналасқан, сондықтан
онда маусымдық өзгерістер байқалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: