96
қосылуы; жер сілкінулер нəтижесінде жер қыртысының қозғалысқа
келуі; литосфералық тақталардың қозғалыстары сияқты процестер
географиялық полюстердің ығысуына себепші болуы мүмкін.
Географиялық
полюстерден басқа Жер шарының магниттік
полюстері болады. Жердегі магнит өрісі шамамен 3,5 млрд жыл
бұрын
пайда болған, бұл уақыт аралығында магниттік полюстер
бірнеше рет орын алмастырған. Жердегі магнит өрісі əсерінен
атмосфераның жоғары қабаттарындағы (100 км биікте) сиреген
ауаның жарық шашуы жүреді, мұны
поляр шұғыласы деп атайды.
Бұл ғарыштағы ұсақ бөлшектер мен ауа құрамындағы заттардың
Жердің магнит өрісінде өзара əрекеттесуі нəтижесінде пайда болады.
Бұл заттардың ағыны магниттік
полюстер арасын қамтып, полюс-
тер маңында тұтасады. Олардың
Жер атмосферасы құрамындағы
газдарға шағылысуы нəтижесінде полярлық аудандарда сəулелену
(полярлық шұғыла) пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: